Сенбі, 23 Қараша 2024
1689 0 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 15:51

Қырғызстан: Беларусь Бакиевті бермей отыр

Қырғызстан Бас прокуратурасы Беларусьты басты құзырлы органынан Әскери соттың экс-президент Құрманбек Бакиевке шығарған үкімін мойындауын және орындауын сұрады.

Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы орган Беларусь билігіне бұрынғы президентті қылмыстық жауапқа тартуын сұрап төрт мәрте өтініш жолдаған. Алайда беларусь жағы Бакиевті ұстап беруден бас тартып отыр. Минск оны "саяси себеппен қудалады" деп есептейді.

Беларусь республикасының Жоғарғы соты арызды орындаудан бас тартты. Сот оны саяси себеппен қудалап жатыр деп есептейді", - делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының жауабында.

Биыл шілдеде Құрманбек Бакиев "Жаны Ордо" газетіне берген сұқбатында қылмыстық істерге қатысты сауалдарға онлайн форматта жауап беруге дайын екенін мәлімдеген. "Бакиевтер халық алдында таза болуы үшін бәріне де әзірмін", деген экс-президент.

Құрманбек Бакиев билікке 2005 жылы наурыз революциясы нәтижесінде келіп, 2010 жылғы сәуір оқиғасы кезінде биліктен айрылды. Бакиев жүйесіне қарсы акция барысында 90 адам қаза болды. Экс-президент отбасымен бірге елден қашып, Беларусьты паналады.

Қырғызстанда Құрманбек Бакиев 30 жылға сырттай сотталды, інісі Жаныш Бакиев өмірлік түрме жазасына кесілді, ұлы Марат 30 жылға бас бостандығынан айрылды. Экс-президенттің кенже ұлы Максим Бакиев те сырттай өмірлік түрме жазасына кесілді.

2021 жылғы сәуірде бас прокурор Құрманқұл Зулушев Бакиевтерді Қырғызстанға экстрадициялауға талпынып жатқанын хабарлады. Бірақ Беларусь билігі бұрынғы президент пен оның туыстарын ұстап беруден бас тартып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371