Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1142 0 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 10:16

Ауылдың әл-ауқатын көтеру – "Ауыл аманатының" басты миссиясы

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2300-ден астам ауыл және ауылдық округ әкімдері халықтың экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған біліктілікті жетілдіру курстарын сәтті тәмамдады. Оқыту курстары «Аманат» партиясының Саяси менеджмент академиясы қызметі мен ҚР Үкіметінің бірлескен жобасы аясында іске асырылып жатыр. Бүгін білім беру бағдарламасының қорытындысы шығып, арнайы курсқа қатысқан азаматтар ауыл экономикасын дамыту бағыттарын игеріп, маркетингтік талдау жасауды үйренген.

«Аманат» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басшыларды даярлау сапасын жақсартуды, жүйелі, толыққанды дайындық бағдарламаларына көшуді, сондай-ақ жергілікті жерлерде партия активін оқыту үшін көшпелі тренингтер өткізуді тапсырған болатын. Сондықтан, Саяси менеджмент академиясы партиялық оқыту жүйесінде жаңа әрі сапалы тәсілді іске асырды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңаруды ескере отырып, депутаттарға, әкімдер мен партия белсенділеріне арналған заманауи оқыту бағдарламалары әзірленді. Биыл 13 маусым мен 20 шілде аралығында “Аманат” партиясының Саяси менеджмент академиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл әкімдерінің біліктілігін жетілдіру мақсатында еліміздің барлық 17 өңірінде ауыл және ауылдық округ әкімдерін кешенді оқытудан өткізді», – деді Академия директоры міндетін атқарушы Сәуле Бақтымбет.

«Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының табысын арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауыл тұрғындарын агробизнеске тартуға, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді бір жақты етуге, ауылдардың экономикалық және мамандануын анықтауға арналған «Аманат» партиясының қолға алған жобасы. Бұл істі сәтті атқарып шығу үшін партия жанынан арнайы жобалық кеңсе іске қосылған.

«Жаңа әдістеме әрбір елді мекеннің географиялық ерекшелігі, жер, су, еңбек, қаржылық, өзге де ресурстар бойынша сандық көрсеткішерін жинауға бағытталады. Осылайша, әрбір ауылдың экономикалық мамандану бағытын анықтауға, атап айтқанда қай өңірде қандай ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге немесе өндірістің түрлерін ашуға болатынын көрсетеді. Ауылдық жерлерді аралау жалпы 7,7 миллион тұрғынды қамтитын 2400 ауылдық округте жүргізіледі, - деді “Аманат” партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев

Жобаның басты шарты ол – халыққа 2,5% мөлшерлемеде несие беру арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті және қызмет көрсететін сервистік-дайындау кооперативін құру болып саналады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтардағы Мәжіліс отырысында 2025 жылға дейін халық табысын арттыру керек деп Үкіметке тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және 2025 жылға дейін халық табысын арттыру мәселелесін шешуді қолға алған Аманат партиясы «Ауыл аманаты» жобасын ұйымдастырды.

Жоба аясында іске асырылылып, сәтті аяқталған ауыл әкімдері мен өңірлік партия өкілдерінің экономикалық біліктілігін жетілдіру курсы туралы ұйымдастырушылар былай дейді: Ауыл, ауылдық округ әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын қосқанда барлығы 2346 адам оқытылды. Олардың 89%-ы ер адамдар болса, 8%-ы, яғни 192 адам – әйел-әкімдер. Курс «Табысты көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында басшының біліктілігін жетілдіру» тақырыбында көшпелі 3 күндік семинар форматында ұйымдастырылды. Спикер ретінде тиісті сертификаты бар 30 тренер, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласындағы сарапшылар шақырылды. Олар жалпы саны 80 семинар өткізді.

«Ұлы Дала» ауыл бизнесін дамыту қауымдастығы» ҚБ президенті Ақмарал Бекмұрзаева елімізде азық-түлік тауарлары өндірісінің 70%-ы жеке қосалқы шаруашылықтардың жиынтық үлесіне тиесілі екенін айтады.

«Осы дәйектер елдің экономикалық климатын қалыптастыратын ауылдар мен ауылдық округтерді дамыту қаншалықты маңызды екенінің дәлелі бола алады. Біз курсқа қатысушыларды сауатты бизнес-жоспарын әзірлеуге, жобаны қаржыландыру көзін іздеуге үйретуге тырыстық. Кооператив құру мен өнім өткізу тізбегін қалыптастыру жөнінде тренингтер ұйымдастырылды. Технологиялық карталар ұсынысы қатаң сақталған жағдайда ғана өнімді өндіріске қол жеткізуге болады. Тұрғындардың табысын арттыруды талап етіп қана қоймай, оны қалай іске асыруға болатынын көрсету маңызды», – дейді Ақмарал Бекмұрзаева.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылған курсқа қатысушы Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округінің әкімі Асқар Махфуз бағдарламадан өзіне қажетті білім алғанын айтады.

«Дәріскерлер маркетингтің заманауи құралдарының негіздерін, болашағы бар бизнес-жобаларды анықтау әдістерін нақты мысалдармен түсіндірді. Теориядан бөлек, жем-шөп дайындау, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, ірімшік жасау және тағы басқа өзекті бағыттар мысалында бизнес-жоспарлар жасадық. Жұмыс дәптерінде жобалардың нақты есебі жасалды. Сондықтан, алған біліміміз тұрғындар табысын арттыруға, тұрақты жұмыс орындарын құруға көмектеседі деп сенемін», – деді Асқар Махфуз.

Елдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасының негізгі міндеттерінің бірі – орау, температуралық сақтау сияқты қажетті пункттерді енгізе отырып, «егістіктен сөреге дейін» қағидаты бойынша өткізу тізбектерінің жаппай желісін қалыптастыру қажет екенін атады.

«Осы жұмыстардың барлығын жүйелі ұйымдастыру үшін еліміздегі барлық салалық бағдарламаны біріктіре отырып, кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың бірыңғай ұлттық бағдарламасын қабылдау керек. Бұл алгоритмде кәсібін ашқан азаматтарға салықтық жеңілдіктер беру, бизнесті ғылыммен байланыстыру, кәсіпкерлікті қаржыландыруды қайта қарау секілді маңызды мәселелер көрсетіледі», - деді Елдар Жұмағазиев.

Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Аманат партиясы өкілдері 179 аудандағы 394 ауылға баруды көздеп отыр. Осылайша, 250 мыңнан астам қазақстандық жобамен танысатын болады. «Ауыл аманатының» алғашқы тобы жұмысын 28 шілдеде Маңғыстау облысынан бастамақ. Әрі қалай жұмыс тобы Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарына барады. Қалған өңірлерде жұмыс кестеге сәйкес жалғасады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313