Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2719 5 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 12:25

Тедрос құда: Немерем үшін қазақ тілін үйренемін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом немересімен сөйлесу үшін қазақ тілін үйренетінін айтты.

Бұл туралы ол Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтып қалды.

- Мен осыған дейін Қазақстанда екі рет болдым. 2017 жылы бір рет Алматыға бардым. 2018 жылы дәрігер Төрегелді Шармановпен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференцияда кездестім. 2017-2018 жылдары қазақтармен туыс емес едім. 2017 жылы қазақ отбасына құда болдым. Мен өте қуаныштымын. Бұл елде менің Дәулет Тұрлыханов есімді құдам бар. Ол – белгілі айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның күйеу баласы. Бұл – мен үшін мақтаныш. Жақын арада немерем менімен қазақша сөйлесетін болады. Сондықтан мен немерем үшін қазақ тілін үйренемін, –  деді ол.

Алматыда ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен бірге қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 677
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2671
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1716