Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3031 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 13:54

Сырдың қыздары чемпиондыққа қол созды

Қызылорданың “Сейхун-ҚАМ-ҚМУ” командасы өз тарихында төртінші мәрте чемпиондық атаққа қол созды. Биылғы жылы бұл жетістікті екі тур бұрын еншісіне байлап қойды. Қызылорда қаласында өткізілген бесiншi турдың алдында қызылордалық клубтың бас бапкері Вячеслав Кимді әңгімеге тартқан едік.
– Вячеслав Чан-Себович, қоржынға түскен алтын жүлде құтты болсын. Әуелгі сауалым – команданың биылғы жылы барлық ойында жоғары деңгейде шеберлік танытуының себебі қандай дегенге саяды.
– Шәкірттерімнің шеберлігіне өзім де ризалық кейіптемін. Рас, еліміздің бүгінгі күнге дейінгі барлық біріншілігінде біздің қыздар екінші орыннан төмен түсіп көрген емес. Бұл біздің деңгейіміздің қандай екенін дәлелдейді. Иә, одан бері талай буын алмасты. Алайда, біз туымызды төмен түсіріп көрген жоқпыз. Шәкірттерім алдыңғы буыннан өнеге алды. Соларға қарап шеберлігін шыңдады. Осының арқасында үнемі үздіктер көшінде келеміз.
Биылғы жылы команда ойыншылары жоғары деңгейде шеберлік танытты деп айта аламын. Оның себебі де жоқ емес. Қазір команданың негізгі ойыншылары бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді. Ол ойыншылардың өзара түсіністігіне оң әсерін тигізеді. Байқасаңыз, біздің командада негізінен жергілікті жастар ойнайды. Барлығы дерлік жиырмадан енді асқан жастар. Бұл – команданың болашағы зор екенінің айқын дәлелі.

