Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4180 0 пікір 27 Қараша, 2012 сағат 09:43

ДІНТАНУШЫЛАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰРЫЛТАЙЫ

Қараша айының 15-ші жұлдызында еліміздің бас қаласы Астана шаһарындағы іргелі  оқу орыны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтанушылардың дәстүрлі құрылтайы - Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумы болып өтті.

2011 жылы аталған университетте өткізілген Бірінші Форум алғаш рет дінтанушылардың басын қосып, дін саласындағы мәселелерді зерттейтін отандық дінтанушылардың ғылыми қауымдастығын біріктіруді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуін терең зерттеуге бағытталған пікір алмасу алаңын қалыптастыруды және мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастардың заңнамалық реттеу жолдарын анықтауды мақсат еткен болатын.

Араға бір жыл салып өткізіліп отырған Форум өлшемімен дін және діни мәселелерге қатысты іс-шараларға қысқаша шолу жасар болсақ, Қазақстан дінтанушыларының Бірінші Форумында тұсауы кесілген Қазақстанның дінтанушылар конгресі жұмыс істей бастағанын айту қажет. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім жетекшілік ететін Конгреске қоғамның діни мүдделерін қорғау мен елдегі діни ахуалға талдау жасау міндеттері жүктелді.

Қараша айының 15-ші жұлдызында еліміздің бас қаласы Астана шаһарындағы іргелі  оқу орыны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтанушылардың дәстүрлі құрылтайы - Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумы болып өтті.

2011 жылы аталған университетте өткізілген Бірінші Форум алғаш рет дінтанушылардың басын қосып, дін саласындағы мәселелерді зерттейтін отандық дінтанушылардың ғылыми қауымдастығын біріктіруді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуін терең зерттеуге бағытталған пікір алмасу алаңын қалыптастыруды және мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастардың заңнамалық реттеу жолдарын анықтауды мақсат еткен болатын.

Араға бір жыл салып өткізіліп отырған Форум өлшемімен дін және діни мәселелерге қатысты іс-шараларға қысқаша шолу жасар болсақ, Қазақстан дінтанушыларының Бірінші Форумында тұсауы кесілген Қазақстанның дінтанушылар конгресі жұмыс істей бастағанын айту қажет. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім жетекшілік ететін Конгреске қоғамның діни мүдделерін қорғау мен елдегі діни ахуалға талдау жасау міндеттері жүктелді.

Елімізде 2011 жылдың 11-ші қазанында бекіген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның қабылданып жұмыс істей бастағанына бір жылдан асты. Қабылданған жаңа Заң бақылаусыз миссионерлік қызмет пен псевдодіни ұйымдардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу сияқты өз мақсаттары мен міндеттеріне сай қызмет етіп, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Аталған заң бойынша, діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу жұмыстары қолға алынып, биыл 25-ші қазанда өз мәресіне жетті. 2011 жылдың 1-ші қаңтарындағы мәлімет бойынша  Қазақстан аумағында қызмет еткен 4551 діни бірлестік, тіркеу нәтижесінде 3088-ге қысқарды. Сонымен қатар, көптеген діни қауымдастықтардың конфессиялық сипаты анықталып, Қазақстан бойынша тіркеуге дейін 47 саналатын конфессия саны 17 болып нақтыланды.

Жалпылай алғанда, жыл басынан беріде талай игі істер атқарылды десек артық емес. Айталық, 2012 жылдың 30-31 мамыры аралығында «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезінің өткені белгілі. Съез жұмысы құрамына әлемнің жетекші конфессияларының өкілдері енген Дін жетекшілері кеңесінің алғашқы отырысымен басталды. Съезде Қазақстан Президенті әлемдік өзара қатынастардың жаңа форматы - «G-GLOBAL» жобасын ұсынды.

Бір жыл аралығында үш зәулім ғибадатхана бой көтерді. Ағымдағы жылы 6-шы шілдеде Астанада Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ашылу салтанаты өтті. 22-ші тамызда  Өскемен қаласында Қазақстан бойынша үлкендігі жағынан үшінші орынды иемденетін мешіт ашылып, мұсылмандар игілігіне ұсынылды. Қарағанды қаласында 9-шы қыркүйектен Орталық Азия көлемінде ең үлкен саналатын католик соборы  жұмыс істей бастады.

Биыл қараша айында Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші Кеңесіндегі төрағалығы аяқталатын болады.

Бір жылдық мерзім Қазақстанның діни ахуалындағы тұрақтығын сақтап, нығайту және мемлекет мәртебесін әлемдік деңгейде асқақтататын іс-шаралармен қатар, елдегі болып өткен келеңсіз уақиғалар мен өзгерістерге де толы болды. XXI ғасырда көптеген елдер бетпе-бет келген лаңкестік пен діни экстремизм сынды бірқатар жаңа қауіп-қатерлер өкінішке қарай,  Қазақстанда да орын алды. Өткен жылы елімізде бірнеше лаңкестік әрекеттердің болып өткені баршамызға аян. Құзыретті органдардың мәліметтері бойынша, бірқатар лаңкестік әрекеттердің артында исламдық радикалдық топтар тұрғанындығы анықталды. Қоғамда діни экстремизм мәселесінің өзектілігі артуда. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы діни ахуал 2011 жылдың соңымен салыстырғанда жақсарған, алайда дағдарыс алдында деп бағаланып отыр.

