Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 15 Қаңтар, 2013 сағат 08:04

Еркебұлан Әлімханұлы. ҚАЗАҚСТАНҒА ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТАН ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚҚА АЛЫП БАРАР СТРАТЕГИЯ ҚАЖЕТ!

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды. Алайда бұл қазақ ұлтының үлесі 50 % әрең құрап тұрған «өтпелі кезеңнің» саясаты болатын. Сондықтан ол өзінің міндетін атқарып бітуге жақын. Ендігі жерде қазақ ұлтының саны 65% асып, саны ұдайы өсіп отырғанда Қазақстанды моноұлтты мемлекетке айналдыру стратегиясына негізделген саясат қажет! Сонда ғана ұлттық мемлекет құру (nation state building) ісі аяқталады. Әрі бұл этникалық, діни, идеологиялық т.б әлеуметтік себептерге байланысты бөлшектенген қоғамды біріктірудің бір амалы болмақ.

Эмиграция мен ассимиляция. Осы екеуі моноұлтты Қазақ мемлекетін құруға септігін тигізеді. Яғни, қазаққа сіңісіп, тілі мен діліне бойын үйрете білгендер қалады, ал оған көндіге алмағандары «әдеттегідей» есікті тарс жауып кетеді. Дегенмен халқы аз Қазақстан үшін олардың кеткенінен гөрі, қазаққа «сіңгені» пайдалырақ... Сондықтан өзге ұлттарды ассимиляциялау саясатын қолға алу керек. Алайда оған кедергілер де жоқ емес.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жүргізілген ұлтаралық татулық пен толеранттылық саясат өз жемісін берді. Осы «сарабдал саясаттың» арқасында Қазақстан татулық пен тұрақтылықты сақтай алды. Алайда бұл қазақ ұлтының үлесі 50 % әрең құрап тұрған «өтпелі кезеңнің» саясаты болатын. Сондықтан ол өзінің міндетін атқарып бітуге жақын. Ендігі жерде қазақ ұлтының саны 65% асып, саны ұдайы өсіп отырғанда Қазақстанды моноұлтты мемлекетке айналдыру стратегиясына негізделген саясат қажет! Сонда ғана ұлттық мемлекет құру (nation state building) ісі аяқталады. Әрі бұл этникалық, діни, идеологиялық т.б әлеуметтік себептерге байланысты бөлшектенген қоғамды біріктірудің бір амалы болмақ.

Эмиграция мен ассимиляция. Осы екеуі моноұлтты Қазақ мемлекетін құруға септігін тигізеді. Яғни, қазаққа сіңісіп, тілі мен діліне бойын үйрете білгендер қалады, ал оған көндіге алмағандары «әдеттегідей» есікті тарс жауып кетеді. Дегенмен халқы аз Қазақстан үшін олардың кеткенінен гөрі, қазаққа «сіңгені» пайдалырақ... Сондықтан өзге ұлттарды ассимиляциялау саясатын қолға алу керек. Алайда оған кедергілер де жоқ емес.

