Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 2151 3 пікір 15 Қыркүйек, 2022 сағат 13:23

Қазақстан Қорғанысқа бөлінетін қаржыны ұлғайтты

2022 жылдың алғашқы жартысында шоғырландырылған мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өткен жылмен салыстырғанда 19.5%-ға өсіп, 9.7 трлн теңгеге жетті (жоспар 99.4%-ға орындалды).

«Шығыстың негізгі бөлігін әдеттегідей институционалды (білім алу, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік) және өндірістік емес шығындар (әлеуметтік көмек, қорғаныс, борышқа қызмет көрсету, трансферттер) құрайды. Солардың ішінде ең қомақты қаржы қорғаныс саласына бөлінді. Биыл оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +38,9%-ға өсіп, 0.49 трлн теңгені құрады», - деді Jusan analytics талдаушысы Клара Сейдахметова. Өткен жылы бұл сома 0.35 трлн теңге болған еді.

Екінші және үшінші орындарда өнеркәсіп пен көлік және коммуникация салалары. Оларға бөлінген қаражат өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда сәйкесінше 0.43 (+33.0%) және 0.36 (+32.4%) трлн теңгеге ұлғайды.

Жергілікті бюджеттің шығыстары 24.3%-ға өсіп, 4.5 трлн теңгені құрады. Шығыстардың ең көп өскені Алматы облысында (+38.2%), Алматыда (+33.4%) және Елордада (+32.7%) тіркелді. Ал шығыстардың ең аз өскені Маңғыстау (7.7%) мен Атырау облыстарында (12.2%) байқалды.

Айта кетелік, қазіргі қолданыстағы барлық мемлекеттік бағдарламалар бюджеттің шығыстық бөлігін одан әрі өсіре беретіндігі белгілі. Ал бюджет қаражатының қаншалықты тиімді үлестіріліп, тиімді жұмсалып жатқандығы сұрақтар туғызады.

«Қазіргі уақытта ел үкіметі 11 мемлекеттік бағдарламаны, 9 ұлттық жобаны және жеңілдікпен кредит беру бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Бағдарламалардың көбісін 2025 жылға дейін жүзеге асыру көзделген. Бұл бюджеттің шығыстық бөлігіне айтарлықтай ауырлық түсіретіні сөзсіз» - деді сарапшы.

Айта кетелік, мемлекеттік бағдарламаларды жалпы қаржыландыру бағасы 29.0 трлн теңгені, а ұлттық жобалар – 55.3 трлн теңгені құрайды. Негізгі қаржы көздері әрине, республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттар болып қала бермек.

Жаппарберген Айбота

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498