Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2706 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 21:14

«Мұз сарайында» өткен мерекелік шара

Облыс құрылғанына 80 жыл толғанын дүркіретіп атап өтті. Оған Қазақстан Республикасының Пре¬мьер-Министрі Серік Ахметов қа¬тыс¬ты. «Мұз сарайындағы» облыс¬тың 80 жылдығына арналған салтанатты шараны «Нұрын шашқан Оңтүстік» деп атапты. Бірінші құт¬тықтау сөзді Премьер-Министр С. Ах¬метовке берді. Үкімет басшысы «Мұз сарайына» жиналған 2,5 мың¬ға жуық адамға Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылды¬ғына орай жолдаған құттықтауын оқып берді.
- Баршаңызды құт қонған қасиетті өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығымен құттықтаймын! Қазақы қалпының қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан оңтүстіктің орны әрқашан ерекше. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби, әулие Арыстанбаб, даналық ілімінің атасы Қожа Ахмет Ясауи сияқ¬¬ты дара перзенттерінен тамыр тарт¬қан аймақтың тарихы өте терең және та¬ғылымды. Бұл өлкенің әр тасы мен әр түп жусаны шежіреден сыр шертеді, - деп басталыпты құттықтау. Жиналған жұртшылық Елбасының құттықтауын ынта-ықыласпен тыңдады. Осы сәттерде Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық алаңда 30 мыңнан астам жастар жиналып, өтіп жатқан мерейтой¬лық шараларға қатысып отырған. Елбасының құттықтауын алаңдағы жастар да сонда орнатылған алып экрандар арқылы көздерімен көріп, мұқият тыңдап отырды.

