Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5980 0 пікір 8 Желтоқсан, 2012 сағат 12:40

Шопен

Польшаның ұлы композиторы, виртуоз-пианист Фредерик Шопен 1810 жылы Варшаваның маңындағы елдiмекенде қарапайым мұғалiм отбасында дүниеге келген. Оның әкесi - француз, ал анасы - поляк қызы. Анасының мiнезi өте жұмсақ болыпты. Дәл осы қасиет Шопенге дариды. Отбасында Фредериктен басқа үш қыз болды. Ең үлкенi, яғни ұлы музыканттың әпкесi Людвиканың ықпалымен ол кiшкентай кезiнен музыкаға жақын болып өстi. 9 жасында фортепьянодан чех музыканты Войцех Живныйдан тәлiм алады. Айтпақшы, В.Живный Шопеннiң жетiншi ұстазы едi. Шопен жетi жасын­­да-ақ фортепьяноға арналған соль минор полонезiн шығарды. Екi жылдан кейiн В.Живный: "Бала фортепьянода ойнаудың қыр-сырын менен артық бiледi..." деп, оны одан әрi үйретудiң қажетi жоқ екенiн айтады. Бұдан кейiн Шопен композицияны поляк композиторы Ю.Эльснерден үйренiп, тәлiм алады. Оны бүкiл елге танытқан полонездерi 1918 жылы тасқа басылып, жарық көредi.

Фредериктiң музыкаға құмарлығын байқаған ата-анасы Варшавадағы музыка мектебiнде кәсiби бiлiм алуына жағдай жасайды. Шопеннiң алғашқы гастрольдiк сапары Парижден басталады. Жұрт қол шапалақтап тұрып алады. Содан соң Мюнхен, Вена, Ан­глия... Оның атағы төрткүл дүниеге белгiлi бола бастайды. Әрине, оның шығармашылығы - Отанының тарихымен, адамдарымен, табиғатымен, салт-дәстүрлерiмен тығыз байланысты. Ұлы композитордың полонездерi мен мазуркалары, сонаттары мен вальстерi мәңгiлiк екенi айдан анық. Оның музыкасының тағы бiр құпиясы, шығармашылығының көркемдiгi мен көп қырлылығында едi. Ол сонысымен де биiкке жеттi. Шопеннiң шығармашылық табысқа жетуiнiң тағы бiр құпиясы - ғашық болған қыз-келiншектерге деген сағынышы, мұңы, сыры күйсандықта күй болып ағылып жатты.

Шопеннiң ең алғашқы бозбалалық махаббаты Констанция Гладковская едi. Ол оған ғашық болғаны соншалық, өзiнiң болашағын Констанциясыз елестете алмайтын. Фредерик үйленуге ақша табу үшiн Парижге аттанады. Бiрақ Констанция оны күтпей, басқа бiреуге күйеуге шығып кетедi. Сүйiктiсiнiң уәдесiн бұзғанына күйiнген Шопен қатты қынжылады. Бiрақ оның күйiнiшi көпке бармайды. Артынан Мария Воджинскаяға ғашық болады. Екi жақтың ата-аналары бұларды атастырып та қояды. Бiрнеше айдан соң Марияның графқа күйеуге шыққанын естидi. Екiншi соққы өлiммен тең едi, ол музыка жазуға отырады. Бұдан соң ол Марияны ұмыту үшiн Францияның атақты жазушысы Жорж Сандпен (Амандина Аврора Люсиль Дюпен) он жыл Майоркада кездесiп тұрады. Жорж Сандқа деген махаббаты оған бақыт емес қайғы-қасiрет әкеледi. Бiрақ сонысына қарамай, ол Майоркада өзiнiң 24 балладасын дүниеге әкелдi. Оның ауруы да Майоркада басталады. "Нәзiк, әлжуаз, қызба, ашушаң адамды қалайша сүюге болады?" Осылай ойлаған Жорж Санд композитормен арасын бұзғысы келедi. Ал Шопеннiң одан айырылғысы келген жоқ.

Екеуiнiң айырылысқанына бiр жыл өткен соң Шопен мен Жорж Санд бiр таныстарының үйiнде кездесiп қалады. Композиторға көрсеткен әдiлетсiздiгiн, қатыгездiгiн есiне алған ол Шопенмен татуласқысы келедi. Композиторға жақындап қолын созады. Шопеннiң сұлу жүзi боп-боз болып, қолын алмай, бiрауыз сөз де айтпай, бөлмеден шығып кетедi.

1848 жылы Шопен Лондонға концерт беруге барады. Бұл оның соңғы сапары едi. Онсыз да аурушаң композитордың денсаулығын Ұлыбританияның ылғалды ауа райы онан әрi төмендетiп жiбердi. Өкпе ауруы қайта қозып, ол керi, Парижге қайтады. Шопен өмiрiнiң қиын-қыстау кезiнде оның төсегiнiң жанынан кетпей, адал күтушiсi Марселина Чарторыжская деген әйел болды. Сол секiлдi Шопеннiң үмiтсiз жағда­йын естiген Ниццарлдан Парижге аттанған Дельфина Потоцкая, Шопеннiң өнерiне бас иген шәкiртi, шотландық әйел Стирлинг ханым да композитордың қасынан табылды. Шопеннiң өлiмiнен соң ол Шопен тұрған екi бөлмедегi жабдықтарды түгел сатып алып, Лондондағы Шопенге арнап ұйымдастырған мұражайға қояды.

Ұлы композитор Парижге келген соң, 1849 жылдың 5-қазанында дүниеден өтедi. Шопен соңғы демi үзiлер сәтте "жүрегiн Варшаваға" жерлеудi аманат етiптi. Шопеннiң жүрегi салынған капсул Крест костелiне қойылып, сол жерге ескерткiш-тақта орнатылды. Осылайша ұлы композитордың жүрегi Варшавада мәңгiге байыз табады.

Дайындаған -

С.Сұлтекеқызы

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373