Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5003 9 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 20:13

Тұрақтылықты қамтамасыз ету – үлкен ерлік

Соңғы жағдайлармен жақсы таныспыз. Геосаяси мәселе айналып келгенде сіз бен біздей қарапайым халыққа зиянын тигізеді. Соның кесірінен мыңдаған ресейліктер ауыртпалық көріп, елімізге келіп жатыр. Қоғамда түрлі көзқарас болатыны айтпаса да белгілі. Бірақ уақытша паналап келіп жатқан жұртты кері теуіп, шеттетуге болмайды. Қонақжайлық көрсетіп, қауіпсіз жүрулерін қамтамасыз ете тұрған маңызды. Осыған дейін еліміз жүздеген ұлттың басын біріктіріп, бейбіт өмір сүруін қадағалап тұрғанын білеміз. Тарихқа қарасақ, халқымыз қиындыққа душар болғанның бәріне көмек қолын созды, мейірбандық көрсетті, өсіп-өнгізді. Бұл істе тәжірибе жеткілікті. Сондықтан бұл жағдайда сабырға салып, тұрақтылықты қамтамасыз еткен жөн. Қамқор бола білгеннің кесірі жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әр өңірге барып, аймақтардағы жағдаймен өзі танысып, бәрін бақылап жүр. Әр сапарында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау керегін ескертеді. Өзге елдер араз болып жатқанда біз бәрін ақылмен істегеніміз абзал, арандатуға ермеу қажет. Қарағанды топырағына барғанын естідік. Онда да осы мәселені ерекше ескертті. Өткен ғасырда Қазақстанға жер аударылып келген түрлі халық өкілдері мен репрессия құрбандарына пана болған Қарағанды өлкесінде ол нәрсенің айтылуы бекер емес. Қазір де сол өңірде ондаған этнос бірлікте өмір сүріп, өз беттерінше дамып жатыр. Әлем араз болып жатқанда осындай тұрақты жағдайды қалыптастыру – үлкен ерлік. Осы заманда бәрі бар болғанымен, бірлік, ынтымақ, құрмет пен жанашырлық секілді асыл сезім, құндылықтар жетпей жүр. Мұны есте ұстағанымыз дұрыс. Әркіммен араз болып, геосаяси ахуалды ушықтырғаннан ешкім пайда таппайды. Сондықтан бейбітшілікті естен шығармайық.

Есмұхан Обаев, Қазақстанның Халық әртісі

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371