Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3851 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 13:51

Бақша өнімдері бағымызды ашады

Дария деңгейінің соңғы жылдары төмендеуі Сырдағы негізгі дақыл саналатын күріш егісінің көлемін шектеуге алып келді. Осыған байланысты  облыс тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суды аз қажет ететін картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егудің маңыздылығы артты. Бұл жөнінде облыс әкімі Болатбек Қуандықов ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндеттер жүктеген болатын. Облыс басшысының тапсырмалары қазіргідей қаржылық дағдарыс жағдайында айрықша мәнге ие болып отыр.
Ақиқатын айтар болсақ, Қызылорда облысының климаттық жағдайы және табиғи-ресурстық әлеуеті көкөніс, бақша дақылдарын өсіруге қолайлы әрі жеткілікті. Дегенмен, қолда бар мүмкіндіктер толығымен пайдаланылмай келеді. Картоп көлемі 2000 жылы 6420 гектар болса, он жылға жақын уақыт ішінде небары 1400 гектарға ғана ұлғайған. Көкөніс пен бақша өнімдері де осы деңгейден аспапты. Облыста картоп, көкөніс және бақша өнімдерін өндіретін ірі шаруашылықтар жоқ. Осыған байланысты бұл дақылдарды өсіруде интенсивтік технологиялар пайдаланылмайды.
Ал биылғы жағдайға келер болсақ, облыс бойынша 7023 гектар картоп, 5581 гектар көкөніс және 7160 гектарға бақша өнімдерін орналастыру межеленген. Картоп пен көкөніс көлемі қоса есептегенде өткен жылмен салыстырғанда 900 гектардайға артса, бақша егісі 158 гектарға кеміген.

Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының жылдық қажеттігіне 64,2 мың тонна картоп, 51,3 мың тонна көкөніс және 15,9 мың тонна бақша өнімдері қажет. Осыған орай жыл санап осы дақылдарды егу мен өндіру жолға қойылып келеді. Бұл жерде біздің қазіргі егіп отырған егініміз қажеттілігімізді өтей ала ма деген заңды сұрақ туады.
Деректерге жүгінсек, бүгінгі егіс пен онан алынған өнім көлемі облыс халқын тұтастай қамтамасыз етуге жеткілікті. Тіпті артылғанын сыртқа шығаруға мүмкіндігіміз бар. Алайда, дихан қауымды алаңдататыны,  өндірілген өнімді сақтап, сату жайы болып отыр. Бұл мақсатта облыс орталығынан 20 мың тоннаға дейін ауыл шаруашылығы өнімін сақтайтын қойма салу үшін жер де белгіленді. Енді инвестор болса,  бұл шаруаның да шешімі табылғалы тұр.
Тағы бір ескерер жайт, үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен елді-мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 413,9 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүруде.  Сонымен бірге биыл картоптың 1 гектарына 2,5 мың теңге, ал көкөніс, бақша дақылдарының әр гектарына 9  мың теңгеден субсидия төленеді. Демек, бұл дақылдарды өндіруге толық мүмкіндік жасалып отыр. Оның үстіне бүгінгідей қаржылық дағдарысының қыспағы жауапкершілікті арттыруы тиіс.
Биыл облыс   көлемінде картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егумен 36 мың адам айналысады. Оның дені шығысымызда орналасқан Жаңақорған, Шиелі аудандарының еншісіне тиеді. Екі ауданның да көкөніс, картоп, бақша дақылдарын егуге жері құнарлы болып келеді. Бірақ су тапшылығы дихан қауымының құлашын жаздырмай отыр. Дегенмен, қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, егіс көлемін әлде де біршама ұлғайтуға болатынын мамандар жоққа шығармайды. Өткен жылы жаңақорғандықтар 2281 гектарға осы дақыл түрлерін ексе, биыл оған бар болғаны 769 гектар егін қосылмақшы. Ширек ғасырдан бері аудандағы егіс көлемі осы шамадан аспай келеді. Кедергілер қатарында өнімді сақтау мен сату мәселесі алға тартылса, көрші орналасқан оңтүстіктегілердің  өнімінің арзан болуы да дихан қауымның кежегесін кері тартып отырғанға ұқсайды. Мұның сыртында қаншама жергілікті тұрғындардың еңбекпен қамтылуы да қалыс қалып жатады.
Шиелі ауданында да 4 мың гектар шамасында егу межеленген. Бұл былтырғы егіс көлемінен көп емес. Әлі де егін салуға  уақыт барын ескерсек, көп дүниені ұқсатуға болады. Бір басы ашық дүние, өнген өнім жерде қалып көрген емес. Оның үстіне бұл бағыттағы жұмыстарда қозғау да, қолдау да бар. Көктемнің бір күнін жылға азық санайтын дихан мұны жақсы біледі.

Елубай ӘУЕЗОВ,
"Сыр бойы".
Қызылорда қаласы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527