Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2927 7 пікір 7 Қыркүйек, 2022 сағат 15:58

Қошанов: Біз Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамыз

Amanat партиясы алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады, деп хабарлады Мәжіліс Спикері және партия Төрағасы Ерлан Қошанов.

"Мен сіздерге осы сайлауға және келесі сайлауға өз кандидатурамды ұсынбайтынымды ресми түрде мәлімдеймін. Бірақ мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың лайықты кандидатурасын қолдаймын", - деді Ерлан Қошанов Мәжіліс кулуарында.

Мемлекет басшысы Amanat-тан шықты, бірақ бұл партияны сайлауға өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігінен айырмайды, деп түсіндірді Мәжіліс Спикері.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.

"Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Сондай-ақ, ол Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.

"Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады. Бұл бастаманың негізі қандай? Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан президент мандатын бір мерзіммен шектеу мемлекет басшысының, жалпы ұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді", – деді Тоқаев.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420