Кезінде саны көп болған неміс, украин, грек, поляк т.б ұлт өкілдерінің басым бөлігі темір құрсау босай салысымен тарихи отанына кетіп қалды. Сондықтан еліміздің демографиялық картинасы айтарлықтай өзгеріске ұшырап, бұрындары ұлттардың пайыздық көрсеткіші бойынша төменгі орында тұрып келген өзбек, ұйғыр, кәріс сияқты азиаттық нәсілдердің көбейіп шыға келгені ешкімге жасырын емес. Ендігі жерде тиісті лауазымдағы стратегтер алдағы жиырма-отыз жылдық ұлт стратегиясын жасаған кезде осыны қаперге алулары керек. Өйткені, бұл болашақта үлкен факторға айналғалы тұр. Оның себебі айқын. Жоғарыда айтылып кеткендей еуропалық ұлттардың көп бөлігі тарихи отанына қайтып кетті, тәуелсіздік алғанға дейін саны қазақтармен  тең болып, кей жылдары басым болып келген орыс ұлтының өкілдерінің де саны азайды және Ресейдің оларды отанына көшіріп алу саясатына байланысты азаюын жалғастыруда. Еуропалық ұлттардың елімізде қалғандарының өзі көбіне «жасамыс» тартқандар болып келеді. Ендеше, биологиялық және саяси факторларға байланысты бұлардың ұлт көрсеткішіндегі үлесінің азаюы жалғаса түспек. Ал азияттық ұлттар болс,а керісінше көбею үстінде, өйткені олардың туу мөлшері жоғары және ел экономикасының тұрақтылығына байланысты көрші мемлекеттерден келетін иммигранттар тағы да бар. Дегенмен назар аудартатын мәселе олардың санының көбеюі емес, бұл ұлт өкілдерінің белгілі бір аймақтарда  шоғырлана қоныстануы болып отыр. Бұл ассимиляция үдерісіне кедергі келтіретін ең үлкен фактор.

Қазақстан территориясына шашырап кеткен ұлттардан келер қауіп төмен, ал кейбір этикалық топтардың белгілі бір аймақта жинақы қоныстануы ойлантарлық жағдай. Мұндай аймақтар «этникалық анклав» деп аталады. Елде мұндай этникалық анклавтардың болуының зиян екендігі туралы  мысалдарды, кейде аса зор зардаптарға алып келу ықтималдылығының бар екендігін еліміздің де, шетелдердің де тәжірибесінен алуға болады.

Ең алдымен этникалық анклавтардың ішкі не сыртқы саясат өзгерсе автономия талап ету қаупі бар екенін ескеру керек. 1960-шы жылдары тараған Жетісуда ұйғыр автономиясын құру туралы әңгімелер, 70-ші жылдардың аяғында көтерілген Ақмолада неміс автономиясын құру туралы идеялар оның айқын дәлелі. Әзірге Қазақстанда барлығы «қалпында тұрғанда» тыныш көрініп тұрған мұндай мәселелер, ертең ішкі немесе сыртқы саясат құбыла қалса, жанартау сияқты күтпеген жерден бұрқ ете қалмасына кім кепіл бере алады?

Екіншіден, мұндай анклавтардың «бесінші колонна»* рөлін атқара алатын күшінің де бар екенін әсте ұмытуға болмайды. Ешқашан бітпейтін жер дауы мен көрші елдердегі «демографиялық көктемнің» нәтижесі мемлекеттер арасында кикілжің шығара қалса, қарсы тараптың осы мәселені көзір ретінде қолдану ықтималы бар. Халықаралық саясатқа қарасақ бұған бірнеше мысал табылады. Сондықтан кей сарапшылар Орталық Азиядағы лидерлік туралы тартыстарда өзбек ұлтының өкілдерінің көрші мемлекеттердің барлығынан табуға болатынын, тиісінше, бұл Өзбекстанның ықпал ету факторының бірі екендігін еске салатыны тегін емес. [3]

Соңғы жылдары Қазақстанда орын алған ұлтаралық деп сипатталып  дүбірі халықаралық аренаға дейін естілген кикілжіңдердің негізінен қазақтар мен басқа ұлт өкілдері шоғырлана қоныстанған этникалық анклавтарда болуы да тегін емес. Анклавтар бар жерде мұндай қақтығыстар жиі орын алады. Егер кішігірім әлеуметтік жанжал туындай қалса, әр тарап өз жақтастарына жүгінері анық, тиісінше қазақтардікі қазақтар жағы, ал қазақтармен араласпаған өзге ұлт өкілінде өз ұлтының адамдарының басым болып дауласуын түсінуге болады. Сөйтіп мұндай кикілжіңдер екі ұлттың арасындағы суық қатынас сияқты болып көрінеді... Егер анклав болмаса өзге ұлт өкілі басқа тілдегі мектептерге барар еді, тиісінше қазақтармен де араласар еді, сөйтіп кішігірім әлеуметтік жанжалдар ұлтаралық қақтығыс сияқты көрінбес еді, сол себепті ұлттардың арасына  да сызат түсірмес еді.

