Бейсенбі, 29 Қазан 2026
3618 7 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 13:18

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын өткізді

Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Бұған дейін, Астанада ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезі өтіп, партиялықтар алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдаған болатын.

Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысының тумасы, Астана тұрғыны. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1266
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1782