Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3252 0 пікір 6 Желтоқсан, 2012 сағат 01:37

Жаңа өндіріске жол ашу – құптарлық іс

Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Өскемендегі «Востокмашзавод» АҚны аралады. Мұнда ол болат вагон құю цехы ретінде жаңғыртылып жатқан бұрынғы шойын құю цехында болып, басқа да жұмыстармен танысты. Өңірді индустрияландыру бағытында іске асып жатқан жобаларға зауыттың негізгі акционері болып саналатын «Қазақстан теміржолы» АҚ қомақты инвестиция құйып отыр.  Осы инвестицияның арқасында мұндағы жұмыс орындары сақталып қана қоймай, 450-ден астам маманға жаңа орын ашылмақ. Зауыттың дағдарыстан ес жиып, аяқтан тұрғанын бас директор Виктор Маточкин баяндап берді.
- 2009 жылы зауыттың шығыны бастан асып, банкроттың алдында тұрған едік. Кредиторлық қарыз 8,5 миллиард теңгеге дейін жеткен. «Қазақстан теміржолы» АҚ зауыттың 95 пайыз акциясын сатып алып, миллиардтап құйған инвестициясының арқасында жағдай түзелді. Бұл жаңғыртылған цех іске қосылған кезде негізгі акционеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдегі болат вагон құятын жалғыз кәсіпорын болмақпыз. Соның арқасында жұмысшылардың тұрмысын түзеп, келер жылға қарай зауыттағы орташа еңбекақы деңгейін 95 мың теңгеге дейін көтеруді көздеп отырмыз, - деді В.Маточкин.
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ зауыт өкілдерінен кәсіпорынның өнім көлемі мен келешектегі жоспарлары жөнінде сұрап, өз бағасын берді.

Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Өскемендегі «Востокмашзавод» АҚны аралады. Мұнда ол болат вагон құю цехы ретінде жаңғыртылып жатқан бұрынғы шойын құю цехында болып, басқа да жұмыстармен танысты. Өңірді индустрияландыру бағытында іске асып жатқан жобаларға зауыттың негізгі акционері болып саналатын «Қазақстан теміржолы» АҚ қомақты инвестиция құйып отыр.  Осы инвестицияның арқасында мұндағы жұмыс орындары сақталып қана қоймай, 450-ден астам маманға жаңа орын ашылмақ. Зауыттың дағдарыстан ес жиып, аяқтан тұрғанын бас директор Виктор Маточкин баяндап берді.
- 2009 жылы зауыттың шығыны бастан асып, банкроттың алдында тұрған едік. Кредиторлық қарыз 8,5 миллиард теңгеге дейін жеткен. «Қазақстан теміржолы» АҚ зауыттың 95 пайыз акциясын сатып алып, миллиардтап құйған инвестициясының арқасында жағдай түзелді. Бұл жаңғыртылған цех іске қосылған кезде негізгі акционеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдегі болат вагон құятын жалғыз кәсіпорын болмақпыз. Соның арқасында жұмысшылардың тұрмысын түзеп, келер жылға қарай зауыттағы орташа еңбекақы деңгейін 95 мың теңгеге дейін көтеруді көздеп отырмыз, - деді В.Маточкин.
Қырымбек КӨШЕРБАЕВ зауыт өкілдерінен кәсіпорынның өнім көлемі мен келешектегі жоспарлары жөнінде сұрап, өз бағасын берді.
- Қарызы бастан асып, банкротқа қарай құлдырап бара жатқан кәсіпорынды сақтап қана қоймай, ондағы жұмыс орындарын жоғалтпай, жаңа өндіріске жол ашу - құптарлық іс. Осы істер саналы түрде жалғасын тапса, жаңа өндіріс те, өнім де, тұтыну нарығы да болады. Жылына шамамен 4000 вагон шығару арқылы  бүкіл Қазақстанның қажеттілігін өтеп, тиісті тетіктерді сырттан әкелу мәжбүрлігінен құтыламыз. Өндіріс көлемін арттыра түсуді де ойластырып, көрші елдерге сату жағын да қарастыру қажет, - деді ол.
Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ зауыттың жұмысын жандандырудың нәтижесінде  мұндағы шығарылатын өнім көлемі 16 есеге, еңбек өнімділігі алты есеге артатынын жеткізді.
- Бұл атқарылған істер жұмысшылардың келешекке деген үмітін арттырды. Бүгінгі жоба осында іске асатын соңғы жоба емес деген үміт бар. «Қазақстан теміржолына» келешекте басқа да бөлшектер қажет болары сөзсіз. Өңірдің әлеуеті өте зор. Индустрияландыру картасы бойынша көптеген жобалар жүзеге асып, үдемелі индустриялық-инновациялық  дамыту бағдарламасына енгізілген жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшылықты қолға алып отырмыз, - деді аймақ басшысы.
Қытай және неміс станоктарының көмегімен болат вагон құятын №10 цехтан кейін, мәртебелі меймандар №6 вакуумдық қондырғылар өндіретін цехтың жағдайымен танысты.
Шығыс Қазақстандағы сапарының бірінші күнін Қырымбек КӨШЕРБАЕВ облыс активімен өткен алқалы жиында қорытындылады.
- Елбасының Үкіметке және әкімдерге қысқа дайындық, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелерін, жыл қорытындысы бойынша 2012 жылды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша нәтижелі аяқтауды қатаң бақылауға алуды тапсырғанын білесіздер. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында үкіметтік жедел топтар құрылып, өңірлердің жағдайын көздерімен көріп, қалыптасқан мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесе шешудің жолдарын қарастыруда, - деп Қырымбек КӨШЕРБАЕВ бұл сапарының мәнісін түсіндірді.
Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін баяндап, үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін мәселелерді  алға тартты.
- Біздің алдымыздағы негізгі міндет экономиканың даму қарқынын былтырғы жылғы деңгейден төмендетпеу екені белгілі. Бұл көрсеткіш бойынша тоғыз айдың қорытындысы былтырғы және республикалық ортақ көрсеткіштен жоғары.  Барлық төлемдер бойынша ешқандай қарыз жоқ, -  деген  өңір басшысы  тоғыз айдағы макроэкономикалық өсім былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артқанын, индустриялдық-инновациялық бағдарлама жемісті жүзеге асып, 39 жоба мақұлданғанын жеткізді. Оның ішінде 21 жоба жүзеге асып үлгерсе, биыл құны 40 миллиард теңгені құрайтын жеті жоба қолға алынғанын мәлімдеді.
Өңір экономикасына Израиль, Ресей, Қытай елдерінен инвестициялар тартылып отырғаны, Сауд Арабиясынан әлеуметтік жобаларға қаржы құйылғаны да айтылды. Ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуда ілгері басушылық бар екенін нақты сандармен дәлелдеген облыс басшысы «Бизнестің жол картасы», «Жол картасы» бағдарламаларының жүйелі жүзеге асуы нәтижесінде жыл сайын нәтиженің жақсарып отырғанын, бюджеттің кірісі асыра орындалса, қаржы игеру деңгейі 92 пайыздан астам екенін баяндады.
Халықты баспанамен қамту шаралары қарқынды жүріп жатқанын айтқан өңір басшысы 19 көпқабатты, 20 екі пәтерлі үй салынып жатқанына тоқталды.
Әртүрлі бағыттағы бағдарламалардың облыста орындалу барысына қысқаша талдау жасай келе өңір басшысы, әсіресе, тірек ауылдары мен шағын шаһарларды дамытуға арналған, халықты жұмыспен қамтуға бағытталған, елдің дамуын айқындайтын әлеуметтік маңызы басым бағдарламалардың аяғына дейін жетуі қадағаланса деген пікір айтты.  Сондай-ақ ол Қырымбек КӨШЕРБАЕВ пен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің алдына өңірде үкіметтік деңгейде шешілуі тиіс бірқатар мәселе қойды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешені, тұрғын үй құрылысы, экологиялық қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен энергетика, жолдар мен көпірлердің ескіруі, табиғи және техногендік түйткілдер, әлеуметтік нысандарды жаңалау сынды ауқымды шаруалардың Үкіметтің араласуын талап етіп отырған тұстарын тізіп шықты.
