Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3106 0 пікір 1 Қазан, 2022 сағат 13:45

Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу жұмысы аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев пен оның агенті Роман Нахановқа қатысты тергеу ісінің аяқталғанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен қатар, тергеу «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры Ибулла Серді мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанұзақ Тайырға да жүргізілген. Олар аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырып, қылмыстық істерге қатысты деген күдікке ілінді.

Тергеуде анықталғандай, күдіктілер ұрланған 14,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты заңды түрде кәсіпкерлік қызметтен дивиденд бөлу және төлеу желеуімен заңдастырған. Осылайша, заңсыз операцияларды жасырмақ болған.

Аталған шығын тергеу барысында толық өтелді. Сонымен қатар, 38 миллиард теңге көлеміндегі қолма-қол ақша мен құны 4,2 миллиард теңгеге татитын жылжымайтын мүлік тәркіленді.

Осы бөлім бойынша тергеу аяқталып, материалдар процеске қатысушыларға таныстыру үшін берілді.

Қазір Австрия, Латвия, Люксембург, Молдова, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Эстониядада Боранбаевтың күмәнді әрекеттеріне қатысты тергеу ісі жалғасуда.

Шетелдік әріптестерден материалдар келіп түскеннен кейін Боранбаев ісіне тиісті құқықтық баға берілмек.

Айта кету керек, 2010 жылдан бері Қайрат Боранбаевқа қарасты компаниялар ұлттық мүддеге қайшы келетін пайданы шетелдік шоттарда шоғырландыра отырып, Қазақстанда өндірілген газдың едәуір бөлігін экспортағаны анықталды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006