Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3042 0 пікір 10 Желтоқсан, 2012 сағат 10:20

16-ншы желтоқсан: үрей буған Үкімет...

Бұл сурет желтоқсанның 6- күні Астанадағы Үкімет үйінің жанынан түсірілді.

Үкімет үйінің маңдайшасында қазақ және орыс тілдерінде «Жаңа жылдарыңызбен!» деп жазылған. Дәл осындай жазу Үкімет үйіне қарама-қарсы орналасқан Парламент ғимаратының маңдайшасында да жарқырап тұр. Ал, 16 ЖЕЛТОҚСАН -  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ! Үкімет басшысы, «халық қалаулылары» «демократиялық» жолмен сайланған түрлі партия өкілдері үшін ең ұлы мереке  Тәуелсіздік күнінен Жаңа жыл қымбат екені тағы да айқын болды.

Бұл аз десеңіз, Ақорданың алдында Жаңа жылдық шырша тұр. Жарқырап, жайнап! Сонда Тәуелсіздік мерекесі қайда қалды, мәртебелі мырзалар! Тәуелсіздікті менсінбейміз десеңіздер, оны ашық мәлімдеңіздер! Ол үшін Сіздерді ешкім жазаға тартпайды.

Сіздерден өтініш: Тәуелсіздік мерекесін тым құрығанда, Тұңғыш Президент күні дәрежесінде бүкіл республика аумағын қамтитын іс-шаралармен атап өтіңіздерші! Бұл тілек - Тәуеілсіздіктің тілегі! Сіздерге Ел басқартқан, Үкімет басшысы еткен, Парламенттің төріне жайғастырған Тәуелсіздік екенін бір сәт еске алыңыздар!

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371