Алматыда STEM саласына арналған лагерь ашылды
Алматыда оқушылар мен студенттерге арналған әуе ғарыштық лагерь ашылды. Лагерь тегін және балалар арнайы сынақтан өтіп, іріктеліп алынады. Қазір 600 баланың ішінен 40 бала орталыққа қабылданған.
USTEM Robotics дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жасөспірімдерді STEM саласымен таныстыруға мүмкіндік береді. Мақсаты да сол – мектепте жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін тәжірибеге ұластыру. Ғарыш лагеріне Гонконг, Италия және АҚШ-тың белгілі университеттерінің студенттері жетекшілік етеді.
«Біздің қазақтың жерінен, алғаш рет адам космосқа ұшқан және алғаш спутник, ракета бәрі біздің Қазақстанның Байқоңыр жерінен ұшқан. Біздің балаларымыз космос тақырыбында авиамодельдеу, зымыран туралы ғылым тақырыбында жұмыс жасамауы, сол тақырыпты оқымауы дүрыс емес деп. Мәселені осы лагерьлер мен курстар арқылы шешіп жатырмыз», – деді «USTEM robotics» қорының басшысы Асылбек Мырзахметов
Abai.kz