Сенбі, 23 Қараша 2024
2127 1 пікір 25 Шілде, 2022 сағат 13:08

Гүлнара Каримова Швейцария сотында жеңді

Швейцарияның Федералды қылмыстық сотының апелляциялық палатасы Гүлнара Каримованың адвокаттарының шағымын жартылай қанағаттандырды. Бұл сот шешімі оған бұғатталған қаражаттың 293 млн франк (303 млн доллар) қайтарылуына себепші болуы мүмкін деп жазады Bloomberg Law.

Швейцария прокуратурасы 2012 жылдан бері Гүлнара Каримоваға қатысты үш мобилді оператордың өзбек нарығына кіру үшін оған пара берді деген қылмыстық істі тергеген. Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы үш телекоммуникациялық компаниядан (МТС, VimpelCom және TeliaSonera) 865 млн АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

2020 жылдың қыркүйек айында Швейцария мен Өзбекстан үкіметі Каримованың бұғатталған ақшасын қайтару жөнінде келісімге келген. 2012 жылы Швейцария бас прокуратурасы Каримованың есеп-шотындағы 800 млн франкті бұғаттаған.

Bloomberg Law басылымының жазуынша, Швейцария сотының алғашқы инстанциясында президенттің қызы заңды түрде мемлекеттік қызметкер мәртебесіне ие болып, Өзбекстанның телекоммуникация нарығына ықпалы үлкен болды делінген. Алайда апелляциялық палата шешіміне сәйкес, "мемлекеттік қызметкердің рөлін бұлай кең интерпретациялау дұрыс емес".

Сонымен бірге тергеу ісі әлі жүріп жатқан кезде, Каримованың банктердегі ақшасын бұғаттау да заң бұзушылық деген шешім шығарған.

Адвокат Грегуар Манжа Twitter парақшасына 293 млн франкті тәркілеу шешімінің күші жойылды деп жазды.

Бұл деген Каримова бұғатталған ақшаның жартысын (303 млн доллар) сақтап қалуы мүмкін.

2020 жылдың наурыз айында Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың шетелге көлеңкелі жолмен шығарған 1,3 млрд долларын қайтаруы үшін Швейцарии, Франции, Ресей, Латвия елдерімен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген.

Гулнара Каримова 2015 жылы бес жылға бостандығы шектелген. Кейін 2019 жылы оны жалпы колонияға ауыстырды. 2020 жылдың наурыз айында мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айыппен оны тағы 13 жыл, 4 айға соттады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371