Сенбі, 16 Мамыр 2026
2845 1 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 13:28

Жапаров: "Ресейліктерді экстрадицияламаймыз"

Қырғыз президенті Садыр Жапаров New York Times газетіне берген сұқбатында мобилизациядан Қырғызстанға қашқан ресейліктер экстрадициялайды деп қорықпасын деді.

Ол Ресей жастарының Қырғызстанға ағылуын "жаңа құбылыс" деп атап, елге келіп, еркін жұмыс істей алады деді.

Ол Қырғызстанға келген орыс азаматтарының нақты санын білмейтінін айтып, біз бұдан пайда көруіміз керек деді.

21 қыркүйекте Ресей президенті мобилизация жариялағаннан кейін жүздеген орыс азаматтары, әсіресе ерлер елін тастап Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға кетіп жатыр.

Бірер күн бұрын Қырғызстанның цифрлы дамыту министрі Айдар Мамбетов ресми түрде 20 мың Ресей азаматы тіркелгенін мәлімдеген. Нәтижесінде Бішкекке әуе билеттері бірден қымбаттап, қонақ үйлерде бос орын қалмаған. Пәтерді жалдау бағасы да бірден өсіп кетті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2795
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1902