Соғыс Қырымда басталды, Қырымда аяқталады!
Кеше Украинада «Қырым платформасы 2022» деген атпен халықаралық форум өтті. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл форум шын мәнінде ғаламдық сипатқа ие болды. Украина Сыртқы істер министрі Димтрий Кулебаның айтуынша, «Қырым платформасына» 60 шақты мемлекеттің өкілі қатысқан. Олардың 40-қа жуығы президент немесе премьер-министр лауазымындағы тұлғалар болған.
Аталған форумдағы талқыланған басты тақырып – Ресей агрессиясы, Кремльдің, Кремль қожайыны Путиннің Украинаға қарсы ашық соғыс бастауы.
Біз аталған форумға қатысқан әлем лилдерлерінің маңызды деген мәлімдемелеріне бір шолу жасағанды жөн санадық. Сонымен:
Владимир Зеленский, Украина президенті:
«Украина Ресейді тыныштандыру үшін майдан шебін тоқтатуға келіспейді. Біз қай тәсілді жөн деп тапсақ, сол тәсілмен Қырымды қайтарамыз және ол үшін басқа елдермен келеспейміз», - деді.
Анжей Дуда, Польша президенті:
«Гданскі - Польшаның, Цицца - Францияның, Келн - Германияның, Роттердам - Нидерландының ажырамас бөлігі секілді, Қырым да Украинаның ажырамас бөлігі болып қалады! Қырым әрқашан Украинаның жері болған. Солай болып қалады да!
Ресей Украинаға соғыс ашып, қалаларын оккупациялап, халықаралық деңгейде мойындалған территорияларын тартып алып жатқанда Ресейдің бизнесін емін-еркін жүргізуіне жол жоқ! Сондықтан, «Солтүстік ағын 2» жобасын тоқтату керек», - деді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
«Түркия әуел бастан Қырым аннекциясының заңсыз екенін мәлімдеген. Түркия Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындамайды. Бұл моралдық жағынан да, құқықтық жағынан да дұрыс позиция. Қырым Украинаға қайтарылуы тиіс! Бұл халықаралық құқықтық тәртіптің талабы», - деді.
Шарл Мишел, Еуропалық кеңес президенті:
«Қырым – бұл Украина! Бітті. Мен дәл осыны баршыларыңызға ашық айтқым келеді. ЕО Қырым аннекциясын мойындамайды. Ресей агрессиясы биыл 24 ақпанда басталған жоқ. Ол 2014 жылы Қырымның заңсыз аннекциялануынан кейін басталды», - деді.
Олаф Шолц, Германия канцлері:
«Халықаралық қауымдастық ұзық жылдарға созылатын Украинаны қалпына келтіруі ісіне белсенді араласуы керек. Атқарылар жұмыстың ауқымы зор екенін ескеретін болсақ, біз бұл іске дереу кірісіп кетуіміз керек. Мен G7 төрағасы ретінде Еуропалық комиссиямен бірлесе отырып, биыл қазанда Берлинде сарапшылардың конференциясын өткіземін», - деді.
Марио Драги, Италия премьер-министрі:
«Қырым үшін соғыс – бүтін Украинаның Ресей басқыншылығынан азат етілуінің маңызды бөлігі саналады», - деді.
Борис Жонсон, Ұлыбританияның қазіргі премьері:
«Путиндік режимнің басқыншылығына қарсы күресте біз Украинаға әрі қарай да әскери көмек көрсетуді үзіліссіз жалғастыруымыз керек. Тек қана әскери көмек емес, гуманитарляқ, саяси және экономикалық көмек керек. Бұл көмек Ресей Украинаға қарсы соғысты толық доғарғанға дейін тоқтамауы керек. Ұлыбритания Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындамайды. Тек Қырымды ғана емес, Ресей ауыз салған Украинаның өзге де аймақтарын мойындамайды», - деді.
Эммануел Макрон, Франция президенті:
«Ресей Украинаға қарсы ашқан соғысты тоқтатып, әскерін алып шығуы керек. Бұл басты талап. Батыс бұл соғысты тоқтату үшін барлық саяси платформаларды пайдалануы тиіс. Бұл мемлекеттеріміздің болшағы үшін маңызды», - деді.
Алар Карис, Эстония президенті:
«Біз Ресейдің агрессиясы мен соғысын айыптаймыз! Қырымның Ресейге қосылуын да, басқа территориялардың псевдо-референдумдарын мойындамаймыз! Украинаның барлық территориялары қайтарылуы тиіс! Соғыс Қырымнан басталды. Қырымда аяқталады!», - деді.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
«Ресей оккупациялап алған Қырымнан осы жарты жылдың ішінде 750 зымыран атылды. Ресей басқыншылығы Қырымды тартып алудан басталды. Қырымның байырғы халқы – Қырым татарларына қарсы террордан басталды. Діни сенімдеріне байланысты репрессиялық қудалау жүргізуден басталды. Бұл Қырым мұсылмандарына қарсы жиырма бірінші ғасырдағы ең ауқымды репрессия болды. «Қырым – бұл Украина» деген кез келген адам Қырымнан қуылды. Адам өлімі, азаптаулар мен мородерлік әрекеттер Қырымда әлі жалғасып жатыр. Бұл бассыздықтар Қырым аннекцияланған алғашқы апталарда басталған.
Біз бүікіл Украина территорияларын басқыншылардан азат етуіміз керек. Соғыс Қырымнан басталды, Қырымда аяқталады», - деді.
Мұстафа Жемилев, Қырым татарларының лидері:
«Қырымды бейбіт жолмен қайтару мүмкін болмай тұрғанын бүкіл әлем көріп отыр. Әрине, агрессор жеңіліс табады. Бірақ, ол үшін Украина армиясына қолдау керек. Қажетті мөлшерде қару-жарақ керек. Өкінішке орай, бұл соғыс ұзаққа созылады және адам шығыны да аз болмайын деп тұр», - деді.
Канада мен Германия Украинағы әскери көмек пакетін жариялады. Германияның әскери көмек пакеті 500 млн еуроны құрайды. Ал АҚШ бүгін Украинаға жалпы сомасы 3 млрд долларды құрайтын әскер көмек пакетін жариялап жатыр.
Айтпақшы, «Қырым платформасы» өтіп жатқан осы күні хакерлер Ресейдің мемлекеттік телеарналарына шабуыл жасап, президент Зеленскийдің баяндамасын қойдыы. Шабуыл жасалған арналардың қатарында «Первый Канал России», «НТВ», «Россия 24», «Россия культура» т.б. арналар болған.
Дайындаған Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz