Сенбі, 23 Қараша 2024
2232 17 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 13:40

Польша азаматы еліміздегі президент сайлауына түскісі келеді

Польша азаматы  Балли Мажец Қазақстан президенттігіне үміткер болуға талпынуда. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

«Польша азаматы Балли Мажец Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде қатысу ниеті туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына бірнеше рет жүгінген», - делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.

Оған Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, соңғы он бес жылда Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар Республика азаматы Президент болып сайлана алатыны түсіндірілді.

Азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл тәжірибесі болуы және белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 2017 жылы белсенді Қазақстан билігінен елде қалуына рұқсат беруін сұраған. Сондай-ақ, ол 2015 жылғы сайлауда Польша президенттігіне үміткер болған және кейбір қазақстандық саяси тұтқындарды қолдайтын әрекеттерімен танымал.

 

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371