Жұмыстың сапасы жақсара түседі
Бүгінгі күні көптеген шетел және отандық азаматтардың ойынша, Қазақстан - қазынасы көмірсутектерді сыртқа сату есебінен қалыптасатын шикізаттық мемлекеттей көрінеді. Іс жүзінде солай ма? Өзінің сауда жолдарының тоғыспасында ыңғайлы географиялық орналасуына орай, біздің еліміз өз қазынасының айтарлықтай бөлігін кедендік алым-салықтардың есебінен толтырады. Біз Аспанасты елінен Ресейге және одан әрі Еуропа мемлекеттеріне тасымалданып жатқан тауарлардың транзиті есебінен валюта түрінде қыруар ақша тауып жатырмыз. Біздің еліміз арқылы өтетін сол тауарлардың үлкен бөлігі «Достық» кедені арқылы өтеді. Осыған орай аталмыш кеден басшысы Нұрлан ӘЗІМБАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік. - Нұрлан Құмарұлы, Сіз бұл қызметке жақында ғана келгеніңізді білеміз. Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы әсерлеріңіз қандай? Сіз үшін не өзгерді?
- 7 қараша күні «Достық» кеденінің бастығы болып тағайындалғаным туралы бұйрық шықты. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мырза ұжымға мені тікелей өзі таныстырды. Шынымды айтсам, бірінші рет осындай үлкен кеденді басқаруға келдім. Бұған дейін кеден бекеттерін, департамент бөлімін басқардым.
Бүгінгі күні көптеген шетел және отандық азаматтардың ойынша, Қазақстан - қазынасы көмірсутектерді сыртқа сату есебінен қалыптасатын шикізаттық мемлекеттей көрінеді. Іс жүзінде солай ма? Өзінің сауда жолдарының тоғыспасында ыңғайлы географиялық орналасуына орай, біздің еліміз өз қазынасының айтарлықтай бөлігін кедендік алым-салықтардың есебінен толтырады. Біз Аспанасты елінен Ресейге және одан әрі Еуропа мемлекеттеріне тасымалданып жатқан тауарлардың транзиті есебінен валюта түрінде қыруар ақша тауып жатырмыз. Біздің еліміз арқылы өтетін сол тауарлардың үлкен бөлігі «Достық» кедені арқылы өтеді. Осыған орай аталмыш кеден басшысы Нұрлан ӘЗІМБАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік. - Нұрлан Құмарұлы, Сіз бұл қызметке жақында ғана келгеніңізді білеміз. Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы әсерлеріңіз қандай? Сіз үшін не өзгерді?
- 7 қараша күні «Достық» кеденінің бастығы болып тағайындалғаным туралы бұйрық шықты. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мырза ұжымға мені тікелей өзі таныстырды. Шынымды айтсам, бірінші рет осындай үлкен кеденді басқаруға келдім. Бұған дейін кеден бекеттерін, департамент бөлімін басқардым.
«Достық» туралы не айтуға болады? Мен бірінші рет теміржол тасымалы сияқты ерекшелікпен ұшырасып тұрмын. «Достық» кеденіне екі кеден бекеті кіреді. Ол - автокөлік және теміржол өткелдері. Кеден ұйымдарында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатсам да, мен үшін бұл мүлдем жаңа. Теміржолдағы кеден бекеті арқылы Орталық Азия елдері, Кедендік одақ және әрі қарай Еуропаға тасымалданатын жүктердің негізгі бөлігі өтеді. Сол себепті де бұл өте жауапты жұмыс, мен іс жүзінде оған өзімнің бүкіл уақытымды бөлемін.
- Бүгінгі күні БАҚ-та «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жобасы туралы көп айтылып жатыр. Бұл жобаның «Достықтағы» нақты көрінісі қандай?
- Жоба әлдеқашан жұмыс істей бастады. Биылғы жылы бірнеше теміржол құрамалары ұйымдастырылды. Осындай әрбір құрама бар-жоғы біржарым сағаттың ішінде бізде рәсімдеуден өтті. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Өздеріңіз білесіздер, еуропалықтар дәлдік пен ұқыптылықты сүйетін тақуа халық. Олар үшін жүктердің шекарада тоқтап қалмауы - өте маңызды. Сондықтан да біз бұған ерекше көңіл бөлеміз.
- Оның үстіне жүктерді теміржол арқылы тасымалдаудың жылдамдығы су жолымен тасымалдауға салыстырғанда бәсекеге қабілетті болуы керек дейсіз ғой?
- Міндетті түрде. Тағы бір нәрсені атап айтар едім. «Трансконтейнер» атты ірі ресейлік компания бар. Дәл бір ай бұрын сол компанияның өкілдері келіп, біздің кеденнің инфрақұрылымымен танысып кетті. Келешекте олар Манжур бағытын біздің «Достық» кедені арқылы өткізбекші. Сол кезде бүгін Қиыр Шығыс арқылы өтіп тұрған жүктің бәрі біз арқылы өтеді. Бұған «Достықтың» ыңғайлы географиялық орналасуы және «Қазақстан Теміржолының» өткізу мүмкіндігі де өз септігін тигізбек.
- Жүктерді Қиыр Шығыс арқылы Орталық Ресей мен Еуропаға жеткізу - Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын жүктерге салыстырғанда едеуір ұзақ емес пе?
- Иә, біріншіден, жол тым ұзақ, екіншіден, Қиыр Шығыс жолының өткізу мүмкіндігі қазақстандық жолмен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
- Ал Кедендік одақ жағдайында Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара ықпалдастық қалай жүзеге асырылып жатыр? Мемлекетаралық қатынастар үлгісінің өзгеруі қай бағытқа әсер етті?