– Команданың сәтті ойын өрнегін танытуға қандай жағдайлар себепші болды?
– Біз жергілікті басшылық тарапынан әрдайым қолдау көріп келеміз. Бұл бізге жігер қоса түседі. Облыс басшысы Болатбек Қуандықов жақында бізді арнайы қабылдап, өз ризашылығын жеткізді. Жүздесу барысында командаға қаржылай қолдау жалғаса беретінін жеткізді. Біз де өз тарапымыздан Болатбек Баянұлына алғысымызды білдіргіміз келеді. Аймақтың сан алуан проблемасын шешу бағытында жұмыс атқарып жүрген басшының уақыт тауып, бізді қабылдап шынайы ықыласын білдіргені қанаттандырды. Сонымен қатар, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаевқа да ризашылығымыз шексіз.
– Біріншілікте қай командамен ойын сіздің шәкірттеріңізге ауыр соқты деп ойлайсыз?
– Әрбір кездесудің маңызы зор. Ойынның аты – ойын. Ойламаған жерден сүрініп кетуің ғажап емес. Біз әрбір ойынға жан-жақты әзірлік жасадық. Бұл еңбегіміз ақталды. Ешқайсысында қарсыластың ығына жығыла қоймадық. Әрине, кейбір ойындарда қарсыластар тегеурінді қимыл көрсетті. Шәкірттерім оған абыржыған жоқ. Қайта одан сайын жігерлене түсті. Нәтижесі белгілі. Барлығында жеңіске жеттік.
Біздің негізгі қарсыласымыз – “Алматы” командасы болды. Оңтүстік астананың клубы бұрынғы “Отан-Дәулеттің” ізбасары. Бас бапкері – Лев Яниев. Жанкүйерлер бұл маманның Қазақстанның қыздар құрамасының бас бапкері екенін жақсы біледі. Алматылық командада негізінен ұлттық құраманың мүшелері ойнайтыны тағы бар. Айналып келгенде, олар біздің қыздардың басты бәсекелесі. Біз біріншілікте “Алматымен” төрт мәрте кездестік. Барлық ойында небәрі бір-екі доп айырмасымен ғана жеңіске жеттік. Бұл екі команданың тартысты ойынын айғақтайды. Үшінші турдағы кездесуді айрықша атап кеткеніміз артық емес. Өйткені, менің шәкірттерім кездесу барысында бес доп айырмасына дейін жеңіліп жатты. Алайда, соңғы минөттерде белсенді қимылдай білді. Мәселен, қызылордалық қыздар небәрі екі минөтте үш доп соқты. Жеңіс добы ойынның бітуіне бар-жоғы 10 секунд қалғанда қақпаға енді. Бұл кездесу бізді чемпиондыққа бір табан жақындата түсті.
Төрт турдан кейін турнир кестесінде біз 40 ұпаймен көш бастап тұрмыз. Бізден кейінгі “Алматыда” бар-жоғы 30 ұпай бар.  Біз соңғы екі турда бұрынғы деңгейде шеберлік танытуға тырысамыз. Алматылықтар біздің қуып жете алмайды деп ойлаймын.
–    Қай шәкіртіңіздің ойын өрнегін айрықша атар едіңіз?
–       Гандбол – командалық ойын. Бір адам түк те бітіре алмайды. Ойыншылар арасында өзара түсіністік керек. Әрине, командада көшбасшы спортшылар болуы мүмкін. Олар өз әріптестерін жеңіске жетуге жұмылдыра біледі. Ольга Егунова көп жылдан бері командада ойнап келеді. Тәжірибесі мол спортшы. Рута Пожемите де негізгі кездесулерде жақсы жағынан көзге түсіп жүр. Сонымен қатар, Гүлзира Ысқақова, Гауһар Қарамергенова, Елена Голованова, Жанат Әйтенова. Евгения Николаева сынды шәкірттерімді де айрықша атаймын.  
– Әрбір бапкердің өз құпиясы болады. Әйтсе де, сіз өз шәкірттеріңізге тәлім бергенде қандай жайларға көңіл бөлетініңізді білгіміз келеді.
– Оның оншалықты құпиясы жоқ. Спортшылардың бабына көбірек маңыз беремін. Сондықтан әрдайым олардың босаңсымай, бабында болуына көңіл бөлемін. Олай болмаса, еңбегіңнің барлығы далаға кеткенмен бірдей. Сонымен қатар, шеберлігін жетілдіруге тырысамын. Спортшы үнемі ізденіс үстінде болғаны дұрыс. Ол тоқырап қалмауға негіз қалайды.
Біз әрбір кездесуден кейін кеткен қателігімізді ой елегінен өткіземіз. Оны  қалай жіберіп алдық? Енді қалай қайталамауға болады? Осының барлығын таразылаймыз. Бұл – біздің бұрыннан қалыптасқан дағдымыз.
– Биылғы біріншілікте “Алматы” бізден талай мәрте сүрінді. Аталған команданың бас бапкері Л. Яниев ұлттық құраманың да тізгінін ұстап келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Білікті маман біздің қыздардың ойын өрнегін қалай бағалайды?
– Жаңа сөз арасында айттым, “Алматы” ұлттық құраманың базалық клубы саналады. Онда құрамада ойнайтын бірнеше спортшы бар. Бұл алматылық әріптесімнің бірнеше жылғы еңбегінің жемісі деп бағалаймын. Ол біздің қыздардың шеберілігін жоғары санайды. Әсіресе, биылғы жылы менің шәкірттерім өздерін жаңа қырынан танытты деп ойлаймын. Олардың қабілет-қарымы құраманың бас бапкерінің назарынан тыс қалған жоқ.
Құраманың алдында да үлкен міндеттер тұр. Үстіміздегі жылдың желтоқсанында Қытайда гандболдан әлем біріншілігі өтеді. Келер жылы Азия біріншілігі жалауын көтереді. Аталған жарыстардың алдында құрамаға жаңадан ойыншылар қосу басты талаптың бірі. Л. Яниев біздің бірнеше ойыншымызды құрама сапына шақыруды көздеп отыр. Одан әрі Лондон Олимпиадасы келеді. Қазіргі құрамада ойнайтын спортшылардың ол кезде жасы да ұлғайып қалады. Қысқасы, құраманың бүгінгі деңгейінен төмен түспесі үшін барлығымыз күш-жігерімізді жұмсаймыз. Алдағы айда Алматыда федерацияның кезекті отырысы болады. Онда алдағы міндеттер сараланады. Бүгінгі күні федерация тарапынан біздің команданы ұлттық құраманың базалық клубы етуге ұсыныс жасалып отыр. Әрине, оның барлығы алдағы отырыста шешіледі.
–     Сіздерге тек жеңіс тілейміз.

Сұхбаттасқан Әділжан ҮМБЕТ, “Сыр бойы”.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508