Бейсенбі, 10 Қазан 2024
2446 12 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 14:03

БАҚ: "Ресейдің келесі нысанасы – Қазақстан"

«Ресейліктер Қазақстанға қаңтардағы халық көтерілісін басуға көмектескенін ұмытқан жоқ. Олар Қазақстан билігіне наразы»,-деп жазды америкалық  “The Jamestown Foundation” басылымы.

Басылымның жазуынша, Нұр-Сұлтанның мұнай мен газ экспорты бойынша Ресейді басып озу жоспары, Мәскеудің Украинадағы саясатын қолдағысы келмеуі және соңғы кездері қазақстандық компаниялардың Украинаға қару-жарақ жеткізіп жатқаны туралы хабарларға Кремль қатты ашуланды.

2 тамызда Ресейдің бұрынғы президенті және қазіргі Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің жазбасында Қазақстанның солтүстік бөлігі «тарихи түрде» Ресейдің бір бөлігі болғанын айтқан кезде, екі ел арасындағы қарым-қатынас ең төменгі деңгейге түскен еді.

Посттың өзі көп ұзамай өшірілді, тіпті хакерлік шабуыл жасалды деп мойындалмады.

Дегенмен, ресейлік комментаторлардың көпшілігі қазір жойылған жазба Кремльдегі көптеген адамдардың пікірін білдіретінін мойындады, тіпті Медведевтің өзі де жоққа шығарған жоқ.

Кремль сарапшылары Қазақстан Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы жеңісінен кейін келесі нысанасы болуы мүмкін деп болжайды.

 

Abai.kz

12 пікір