Сенбі, 23 Қараша 2024
1688 0 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 13:11

Қырғызстан ҰҚШҰ жаттағуын өткізбейтін болды

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жаттығуын өз аумағында өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Қырғызстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Нерушимое братство-2022" жаттығуы Қырғызстан аумағында биыл қазанда өтуі тиіс болған.

14-17 қыркүйекте Қырғызстан және Тәжікстан арасында ірі қақтығыс болған. Нәтижесінде 63 қырғыз азаматы қаза болып, 200 адам жараланған. Тәжікстанмен шекаралас аудандарда тұратын 140 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 18 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан тарабын басқыншылық жасады деп айыптады. Тәжікстан да қырғыз жағын кінәлады.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі шекарадағы қақтығыстан 41 адамның опат болғанын мәлімдеді. Құпия дереккөзге сүйенген Азаттықтың Тәжік қызметі 74 тәжік азаматының қаза болғанын хабарлады.

Бұдан соң Қырғызстан билігі ҰҚШҰ-ны Тәжікстанмен шекарадағы жағдайды реттеу үшін белсене атсалысуға үндеген.

Қырғызстан сонымен бірге ҰҚШҰ-ны қарулы басқыншылыққа жол бермес үшін ұйымның жарғылық құжаттарын өзгертуге және мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге шақырған.

ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусть, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435