Мәскеудің кезінде өзінің солақай саясатын жүргізу үшін «құрылған» осы этникалық анклавтар қазіргі таңда барша ТМД елдерінің бас ауруына айналып отыр. «Еуропалық және Солтүстік Америкалық ғалымдардың көпшілігі, Орталық Азиядағы межелеу ішінара ғана ұлттық принциптерге сүйеніп жүргізілгендігінің нәтижесінде одақтық  республикалардың арасында ұлтаралық деңгейде анклавтар пайда болды. Москваның астарлы мақсаттарының бірі - Орталық Азия республикаларының арасында кикілжің туындатып, «бөліп ал да, билей бер саясаты» бойынша өзара қырқыстырып қойып, бас төреші ретінде республикалардың ішкі ісіне араласып отыруға мүмкіндік қалдыруда жатқан сияқты», деп жазған ғалым Н. Мегоранның ойын әрі қарай өрбітсек, бұл ситуацияны өз саясатына кеше тиімді пайдаланған сыртқы державаның, бүгін де немесе ертең де тиімді пайдалануы мүмкін екендігі аңғарылады. [4]

Орталық Азиядағы анклавтарда қалыптасып отырған қиын жағдай мыңдаған адамды қозғаған 2010 жылғы Қырғызстанда өзбектерге жасалған шабуылдан соң бүкіл әлем жұртшылығының назарын аудартып, халықаралық ұйымдардың Қырғызстан билігіне наразылығын тудырды. [5]  Осыдан-ақ анклавтардағы жағдайды үнемі бақылауда ұстамаса, күтпеген жерден кикілжіңнің орын алу ықтималдылығы жоғары екендігі байқалады. Өз кезегінде мұндай кикілжіңдер мемлекеттің халықаралық аренадағы беделіне де нұқсан келтіреді. Өйткені, этникалық қандастарына бүйрегі бұрған басқа мемлекет мұны көтеріп, нәтижесінде ішкі саясаттың ғана емес, сыртқы саясаттың да проблемасына айналады. Оның үстіне кикілжің орын алған мемлекет халықаралық қауымдастық алдында «тұрақсыз ел» болып көрінеді.

Кикілжіңдердің туындауына мемлекеттің экономикалық жағдайының да әсер ететінін ескеру керек. Яғни, қазір экономикалық, әскери, саяси қауқарына байланысты «анклавқа қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі» екенін түсінген мемлекеттер, бұл ахуал өзгергенде өздерінің ниетін ашық көрсетуі ықтимал... Сондай-ақ анклавтарды жан-жақты зерттеп, теориясын жасаған ғалым Е.Ю. Винокуров «анклавтар төңірегіндегі халықаралық кикілжіңдерді зерттей келе, негізі анклавтың өзі кикілжіңге тарап (себеп) болмайды. Тарап оны қоршаған мемлекет пен материк мемлекет болады» деген тұжырым жасайды (бұл тұжырым мемлекеттің басқа ел территориясындағы анлавына байланысты айтылса да, этникалық анклавқа да қатысы бар екенін ескеру керек). [6]  Бесінші колонна осыдан келіп шығады, әзірге көрші елдермен қатынас бірқалыпты болып тұрғанда бұл мәселе проблема тудырмауы мүмкін, егер қатынас нашарласа анклавты проблема ошағына айналдыру қаупі бар.

Жоғарыдағыдай этникалық анклавтардың зияндығы туралы дәлелдер көп, мұның барлығы анклавтардың зияндығын, күтпеген жерден кикілжіңдердің орын алу ықтималдылығының жоғары екендігінің дәлелі. Сондықтан осы анклавтарды жойып, оны «сіңдірудің» стратегиясы жасалуы қажет. Өйткені этникалық анклавтар мен басқа ұлттардың бір өңірге шоғырлана қоныстануы өзге ұлттардың қазаққа сіңуіне, яғни ассимиляциялануына кедерге келтіреді. Бір аймаққа шоғырланған олар тілін де салт-дәстүрін де сақтауды жалғастырады, егер қалың қазақтың арасына тарап кетсе, жергілікті халықпен араласа-құраласа келе ондаған жылдар ішінде өздерін қазақ бейнесінде сезіне бастайтыны анық...

