Сенбі, 23 Қараша 2024
2066 2 пікір 23 Тамыз, 2022 сағат 13:58

АҚШ өз азаматтарына: "Украинадан тез кетіңдер"

АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалықтарды Украина аумағынан шұғыл түрде кетуге шақырды. Департаменттің мәліметінше, әскери қимылдар күшейе түсуі мүмкін. Бұл туралы Киевтегі Америка елшілігінің сайтындағы хабарламада айтылған.

«Мемлекеттік департаментте Ресейдің жақын күндері Украинадағы азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға соққы беру әрекеттерін күшейтетіні туралы ақпарат бар», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, онда бейбіт тұрғындар оқ жаудырған жағдайда қалай әрекет етуі керек деген нұсқаулық бойынша ұсыныстар бар. Дипломатиялық миссия Украинадағы қауіпсіздік жағдайы өте тұрақсыз екенін және жағдай ескертусіз нашарлауы мүмкін екенін айтты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394