Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4995 16 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:47

Мұнай экспорты: Қазақстан Ресейді айналып өтпек

Ресей Новороссиийкідегі Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтатқаннан кейін Қазақстан өз мұнайын экспорттау бағыттарын әртараптандыруға ниетті екенін жеткізді. Бүгінгі президент Тоқаевтың басшылығымен өткен Нұр-Сұлтандағы жиында осы мәселе қаралды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды маңызды міндет ретінде атап өтті», - деп жазады Ақорда.

«Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, - деді Президент көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте.

Ресейді айналып өтетін Транскаспий бағыты Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі акваториясы, Әзірбайжан, Грузия, Түркия арқылы өтетін басым бағыт болып табылады.

Ресей оқтын-оқтын жұмысын тоқтатып тастап отырған Каспий консорциумы Қазақстан үшін мұнай экспорттаудың басты маршруты саналады. Еліміздің мұнайының 80% осы бағыт арқылы жөнелтіледі. Бұл құбыр жылына  67 млн тонна мұнай жеткізуге қабілетті. Құбыр жұмысының тіпті бір күндік жұмысының өзі Қазақстан экономикасына орасан соққы деген сөз.

Президент Қазақстанның теңіз арқылы тасымалдау мүмкіндігін әлі толық пайдаланбай отырғанын айтты. Ол үкіметке «Қазақстан порттарын трансформациялап, Каспий теңізінің жетекші хабының біріне айналдыруды» тапсырды.

«Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет екенін айтты. Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау керек. Оның ішінде, Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу мәселесін қолға алу керек.

Сонымен бірге, президент үкіметке Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен автомагистральды бағыттарындағы қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387