Винокуров «Анклавтар кикілжіңнің потенциалды ошақтары» деген сипаттама жасайды. [7] Ендеше, Қазақстан Республикасының ендігі саясаты «жыл сайын кикілжің тудырып жататын территориясындағы этникалық анклавтарда жойып, бір аймаққа ұйысқан ұлттарды елдің әр аймағына таратуды көздеу болуы тиіс». Әрине, қазір бір ұлтты тұтасымен жұлып алып басқа аймаққа күшпен қоныс аударта салатын Сталин заманы емес және мұндай тәсілді қолдану өзінің кері реакциясын беретінін тарих дәлелдеді. Сол себепті бұл анклавтарда революциялық емес, эволюциялық жолмен біртіндеп жоюдың стратегиясын жасау қажет. Ол үшін «жаңалық» ашудың қажеті жоқ, тағы да сол тарихтан үлгі алуға болады...

«Ұлттардың ұстаханасы» саналған КСРО-да ұлттарды араластырудың көптеген «тамаша» саясаты болды. Оқу бітірген жас маманды жолдамамен басқа өңірге жұмысқа жіберу, жұмысқа тарту, ұлтаралық некелер, т.с.с толып жатқан кеңестік идеологтардың жасаған «жұмсақ» саясатының озық үлгілерін алып, оларды талдап, жіберілген қателіктер мен артықшылықтарын ескеріп және қазіргі заман мен Қазақстанның ыңғайына бейімдеп барып қолдануға болады. Осындай жолдармен этникалық анклавтардың жойылуына күш салу қажет. Неге оларды басқа өңірлерге, әсіресе Солтүстік облыстарға «ынталандырып» көшіру бағдарламасын жасамасқа?!

Қазақстандағы этникалық анклавтар қоныстанған география сулы, құнарлы және табиғаты көркем жерлер. Ендеше, солтүстік облыстарға емес, күнгей өңірлерге қоныстануға ұмтылған шетелдік қандастарымызды да осы аудандарға, оның ішінде аталған ұлт өкілдері басым қоныстанған елді-мекендерге көшіріп алуға болады. Осылайша олардың үлес салмағы азаяды және қазақ мектептері көбірек ашылады, сәйкесінше қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейеді.

Мүмкін жастардың өз облыстарында немесе қалаларындағы ЖОО да білім алуына тиым салған дұрыс болар (ең болмағанда мемлекеттік тапсырыспен оқитындарға)... Мұндай саясатқа да көпұлтты мемлекеттердің жиі жүгінетіні әлемдік тәжірибеден байқалады. Егер жастар өз өңірлерінде білім алса, олар ата-анасы мен өз ортасынан ұзап кете қоймағандықтан өзінің ұлттық болмысына айтарлықтай өзгеріс енгізбейді, ал басқа жаққа барып оқитын болса, бөтен ортадан өзіне жаңа таныстар тауып, жаңа ортаның басым дәстүріне бейімделіп ұлттық бейнесіне елеулі өзгеріс енеді. Әрі басқа әлеуметтік топ өкілдерімен араласа келе бойларында «толеранттылық» қасиет пайда болады. Олардың оқыған өңірлерінде жұмыс тауып, отбасы құрып қалып қою ықтималдылығы тағы бар. Әрине, «жастарды өз өңірінде оқуға тиым салу туралы шешімді тек өзге ұлт өкілдеріне ғана арнап шығаруға болмайды, ондай жағдайда бұл олардың құқығын кемсіту саналып, халықаралық дау тудыруы мүмкін, әрі басқа ұлттардың наразылығын, қазаққа деген өкпесін арттырады». Бұл саясатты барлық Қазақстан азаматтарына қолданған дұрыс, оның қазақ ұлты үшін де пайдасы болмақ...

