Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1711 6 пікір 8 Тамыз, 2022 сағат 15:09

Пәтер бағасы шарықтап тұр

Тұрғын үй нарығындағы пәтер бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттаған. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"Бір жыл ішінде, 2022 жылғы шілде айы мен 2021 жылғы шілдені салыстырғанда, қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату құны 19,6 пайызға өсті. 2022 жылдың шілдесінде тұрғын үйді жалдау өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 20,8 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы Ақтөбеде 32,5 пайызға; Нұр-Сұлтанда 27,6 пайызға; Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттаған.

Қайталама нарықтағы пәтер бағасы Қызылордада 44 пайызға; Өскеменде 43,7 пайызға; Талдықорғанда 43,4 пайызға; Нұр-Сұлтанда 41,3 пайызға өскен.

Тұрғын үйді жалға беру бағасын көтеруден көш бастаушы Алматы қаласы екен. Мұнда биыл жалға берілетін пәтерлер 47,2 пайызға қымбаттаған.

Бюро баға индекстерін облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктемелі байқау деректері негізінде жасаған.

 

Abai.kz

6 пікір