Самат Өтемұратов. «Диполоммен ауылға» бағдарламасының қисынсыз жайлары қашан дұрысталады?
Біздің елдегі бағдарлама біткеннің барлығы қисынсыз қисық жолдармен жүзеге асырылатыны көпшіліктің басын қатырады да отырады. Келеңсіз жайдың барлығы, сол жоғарыда отырған көкелеріміздің, елдегі жайдан мүлде алшақ екендігінен туындап отыр.
Екінші қисынсыз жай, ол заң біткеннің барлығы Ережеге бағынатындығы. Оған қоса, сол заңымызбен заңды бағынышты етіп отырған Ережеге, түпкілікті атқарушының бірнеше жікке бөлініп, қосалқы орындаушылардың қолдан тағы да өз талабын қосып, ұшы қиыры жоқ шабысқа әкеп соқтыруы, мүлде адам басына сыйымсыз болып отыр.
Біріншіден, елге келген мамандардың негізі әлеуметтік салаларға келіп орналасып жатыр. Оған аудандардағы экономика бөлімінің қандай қатысы бар? Білім, денсаулық, мәдениет саласына келген мамандардың тұрмысы, жұмысы мен болмысы, тіпті тіршілігі аталған экономика бөлімімен мүлде ұштаспайды. Алынған несие шарттарының орындалуы да экономика бөлімінің бақылауында. Оған сала басшыларының мүлде басы ауырмайды. Тіпті қайтарылмай жатса да, түкіргені бар.

Міне, осы қисық көзқарастың кесірінен, салаларды басқарып отырған басшылар мен сол салаларға келген мамандардың арасында ешбір жауапкершілік жоқ. Сол себепті сала басшылары ойларына келгенін жасап жатыр. Жұмыстан шығарып жіберсе де өз еріктері. Ал экономика бөліміне бұл салалар, құзіреті жағынан тіпті бағынышты емес. Ал аудан әкімшіліктері елге келген маманмен келісім шартқа отырғанда, тек маманның ғана жауапкершілігі басымдық алады. Бұл жайларды қалай түсінуге болады? Маман аудан әкімдігіне немесе экономика бөліміне жұмыс жасауға келіп жатқан жоқ қой. Сала қайда? Салаға келген бала қайда? Ол кімнің босағасын тоздырып жүр? Сала мен салаға келген маманның арасындағы жауапкершілік қайда?
Ауылға келген мамандардың көпшілігі көп ұзамай кетіп жатыр. Яғни ізінше, алған көтерме ақылары және үй сатып алуға алған несиелерін кері қайтаруда.
Үй алмақ болған мамандар, «ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-ның облыстағы филиалдарына, қайта-қайта шапқылаудан шаршаған соң, өтініштері мен құжаттарын кері қайтарып алып жатқаны, оның орнына құжат тапсырғандар да сол шапқылау әуресіне түсуде. Себебі, үйді бағалау, жерді бағалау облыс орталықтарында жүргізіліп, қосымша шығындар мен моралдық шаршауға шалдыққан мамандардың көпшілігін, бос әурешілік тіпті налуға әкеп соқтыруда.
Жоғарыда аталған қисықты дұрыстауға көңіл салмаса, біз қайдан салиқалы ойлауға қабілеті бар ел боламыз? Бағдарлама біткеннің барлығы дерлік, бас ауыртатын дүрлікпе.
Сондықтан, бағдарламаға қосалқы орындаушы органдарды қосу, не ашуды тоқтатып, жопсарлы түрде, әр сала өз жұмысын өзгеге арқалатпай, өздері неге атқармасқа?
«Abai.kz»