Жұма, 20 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2332 2 пікір 23 Тамыз, 2022 сағат 13:54

Қазақстандағы еңбек нарығы қалай өзгерді?

Бастықтың орнына мобильді қосымша. Қазақстандағы еңбек нарығы қалай өзгерді?

Машкеевич, Миттал мен ТШО дәуірі артта қалды. Енді Александр Аникин мен ол басқаратын Яндекс.Go Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушіге айналмақ.

Егер Яндекс.Go қазақстандық заказ орындаушыларын (таксистер мен курьерлер) тікелей келісім-шартқа отырғызса, онда бірден еліміздегі нөмірі бірінші жұмыс беруші атанатын болады. Себебі - қазір Яндекс системасында Қазақстанда 150 мың адам жұмыс істейді.

Бұған дейін 65 мың адамы бар ERG елдегі ең ірі жұмыс беруші болып саналып келді. Одан кейін ТШО (40 мың жұмысшы), үшінші орынды 37 мың қызметкері бар "АрселорМиттал Теміртау" жауып отырды.

Осы үшеуінің Қазақстандағы барлық жұмысшыларын қоссақ, бір Яндекске жетпейді. Бірақ Яндекс платформасына тіркелгендер "қызметкер" статусына ие емес, сондықтан олар әлеуметтік қорғауға алынбаған. Қазір Цифрлік даму министрлігі арқылы Қазақстан осы адамдарды жұмысшы ретінде тану бойынша Яндекспен келіссөз жүргізе бастады.

Егер ол сәтті аяқталса:
1) Әлеуметтік қамту жүйесі үлкен өзгеріске ұшырайды;
2) зейнетақы жүйесі бірден ұлғаяды;
3) өзін-өзі қамтығандар санаты қысқарып, нақты жұмысшылар саны артады.

Яндекстің бұған қалай жауап берері әзірге белгісіз. Егер тараптар келісе алмай жатса, онда Яндекс комиссиясы есебінен Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына ақша аударып отыруға болады. Бір сөзбен, Яндекс 20 пайыз комиссия алса, соның 15 пайызы Яндекске, 5 пайызы мемлекетке кететіндей жасауға да болар еді.

Айбар Олжаев

Abai.kz

2 пікір