Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2909 3 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 13:52

"Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілді"

17 тамыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевты Президенттің кеңесшісі қызметінен босатқан болатын.  Бір күннен кейін  Нурсултанский соловей» телеграм арнасы «Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілгенін» мәлімдеді.

«ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімовке қатысты жүргізілген тергеудің нәтижесі бойынша ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа «Қаңтар бүлігіне» қатысты айып тағу мәселесі шешіліп жатыр», делінген жазбада.

Сондай-ақ, телеграм арна қаңтар оқиғасы кезінде Мәсімовтің Тұрғымбаевты әрекетсіздікке итермелегенін, «Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист» туралы президентке Тұрғымбаевтың айтқанын, оны Мәсімовтің растағанын жазған.

Бұдан бөлек, Мәсімов пен Тұрғымбаев Елордаға шабуыл жасалуы мүмкін екенін жеткізіп, мемлекет басшысын Ақордадан кетіп қалуға үгіттеген көрінеді.

Тоқаев Қаңтар бүлігіне қатысты кезекті бір сұхбатында өзін «кейбір азаматтардың самолетпен немесе вертолетпен Ақордадан кетіп қалуға үгіттегенін» айтқаны рас. Бірақ бұлардың арасында Тұрғымбаев болды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

 

Abai.kz

3 пікір