Сенбі, 23 Қараша 2024
Жауап 3663 11 пікір 3 Тамыз, 2022 сағат 13:55

Медведевке жауап: Қазақстанға кіріп көр, көресің!

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораев «Қазақстанды жасанды ел, қазақтар орыстарға қарсы геноцид жасап жатыр» деп айыптаған Ресейдің экс-президенті Медведевке жауап қайтарды.

«Достар, Ресейдің экс-президенті айтып отырған сандыраққа қатысты пікір білдіру өте қиын. Бірақ, бұл өте маңызды белгі. Бұрын марқұм Жириновский сынды түсініксіз депутаттар бізді «русофобтар» деп айыптап келсе, енді Ресейдің экс-президентінің өзі «ВКонтактедегі» ресми парақшасында осындай мәлімдеме жасаса, жағдай мүлде басқаша өрбіді деген сөз. Менің ойымша, біздің Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мына ақымақтың кешірім сұрауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс. «Оны бұғаттады, бұл ол емес» дегендердің бәрі де бос сөз», - дейді Арман Шораев.

Қоғам белсендісі қазақтар орыстарға емес қайта орыстар қазақтарға қарсы 300 жыл бойы жүргізген геноцидке тоқталды.

«Дима, сен «1992 жылдан бастап Қазақстанның солтүстігінде геноцид болды және орыс халқының геноциді жалғасып жатыр» дедің. Қадірлім менің, сен маған қазақтар азаптап өлтірген жазықсыз орыстың кем дегенде бір моласын көрсетші. Геноцид деп жатыр екенсің. Онда сен маған бірнеше молаларды көрсетші. Мен саған анық айта аламын. Кремльдің бірде-бір оңбағаны, бірде-бір насихатшысы бізден мұндай молаларды таба алмайды. Себебі Қазақстанда орыс славян халқына қатысты ешқандай геноцид болған жоқ, болмайды да. Сен өз мақалаңда «Қазақ даласын 300 жыл бойы отарладық» деп жазыпсың. Мен саған керісінше осы 300 жыл ішінде бізде үздіксіз геноцид жүргенін айта аламын. Сендер менің халқымды құртпақ болдыңдар. Миллиондаған адамды өлтірдіңдер. Бірақ біз аман қалдық. Төтеп бердік. Осыдан Қазақстанға бір аяғыңмен кіріп көр, көресің!», - дейді кәсіпкер.

Шораев Медведевке қазақтар мейірімді халық, бірақ ешкімді басына шығармайтынын ескертті.

«Дмитрий қазақтар өте мейірімді, жомарт, жақсы халық. Өз үстеліне кез келген бейтаныс адамды отырғыза алады. Бірақ қазақ ешкімді басына шығармайды. Сондықтан Димон біздің Бас прокуратура саған қатысты қылмыстық іс қозғайды деп үміттенемін. Себебі бұлардың «Кешіріңіздер, бұл парақша бұғатталып қалып еді. Біздің бұлай айтқымыз келмеп еді» деген интригаларын ары қарай кешіре берсек, бұл ешқашан тоқтамайды. Ресейдің есуас экс-президенті Дмитрий Медведевті жазалау керек!», - дейді Арман Шораев.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371