Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2954 0 пікір 17 Қаңтар, 2013 сағат 12:13

Алмас Қылыш. Сарқандық әкім-қаралар cовет өкіметін сағынып жүр

1-сурет - Сарқан ауданының әкімі Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев

2-сурет - Сарқан ауданы әкімінің ресми сайтынан алынған скриншот

Кеңестер Одағы кезінде Жетісудың сулы-нулы, шұрайлы да шырайлы өңірлерін негізінен орыс халқының өкілдері мекендегенін жақсы білеміз. Ұзық жылдар бойы жергілікті жұртқа төбесінен қарап, айтқандары жүріп, айдарларынан жел есіп  тұрған орыс ағайындар қазақ елі өз алдына дербес мемлекет атанып, Тәуелсіздігін жариялағанда бірер жыл аңтарылып қалды да, колхоз-совхоздар жекешелендіріліп, бұрынғыдай аста-төк байлық көзден бұлбұл ұшқан тұста өздерінің тарихи отандарын естеріне алып, ауа көшкенін де көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік. Құр кеткен жоқ, жиған-тергендерін көтере тиеп, артта қалғандарға доқ көрсетіп аттанған болатын. Қазіргі кезде олардың біразы тарихи отандарында маңдайлары тасқа тигеннен соң, өздері бір жылдары  талақ етіп, тастап кеткен қазақ жеріне қайта оралуда. Оралып қана қоймай, бір кездегі өктемдіктерін көксейтіндіктерін ақырын-ақырын болса да сездіріп қояды.

Бір өкініштісі, советтік оқу мен тәрбие саналарына әбден сіңіп, миларын жаулап алған, бүгінде аудандық деңгейдегі билік тұтқасында отырғандар олардың екпінін басудың орнына қолтықтарына су бүркіп, жөнді-жөнсіз қолдауларын жасауды қояр емес. Осындай советтік кезеңді аңсап, орыс ұлтын көрсе білгенінен жаңылатындар қатарына Сарқан ауданының басшыларын да қосуға болады.

Жоғарыда айтқандай, осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Жетісу жерінің құйқалы аймақтарында жергілікті ұлттан гөрі славяндар басым болды. Солардың бірі - Сарқан ауданы. Аудан орталығын айтпағанда, шалғайда болса да шұрайлы жерде қоныстанған ауылдардың өзінде де қазақ тілі босағадан аса алмай, ертеңін тек орыс тілімен байланыстырғандар балаларын түгел сол тілде оқытқанын көрдік, білдік және күресерге дәрмен таппай бармағымызды тістейтінбіз. Аудандық газет те орыс тілінде шығатын. Ауылдардың атауларының барлығы орысша еді. Қазіргі кезде де оларды ресми түрде қазақшаладық дегенмен, бұрынғы атауларымен атау жалғасып келеді. Соған қарап отырып, намыссыздығымызға қынжыласың да, аудандық деңгейдегі басшылардың орысшылдығын көріп, «Балық басынан шіриді» дегеннің ақиқаттығына көз жеткізесің.

Бұрындары Сарқан ауданында орыс халқының саны басым болғанын жаңа айттық. Қазіргі кезде ауданда өмір сүретін 42 мыңға жуықтаған тұрғындарының  78,2 пайызы қазақ болса, 17,1 пайызы орыс, қалғаны басқа ұлттар. Дегенмен, саны аздығына қарамастан орыстар әкімдерге өздерінің айтқандарын өткізуде қазақтарды да қалпақпен ұрып алады. Бүгінгі күні олар Сарқан ауданы мен қаласының Кеңестер кезіндегі атауы - «Сарканд»  дегенді қайтару жолында, орыс және қазақ тілінде шығатын қоғамдық-саяси «Сарқан» газетінің 50 пайызын орыс тілінде шығару мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Оған үлкен ұлтқа баяғыдан бүйрегі бұратын, қазақтың тілі десе жиырылы қалуды әлі қоямаған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Маманбаев жан-тәнімен қосылып отыр. Орыстардың  ұятты ұмытқан ұсыныстарын өзі қолдап қана қоймай, барлық жан-тәнімен спортшы болып кеткен, облыстық спорты басқарған жылдары келімсектерді жинау арқылы біраз биіктерді бағындырғаны үшін облыс басшылығы ауданның тізгінін ұстатқан Тұратбек Шарапиевтің құлағына да құя біледі. Айта берген соң, «Батыр аңғал» дегендей, Тұратбек те орынсыз ұсынысты мақұлдап жіберіп, жиі ұятқа қалып жүр. « Басқан» атауы бас өзен дегеннен, «Сарқан» атауы сарқырап ағатын өзен сөзінен шыққаны жайлы, бұл өңірді қазақтар баяғыдан Сарқан деп атағанын  естігілері келмейтіндер, түбі «Сарқандты» қайтаратын болса, қайран қалмаңыз...

Былтырғы желтоқсаннында Сарқанда аудандық әкімдіктің қолдауымен славян фестивалі өтті. Сол кезде орыстар мен қазақтардың «мәңгі достығын» толқи отырып баяндаған Тұратбек Төлеубекұлы ауданда славян ұлттарының этноорталығын құратынын, оларға орыс тілінде газет ашып беретінін мақтана отырып мәлімдеді. Оны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары , хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай қуана құптады. Соған қарағанда кейбір шенеуніктер қазақтар орыссыз күн көре алмайды деген керітартпа, бұратана түсініктен әлі арылмаған-ау.

Алматы облысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407