Cаакашвили саясаттан кетпек
Грузия экс-президентінің адвокаты Валерий Гельбахиани Саакашвили саясаттан кетіп, өзі негізін қалаған "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясынан шығуға ниетті екенін мәлімдеді.
2013 жылы Грузияның экс-президентіне қарсы төрт қылмыстық іс қозғалды. Олардың екеуі бойынша саясаткер сырттай үш және алты жылға бас бостандығынан айырылды.
2007 жылғы 7 қарашадағы оппозиция митингісін тарату, "Имеди" грузин телекомпаниясының кеңсесін талқандау және 9 млн лари (1 млрд теңгеден астам) көлеміндегі мемлекеттік қаражатын талан-таражға түсіру бойынша істер қаралуда.
Өткен жылдың 20 қазанында Саакашвилиге шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды, бұл жағдайда ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Abai.kz