- Қытайдың кеден құрылымдарымен бізде ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Олармен біз өзара тығыз байланыс орнатқанбыз. Біздің жанымыздан мұнай құбырының тармағы өтеді, «Достықта» Аспанасты елінің газ экспорттайтын компаниясы жұмыс бастамақшы. Бұлардан басқа, біз өзара салыстыра тексеру үшін Қытай кеденшілерімен жиі кездесіп тұрамыз. Бұл өте маңызды, өйткені Кедендік одақ елдеріне Қытайдан өте көп тауар тасымалданады. Біз Қытай тарапымен тауарларды саны, салмағы және сапасы бойынша салыстыра тексереміз. Қазіргі кезде біздің кеден 99 пайызға Аспанасты елінен Кедендік одақ және Еуропа елдеріне жіберілетін жүктер бойынша жұмыс істеп тұр.
- Кедендік одақ тақырыбы айтылып жатқан соң, біздің еліміз оған мүше болғалы қазақстандық кеденшілердің жұмысында қандай өзгеріс барын да білгіміз келеді.
- Кеден нығайып келеді. Ол енді тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Кедендік одақтың да шекарасы. Біздің иығымызға үлкен жауапкершілік жүгі түсіп тұр. Бұрын біздің Кедендік кодексте болмаған жаңа талаптар пайда болды.
- «Достық» кеденінің аумағында вагоннан-вагонға жүк тиеп, түсірумен айналысатын «КеденТрансСервис» мердігерлік кәсіпорны жұмыс істейді. Жақын уақытқа дейін осы мекеменің жұмысына көптеген сын айтылып келді. Вагондағы жүктер негізінен қолмен түсірілді. Қоймалардағы ауа алмастырылмады. Жұмысшылар жалақыларының аздығына шағымданды. Қазір жағдай қалай, бірдеңе өзгерді ме?
- Дәл бір ай бұрын «КеденТрансСервис» бас директорымен кездесу кезінде бұл мәселе талқыланды. Негізгі мәселе - доңғалақтарының арасы тар Қытай вагондарында келетін жүктер қазақстандық вагондарға тиелетін ангарларда болып тұр. Олардың іші тым суық. Қазір сол жерде жұмыс істеп тұрған техникалар да талапқа жауап бермейді. Сол себепті де бұл мәселелер бүгін де өзекті болып тұр. Біздің талабымызбен бұл жүктерді тиеп-түсіру бекеттері қазір тиісті түрге келді. Одан басқа, бекеттерде бейнебақылау орнатылып жатыр. Осылай түйткілді мәселелер бірте-бірте шешіліп жатыр. «КеденТрансСервис» - жекеменшік мердігер мекеме. Дегенмен біз де бұл мәселеге байсалды қараймыз.
- «Достық» кедені арқылы Қытайдан қанша жүк өтеді?
- Тек өткен жылы ғана бұл кеден арқылы 17,5 миллион тонна жүк өткен. Бір жыл ішінде 140 мыңнан аса кедендік декларация рәсімделген.
- Бәсекелестіктен қорықпайсыздар ма? Қазір «Қорғаста» «Алтынкөл» стансасы салынып жатыр, әлдеқашан теміржол желілері тартылды. Дәл сол тұстан келешекте «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» заманауи тас жолы да өтеді. Ал «Қорғастан» Ресейге шығатын жол айтарлықтай жақын.
- Жоқ, бізде ешқандай қауіптену болмайды. Егер, бізге уәде бергеніндей, «Алтынкөл» 25 желтоқсан күні ашылатын болса, керісінше, біз «Достықта» жүк ағыны азаяды деп күтудеміз. Себебі қазір бұл ағын өте үлкен. Кей кездері тіпті бізде вагондар мен платформалар жетпей жатады. Сондықтан қайта бұл бағыттың ашылуымен біздің жұмысымыздың сапасы тек жақсара түседі деп үміттенеміз.
- Кеден туралы әңгіме болғанда контрабанда мәселесін шетте қалдыруға болмайды. Мемлекеттік шекара болған жерде заңсыз тауар тасымалдаушылар да болады. Осы ұнамсыз құбылыспен күрес қалай жүріп жатыр?
- Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде біз 38 қылмыстық іс қозғадық. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Төлеубекұлы Есенбаевтың өзі маған тікелей контрабандаға қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Біз бұл тапсырманы орындап жатырмыз. Тек өткен айдың өзінде біз Қылмыстық кодекстің 209-бабы екінші бөлігімен бес қылмыстық іс қозғадық. Анықталған контрабанданың көлемі 58 миллион теңгеден асады. Ал жыл көлемінде 1 миллиард 200 миллион теңгенің контрабандасын анықтадық.
- Соңғы кездегі ең атышулы істі айта аласыз ба?
- Ол Қазақстаннан Қытайға экспортқа шығарылып бара жатқан ондатр терілеріне қатысты болды. Кеден өткелінде күмәнді жүк тиелген машинаны тоқтату бойынша жоспарлы шара өткізілді. Тексеру жүргізіп, артық жүк бар екенін анықтадық. Заңды бұзғандар декларацияда 3 мың ондатр терісі бар деп көрсеткен, іс жүзінде ол 23 мың данаға жуықтады. Сөйтіп, 17 миллион теңгенің контрабандасы тәркіленді. Бірақ заңды бұзғандар, жай ғана декларация толтыру кезінде қателестік дегенді айтады...
Сұхбаттасқан
Махамбет ТАЛАПБАЙҰЛЫ
http://www.aikyn.kz