Жаңаөзен қаласының атауы жақын арада өзгермейді
«Жаңаөзен қаласының атауы жақын арада өзгермейді», - деп мәлімдеді қала әкімі Серікбай Тұрымов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Шаһар басшысы 16-желтоқсанда, яғни Тәуелсіздік күні қалаға Бекет атаның аты беріледі деген әңгімені жоққа шығарды.
«Бұл болашақтың ісі болар, халық тарабынан қолдау тауып жатса, қалалық, республикалық деңгейде ономастикалық комиссия қарайды. Үкіметтен кейін барып, Президент жарлық шығару керек. Осындай заңдылықтары бар. Желтоқсанның 16-сында қала аты ауысады деген бекер әңгіме. Осы уақытқа дейін ұсынысты барлығы бірдей қолдамағаннан кейін қала атын өзгерту туралы мәселені әлі де саралау керек деп есептейміз», - деді қала әкімі Серікбай Тұрымов.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Жаңаөзен қаласына Бекет ата есімін беру бастамасы көтерілген болатын. Бұл өзгеріс шаһардың жан-жақты дамуына, ұрпақ тәрбиесіне септігін тигізеді деген мақсатта жасалған-ды. Бірақ, бастама қала және облыс тұрғындарының барлығынан бірдей қолдау таппады. Әулие атаның есімі бір ғана Маңғыстауға емес, әлемге мәшһүр екені алға тартылып, қаладан гөрі оқу-ағарту орындарына берілгені жөн деген ой-пікірлер айтылды.
«Abai.kz»