Сенбі, 23 Қараша 2024
1448 1 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 13:08

Путин: Қырым көпіріндегі жарылысқа Украина кінәлі

Ресей президенті Владимир Путин 8 қазанда болған Қырымдағы жарылысты Украина арнайы қызметі ұйымдастырды деп айыптады. 

Ресей телеарналары жексенбі күні кешкісін Путиннің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесуін көрсетті. Онда Бастрыкин жарылысқа тек Украинаның арнайы қызметі ғана емес, Ресей мен шетел азаматтарының қатысы барын мәлімдеді.

Бастрыкиннің сөзінше, "терроризм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Путин болса, Қырым көпіріндегі жарылысты "маңызды инфрақұрылымды бұзуға бағытталған теракт" деп атады.

"Авторы, орындаушылар, тапсырыс берушілер Украина арнайы қызметі", - деді Путин.

8 қазанда таңертең Қырым көпірінде жарылыс болды. Ресей тергеу мәліметі бойынша, аннексияланған Қырымға қарай өтіп бара жатқан жүк көлігі жарылған. Одан кейін темір жол құрамындағы жанармай цистерналары өртенген. Үш адамның қаза тапқаны мәлім болды. Көпірдің Краснодардан Қырымға баратын көлік жолы бұзылған.

Бастрыкин жүк көлігі Болгариядан Грузия мен Армения арқылы Солтүстік Осетияға, әрі қарай Краснодар өлкесіне бара жатқан дейді. Оның пікірінше, мұндай бағыт түсініксіз. Осыған дейін БАҚ жүк көлігінің иесі краснодарлық кәсіпкер, жүргізуші оның туысы болғанын жазған.

Украинаның ресми тұлғалары бұл оқиғаны "Путиннің туған күніне сыйлық" деп атады. Бірақ ресми Киев жауапкершілікты алмады. Украина президенті кеңсесі кеңесшісі Михаил Подоляк бұл Ресей билігіндегі күрестің нәтижесі болуы мүмкін деген пікірін білдірді. Құрама Штаттар пікір білдірмеді, тек Украинадағы соғысқа жауапты Ресей деді. Американың беделді басылымдары дереккөзіне сілтеме жасап, жарылыс украин арнайы қызметінің операциясы болуы мүмкін дегенді жазды.

10 қазанда Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбекші.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440