Аймақта «Жайлау» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру үшін  «Ертіс» ӘКК» ҰК негізгі капиталын ұлғайту, су шаруашылық нысандарды қайта жарақтау мәселелері Үкіметтің қолдауымен шешімін тауып жатса, мал басы артып, игерілер жердің көлемі артпақ. Баспана кезегінің 15 мың адамнан артуы, ¤скеменнің өнеркәсіптік аймақтарында тұратын халықты санитарлық қорғалған бөлігіне көшіру сынды шаруалар да республикадан бөлінер бюджетке тәуелді. Аймақтық өндірістік-экологиялық мониторингті автоматты өлшеу желісін кеңейту, радиоактивті ластану ошақтарын қатерсіздендіру,  қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын құру өңірдің экологиялық жағдайын тұрақтандыруға сеп болмақ. Жерасты суларын барлау ісінің жеткіліксіз қаржыландыруы да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының бас ауруына айналып отыр. Ал ¤скемен қаласының Аблакетка ауданындағы жылу қазандықтарының желісін кеңейту, Ертістің ластануы, су жеткізу және су шығару құбырларының 85 пайызының, жылу желілерінің 70-90 пайызының тозуы,  осыған байланысты апаттардың жиілеуі, 11 шағын СЭС тұрғызу, тұрғын үй  коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына республика қоржынынан қаражат бөлу мәселелері Үкіметтен қолдау табуы жылдар бойы қордаланған түйткілдердің түйінін тарқатуы тиіс. ¤скемен-Зырян-Катонқарағай-Рахман қайнарлары бағытындағы жолды талапқа сай ету, облыс орталығындағы көпірлердің апаттық жағдайы, Үржар, Зайсан аудандарының Алматы бағытындағы әуе бағыттарын республика бюджетінен субсидиялау, Семейдегі әуежайды халықаралық талапқа сәйкестендіру қажеттігі де айтылды. Аймақтағы апаттық жағдайда болған 56 мектептің 300 орыннан жоғары сыйымдылықтағы жетеуі республика бюджетінің есебінен жаңалауды талап етуде. Өскемен қаласында 300 орындық көпсалалы аурухана мен 500 орындық туберкулезге қарсы облыстық диспансер салу,  Семейде көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы, облыстық аурухананың хирургиялық корпусын салу жобалары мақұлданса, онкологиялық және туберкулез аурулары мен бала өлімі азаяр еді.  Бұл айтылған мәселелерді шешу мүмкіндіктері жөнінде тиісті минстрліктердің өкілдері  түсінік берді.
Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы  істері жөніндегі  агентті өкілінің мәліметін тыңдай келе Қырымбек К¤ШЕРБАЕВ  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жұмыстары облыста жолға қойылғанын атап, нәтижелі жұмыс жасауға талпынған өңірлердің ұсыныстарын жерге тастамау керектігін ескертті.
Экономикалық даму және сауда министрлігіне қарасты Өңірлік даму комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин шағын шаһарларды дамыту бағытында облысқа бөлінген және алдағы жылдарда қарастырылған қаржының көлемі жөнінде баяндаса, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Бауыржан Әбдішев қоршаған ортаның ластануын қадағалау шараларын күшейту бағытында министрліктің облысқа көрсеткен көмегін тізбеледі. Қырымбек КӨШЕРБАЕВ Шығыс Қазақстанның экологиялық жағдайына бейқам қарауға болмайтынын, сондықтан жергілікті билік тарапынан түскен ұсыныстарды мейлінше қолдау керектігін баса айтты.
Көлік және коммуникациялар министрлігінің өкілі  Бақты, Майқапшағай бағытындағы жолдарды жөндеуге қаржы бөлінгенін, ал Рахман қайнарына апарар жолды туристік кластерді дамыту бағдарламасы аясында қалпына келтіруді ұсынды. Ал Семей әуежайын талапқа сай ету мәселесіндегі ұсыныстарды министрлік қолдап отырғанын, болашақта бұл бағыттағы жұмыстар кешенді түрде атқарылатынына сендірді. Қырымбек КӨШЕРБАЕВ облыс Әкімінің өңірде көлік логистикасының орталығын ашу туралы ұсынысын құптап, оның келешегіне үлкен сенім білдірді. Денсаулық сақтау, Білім, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері де өз салалары бойынша облыстағы жағдайға баға беріп, алдағы уақытта бірлесе атқарылар шаруаларға тоқталды.
Жиынды қорытындылаған Қырымбек КӨШЕРБАЕВ әлеуметтік-экономикалық дамудағы өңірлердің үлесі, әлеуметтің тұрмысын түзеу, өңірлерді гүлдендіру  жөнінде Елбасының берген тапсырмаларын еске салды.
- Ел Президенті Шығыс Қазақстанның дамуына айрықша мән беріп отыр. Дағдарыстың тағы бір толқыны келе жатқаны бәрімізге аян. Бұл осындағы ірі кәсіпорындардың да жұмысына әсер етуі мүмкін. Бүгінгі көтерілген мәселелер, қабылданған шешімдер сол қиындықтардың алдын алуға септігін тигізеді деген үміт бар. Шағын шаһарларды дамыту, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу сынды әлеуметтік маңызға ие шаруаларға баса назар аудару қажет. Тек жобаларды ұсынып қана қоймай, оның тиісті құжаттарын кешіктірмей дайындауға тырысу керек. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген қаржыны игеруге қатысты жұмыстарды ширату қажет. Әлеуметтік нысандардың құрылысын мерзімінде аяқтау, оның сапасын қадағалау істеріне орталық мемлекеттік органдар да мән беруі тиіс, - Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек КӨШЕРБАЕВ.

Өз тілшіміз

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371