Бұл Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресейдің Украинаны аннекциялауға қарсы қабылданған шешімі болды.
Зеленский жарлығы 4 қазанда жарияланды. Онда Украина президентінің, Жоғарғы рада төрағасының және премьер-министрдің НАТО-ға жолдаған үндеуі мақұлданған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийдің бұл жарлығына қатысты "қазіргі президенттің болмаса болашақ президенттің Украина мүддесі үшін ұстанымының өзгергенін күтеміз" деген пікір білдірді.
30 қыркүйекте Владимир Зеленский Украина НАТО-ға шұғыл кіруге өтініш беретінін мәлімдеген. Ол сонымен бірге қазіргі президент Владимир Путин болып тұрғанда, Украина Ресеймен ешқашан келісімге бармайтынын жеткізген. Ол мұны Ресейдің Украинаның бірқатар аймақтарын басып алғанына байланысты айтты.
30 қыркүйекте Украина Жоғарғы радасы еліндегі барлық ресейлік активтерді мемлекет қарамағына өткізу жөнінде заң жобасын енгізген. Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Ресейдің заңдық және жеке тұлғаларына қарсы санкция енгізу жөнінде шешім қабылдаған.
Abai.kz