Мұндай идеяға «Қазақстанда ұлтаралық татулық сақтаулы, жаңа жоба әкеліп оны бұзып алуымыз мүмкін!» деп қауіптенетін де, «бағдарлама мемлекетке қосымша жүк пен шығын түсіреді» деп ауырсынатын да адамдардың табылатыны жасырын емес. Алайда «елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген керемет нақыл бар, осыдан отыз жыл бұрын КСРО ыдырайды деп кім ойлаған, сол сияқты отыз жылдан кейін елдің ішкі не сыртқы саясаты мен аймақтағы геосаясаттың қалай құбылатынын кім дөп басып болжап бере алады?! Ешкім де! Ендеше, «жау жоқ деме жар астында» дегендей осы бастан елдегі кемшіліктерді жойып, түзетуге күш салу керек, ішкі саясат бекем болса ғана сыртқы фактордың ел тұтастығына әсер етуі қиын болмақ. Олай болса, этникалық анклавтарды «эволюциялы түрде жою саясатын жүргізу» арқылы болашақты кепілдікке алуға мүмкіндік туады.

Мұндай саясат этникалық анклавтарға ғана емес, қазақ ұлты үшін де пайдалы болмақ... Жиырмасыншы-отызыншы жылдары жүргізілген коллективтендіру саясаты кезінде қазақ руларының өздері көшіп-қонып жүрген өңірде отырықтанып, тарихи-географиялық тұтастығын сақтап қалғандығы белгілі. Кейініректе біраз араласқанымен, олар әлі де мұрты бұзылмаған күйде отыр, бұл ұлттың біртұтастығына сызат түсіруде. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ 2011 жылы болған Жаңаөзендегі жағдайдан кейін интернет форумдарда сол аймақтағы негізгі ру Адайларды «кінәлаған» пікірлердің белең алғандығын, ру-руға бөлінушіліктің артқанын ғаламтордағы пікірталастарды ақтарған адам көре алады. Мұндай рулық психологияның аса қауіпті үрдіске айналып бара жатқаны жасырын емес, мұны қазақтың арасына сына қаққысы келген-кез келген сыртқы күштің пайдалана кету ықтималдылығы жоғары. Егер сыртқы күш руаралық араздықты өршітсе онсызда белгілі бір аймаққа шоғырланған олардың жіктеле кетуі қиынға соқпайды... Ендеше, қазақ руларын да жоғарыдағыдай тәсілдермен араластыруға күш салған жөн болар еді.

Abai.kz

Сілтемелер тізімі

1.      Винокуров Е.Ю., Теория анклавов. Калининград, 2007. 49 б.

2.      Кто лидер в Центральной Азии. // Индекс безопасности. №1/2010. http://uzbk.org/content/%D0%BA%D1%82%D0%BE (03.12.2012 17:35)

3.      Megoran N. The Border of Eternal Friendship? The politics and pain of nationalism and identity along the Uzbekistan-Kyrgyzstan Fergana Valley Boundary, 1999-2000. PhD thesis. Cambridge, 2002. 36-37 бб.

4.      Partial Truth and Selective Justice: The Aftermath of the June 2010 Violence in KyrgyzstanAmnesty International. Amnesty International Publications 2010.

5.      Винокуров Е.Ю., Теория анклавов. 224 б.

6.      Винокуров Е.Ю., Теория анклавов. 224 б.


* Испаниядағы азаматтық соғыс кезеңінде генерал Франко Мадридті аларда төрт колонна әскерінен бөлек өздеріне бүйрегі бұрған қала тұрғындарының бесінші колонна болатынын айтады. Осы оқиғамен байланысты саяси ғылымдарда сырттағы күшке бүйрегі бұратын іштегі күшті білдіретін «бесінші колонна» термині пайда болды.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401