Жаһандық деңгейдегі діни ахуал да тұрақтылығымен ерекшеленбеді,  Кувейт, Иордания, Оман, Алжир, Катар секілді араб елдерінің жетекшілері бірінен соң бірі жеке реформаларын жүргізген болса, Мысыр, Ливия, Тунисте билік басындағы үкімет құлап, радикалдық исламистердің ұстанымдары күшейгендігі байқалды.

Осы себептерге байланысты үстіміздегі жылдың 15-ші қарашасында өткзілген дінтанушылардың Екінші құрылтайы  уақыт талабына сай діни экстремизмнің алдын-алу тақырыпнамасына арналды.

Екінші форумның негізгі мақсаты - дінтанушылар мен теологтардың отандық ғылыми қауымдастығын экстремизм мен лаңкестікке қарсы тиімді алдын алу шараларын бірлесе отырып дайындауға жұмылдыру, экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу жұмыстарының негізгі факторы ретінде теологиялық және дінтанулық білім берудің сапасын көтерудің жаңашыл жолдарын айқындау, лаңкестік пен экстремистік идеология мен үндеулерге қарсы қағидаттар мен өзге де тұжырымдамалық негіздерді дайындауда ғылыми тәсілдерді қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамдағы әлеуметтік институттардың орнын және атқаратын қызметін анықтау, сонымен бірге радикализм, діни экстремизм идеяларынан сақтандыруда дәстүрлі исламның тарихи маңызын, рөлі мен орнын айқындау саналды.

Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумына белгілі қазақстандық дінтанушы-ғалымдар, теологтармен қатар мемлекеттік орган өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, орта білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» пәнінің ұстаздары, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын жалпы саны 400-ден аса адам қатынасты.

Форум шеңберінде діни бірлестіктер өкілдерінен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Б.Мырзаев, Қазақстандағы Православиелік Шіркеуінің Синод істерін басқарушы Қаскелеңдік Епископ Геннадий, Астана қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух, Қазақстандағы Евангелия-Лютерандық Шіркеуінің басшысы Ю.Новгородов, Қазақстандағы армяндық Апостольдік «Сурб Хач» шіркеуінің басшысы Нерсе Саргсян, Алматы қаласындағы Вон-буддистер діни бірлестігінің басшысы Л.Палагиналар қатысқан баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Қазақстан дінтанушыларының Екінші Форумы тақырыптық бағыттағы 4 секцияға бөлініп жұмыс істеді. «Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігінің кепілі» 1-ші секция жұмысында теологиялық және дінтанулық білім берудің сапасын көтеру, оның аясын кеңіту, жастардың құқықтық діни саладағы  сауаттылығын арттыру мәселелері бағытында өрбісе, «Діни эктремизмнің алдын алудағы қоғамдық институттардың рөлі» атты 2-ші секция отырысында діни экстремизмнің алдын алудағы қоғамдық институттар мен жастар ұйымдарының орны мен маңыздылығы мәселелері талқыланды.

«Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алудағы дәстүрлі исламның рөлі» 3-ші секциясына қатысушылар өз баяндамаларында  Қазақстан үшін дәстүрлі сүнниттік Исламның ханафи мазхабының ұстанымдарын насихаттауда Исламның халықтың тарихи өткен кезеңі мен ұлттық салт-дәстүрлерімен сабақтастық, отансүйгіштік пен ұлттық қауіпсіздік қағидаларына құрмет идеяларын үйлестіре насихаттау маңыздылығына тоқталды.

«Кеңес беру және сауықтыру орталықтарының діни деструктивті ағымдардың қоғамдағы ықпалдарының алдын алудағы рөлі»  4-ші секциясындағы баяндамашылар соңғы уақытта дәстүрлі емес исламдық бағыттағы діни бірлестіктер мен саентологтардың миссионерлік жұмыстарының белсенділігінің артып отырғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, Форумға қатысушылар өздерінің баяндамаларында Қазақстанның конфессияаралық үнқатысу саласындағы жетістіктеріне тоқталды, елдегі бірігу мен тұрақтылыққа ықпалдасатын қазақстандық қоғамның өзара әрекеттестігіне жетудің жаңа тиімді жолдары мен шарттарын қарастыру жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

Форумның Қорытынды Пленарлық отырысында Қазақстан дінтанушылары Екінші Форумының Қарары қабылданды. Форумға қатысушылардың толық қолдауымен Саентологияны діни бірлестік ретінде танылмауы жөніндегі ұсынысты Екінші Форум Қарарына енгізу керек деп шешілді. Сондай-ақ теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен Орталықтар мен діни бірлестік жетекшілері және үкіметтік емес ұйымдар деструктивті ағымдарға қарсы бірігіп жұмыс жасауды ұйғарды.

Форум жұмысын қорытындылай отырып, Дін істері агенттігінің Төрағасы Қ.Лама Шариф Форумға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, елімізге тұрақтылық, халқымызға амандық тілегін білдірді.

Дәстүрге айналған дінтанушылардың келесі құрылтайларында бас қосқанша әзіз еліміз аман, қадірлі жұртымыз тыныш болсын дегіміз келеді!

М.М. Әбішева

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы,

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6001