Облыс құрылғанына 80 жыл толғанын дүркіретіп атап өтті. Оған Қазақстан Республикасының Пре¬мьер-Министрі Серік Ахметов қа¬тыс¬ты. «Мұз сарайындағы» облыс¬тың 80 жылдығына арналған салтанатты шараны «Нұрын шашқан Оңтүстік» деп атапты. Бірінші құт¬тықтау сөзді Премьер-Министр С. Ах¬метовке берді. Үкімет басшысы «Мұз сарайына» жиналған 2,5 мың¬ға жуық адамға Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылды¬ғына орай жолдаған құттықтауын оқып берді.
- Баршаңызды құт қонған қасиетті өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығымен құттықтаймын! Қазақы қалпының қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан оңтүстіктің орны әрқашан ерекше. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби, әулие Арыстанбаб, даналық ілімінің атасы Қожа Ахмет Ясауи сияқ¬¬ты дара перзенттерінен тамыр тарт¬қан аймақтың тарихы өте терең және та¬ғылымды. Бұл өлкенің әр тасы мен әр түп жусаны шежіреден сыр шертеді, - деп басталыпты құттықтау. Жиналған жұртшылық Елбасының құттықтауын ынта-ықыласпен тыңдады. Осы сәттерде Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық алаңда 30 мыңнан астам жастар жиналып, өтіп жатқан мерейтой¬лық шараларға қатысып отырған. Елбасының құттықтауын алаңдағы жастар да сонда орнатылған алып экрандар арқылы көздерімен көріп, мұқият тыңдап отырды.
- Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Сіздер өз татулық¬тарыңыздың, жүкті жұмыла көтеретін бірліктеріңіздің арқасында барлық қиындықтарды еркін еңсеріп келесіздер. Соңғы жылдары облыстағы инфрақұ¬рылымдар дамып, өндірістік ірі жобалар іске асырылуы нәтижесінде әл-ауқаттарыңыз артып, тұрмыстарыңыз жақсара түсті. Адам санының өсімі мен өмірінің ұзақтығы жағынан да Сіздер қоныстанған оңтүстік өлкенің көрсет¬кіштері өте жоғары, - делінген одан әрі құттықтауда.
Елбасының Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арнаған құттықтауы:
- Бүгінде республика халқының 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір - ұлтымыз¬дың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекеттігіміздің мәйегі.
Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің торқалы тойы құтты болсын! Баршаңызға бақ-береке, отбасылары¬ңызға амандық тілеймін, - деп аяқта¬лады Елбасы құттықтауы.
Үкімет басшысы Серік Ахметов одан әрі сөзінде:
- Жеке өзімнің атымнан және Қа¬зақстан Республикасы Үкіметінің атынан баршаңызды облыстың 80 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құт-тықтаймын! Еліміздің өнері мен руханиятын байытып, экономикасын дамытуға бұл өңірдің қосып отырған үлесі мол.
Елбасымыздың салиқалы саясаты¬ның арқасында облыс жылдан-жылға көркейіп келеді. Тек соңғы үш жылда 158 білім беру мекемесі салынды. Жа¬ңадан 133 медицина нысаны ашылды. 170 елді мекенге ауыз су, 79 ауылға газ құбыры тартылды. Төрт мың шақы¬рымға жуық жол жөнделді. Мұндай қолдау, әлеуметтік қамқорлық Елбасы тарапынан, Үкімет тарапынан тұрақты жалғасатын болады. Жарқын істердің, берекелі бастамалардың жаршысы болған Оңтүстік өлкесінің келешегі кемел, болашағы баянды екеніне сенімім зор.
Тойларыңыз тойға ұлассын, ардақты ағайын! - деді.
Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы туралы фильм көрсетілді.
Б. Байтуов және «Тұмар» фольклор¬лық ансамбльдерінің орындауында арнау айтылды. Шебер орындалған хо¬реографиялық қойылым «Мұз сарайына» жиналғандарды бір серпілтіп тас¬¬тағандай болды. «Алашұлы» тобы А. Дүйсеновтің «Отан» әнін орындағанда «уралаған» дауыстар шығып жатты. Белгілі спортшылар М. Әзімбай мен Н. Смановтар «Жігіттер» тобымен бірге шығып, П. Лидің «Оңтүстік жігіттері» әнін шырқағанда жиналған жұртшылық арқаланып кеткендей болды. №65 мектеп-гимназиясының әншілері мен хоры Е. Серікбаевтың «Жаса Қазақ-станын» орындағанда орындарынан тұрып қол соқпаған көрермен қалмады. Облысқа танымал әншілер Д. Мақа¬таева, Ә. Қалаубаева, Л. Қалдыбекова, Ш. Омаровалар халық әндерінен попури орындады. «Дүлдүлім», «Бұлбұл құсым-ай», «Той базар» әндері қандай әдемі еді. Одан соң Ш. Қалдаяқов атын¬дағы облыстық фи-лармонияның ән¬шілері Шәмші аға¬мыздың әндерінен попури орындады. Өнердің құдіретін қойсаңызшы! Вальс¬ке тербетілген жұрт¬шылық «Мұз са¬райының» орындық¬тарында отырып-ақ сахнаға шыққандай болды.
Не керек, «Мұз сарайындағы» ме¬рейтойлық шара шоу түрінде өтті. Ол «Өркендей бер, Оңтүстігім» әнімен аяқталды.
Премьер-Министр Шымкент қала¬сында жақында ашылған Бәйдібек бидің ескерткішіне тағзым жасады. Бұл - астындағы тұғырын қоса есептегенде биіктігі 23 метр келетін алып ескерткіш. Орта Азиядағы ең биік, ең сәулетті ескерткіш, дейді мамандар.
Үкімет басшысы сондай-ақ жақында пайдалануға берілген облыс орталы¬ғындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Өзінің ісін бастағысы келген оңтүстік¬қазақстандықтар осы арада кеңес алады, білмейтінін үйренеді. Кедергілер туындай қалса, одан қалай шығу керектігін де осы орталықтағылар айтады. Кәсіп¬керлер орталыққа келген бойда оған бір менеджер бекітіліп беріледі. Содан қашан жұмысы жолға қойылғанша әлгі менеджер жанында болады. Қаржылай жәрдем керек болған жағдайдың өзінде қай жерден, қандай суммада жеңілде¬тілген несиелер алуға болатыны жайында кеңес береді.
Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Елбасының 2012 жыл¬ғы 22 маусымда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне арналған Кеңесте берген тапсырмасына сәйкес ашылған. Ол кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау мен оқытудың бірыңғай жүйесін қалып¬тастыруды басты мақсат етіп отыр. Орталықтың жұмысы Премьер-Ми¬нистрге ұнады.
Оңтүстік Қазақстан облысында «80 жылдыққа - 80 нысан!» деген ұран тас¬талған болатын. Үкімет басшысы со¬лардың бірлі-жарымымен танысты. Мысалы, Түркістанда мерейтой күндері екі мектеп пайдалануға берілді. Облыс¬та биыл білім беру саласына 140,7 миллиард теңге бөлінді. Жалпы құны 17,7 млрд. теңге келетін 85 нысанның құры¬лысы жүргізілді. Оның ішінде жаңа оқу жылы қарсаңында 20 нысан пайдалануға берілді. 25 нысанның құрылысы жыл¬дың аяғына дейін аяқталмақшы.
Үкімет басшысы Кентау қаласына ат басын бұрды. Биыл «Кентау Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны¬ның қайта құру жұмыстарына 700 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. 5 және 6 қазандықтар жөнделді және жақында сынақтан өткізілді. Қазір Кентаудағы 39 білім беру, 10 медици¬налық нысандарға, 325 көпқабатты үйлерге қысқы маусымда жылу беруге дайын тұр. Премьер-Министр қаланың қысқа дайындығын өз көзімен көріп қайтты. Қазір облыста күн жылы. Жылу енді беріле бастайды.
Биыл «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамында кабель және «шкаф» жинақтау цехтары іске қосылды. 120 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Кәсіпорынның жанынан салалық политехникалық колледж ашылып, жақында жұмыс істей бастады. Үкімет басшысы осы нысандармен танысты.
Мерейтой өткен күні кешке жақын облыс әкімі Шымкент қаласындағы «Екі жұлдыз» мейрамханасында облыстың 80 жылдығына арналған қабылдау жасады. Қабылдауда 400-450 адамдай болды. Кешке «Мұз сарайында» облыстың мерейтойына арналған өнер жұлдыз¬дарының Гала концерті өтті.
Айтпақшы, Оңтүстік Қазақстан об¬лы¬сының 80 жылдығына медаль сияқты төсбелгі шығарылған болатын. Номері бірінші төсбелгімен Елбасымыз Нұр¬сұл¬тан Әбішұлы Назарбаев марапатталды. Облыс халқының ыстық ықы¬ласын Елбасына жеткізу Үкімет басшысынан сұралды. Облыстың 80 жы묬дығына орай өткізілген шараларға ондаған мың адам, ҚР Парламенті Мәжілісінің, Се¬натының бір топ депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.
Облыстың мерейтойы дедік. Жаңа¬дан ашылып жатқан нысандардың көптігі де әсер еткен болуы керек. Жұ¬мы¬сын жаңадан бастаған Премьер-Министр тәу ететін тарихи-танымдық, қасиетті де киелі орындар бар. Не керек, Премьер-Министр Серік Ахметов¬тің алғашқы жұмыс сапары Оңтүстік Қазақстан облысынан басталды.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394