Жәди Шәкенұлы: «Қазақ көшінің қамы – қара қазақтың қайғысы»
Суретте: Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі
- Жәди аға, шеттегі қазақ және оның отанына оралуы жөнінде талай-талай бастама көтердіңіз. Қаншама мақалалар жазып жарияладыңыз. Сіз және сіз секілді зиялы қауым өкілдерінің осы жан айқайы биліктің құлағына жете ме?
Ұлт зиялысының үлкен міндетінің бірі, әрине, халқының мұң-зарын биліктің құлағына жеткізу арқылы оның орындалуына азда болса оң әсер ету. Өз басым 1997 жылы осы топырққа қадам басқан күннен бастап алыстағы ағайынның отанына орлауы төңірегінде біраз шаршадым. Жүздеген мақалалар жазып жарияладым. Парламент және «Нұр Отан» төңірегінде ұйымдастырылған көші-қон жиналыстарына белсене қатысып өз пікірімды білдіріп отырдым. «Халықтың көші-қон туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіу жайында өз қолыммен және басқада қоғамдық ұйымдар арқылы құзырлы орындарға көп рет хат та жаздым. Оның бәрі елеп-ескерілмеді деп айта алмаймын. Соңғы жетістігіміздің бірі ретінде «Халықтың көші-қон туралы» заңына жасалған оң өзгерістерді де атауға болады. Кейде біз осы неге «жылай береміз» деп ұялатын кездеріңде болады.
- Жылау демекші, жалпы отанына оралған қандастардың қазіргі хал-күйін қалай бағалайсыз?
Суретте: Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі
- Жәди аға, шеттегі қазақ және оның отанына оралуы жөнінде талай-талай бастама көтердіңіз. Қаншама мақалалар жазып жарияладыңыз. Сіз және сіз секілді зиялы қауым өкілдерінің осы жан айқайы биліктің құлағына жете ме?
Ұлт зиялысының үлкен міндетінің бірі, әрине, халқының мұң-зарын биліктің құлағына жеткізу арқылы оның орындалуына азда болса оң әсер ету. Өз басым 1997 жылы осы топырққа қадам басқан күннен бастап алыстағы ағайынның отанына орлауы төңірегінде біраз шаршадым. Жүздеген мақалалар жазып жарияладым. Парламент және «Нұр Отан» төңірегінде ұйымдастырылған көші-қон жиналыстарына белсене қатысып өз пікірімды білдіріп отырдым. «Халықтың көші-қон туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіу жайында өз қолыммен және басқада қоғамдық ұйымдар арқылы құзырлы орындарға көп рет хат та жаздым. Оның бәрі елеп-ескерілмеді деп айта алмаймын. Соңғы жетістігіміздің бірі ретінде «Халықтың көші-қон туралы» заңына жасалған оң өзгерістерді де атауға болады. Кейде біз осы неге «жылай береміз» деп ұялатын кездеріңде болады.
- Жылау демекші, жалпы отанына оралған қандастардың қазіргі хал-күйін қалай бағалайсыз?
Мейлі қалай болғанда да біз Аллаға тәубе қыламыз. Қанша дегенменде қайшалысқан толқынды жылдарды басып өткен қазақ көшінің өзіндік жемісі де, жеңісі де болды. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес оралмандар мен олардың отбасы мүшелері жеңілдіктер, өтемақылар және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ бейімдеу және ықпалдастыруға қатысты қызмет көрсетулерден игліліктене алатын болды. Медицина, білім беру жағынан да көптеген тиімділіктер жасалды.
Соңғы көш басталғалы жер бетінде бақандай 20 жыл өтті. Үрім-бұтағымен қосқанда миллионға жақын қандасымыз Отан құшағына оралып Республикамыздың демографиялық жыртығын жамап қана қалмастан рухани бостығын толтыруға да айрықша үлес қосты. Бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әлемге әйгілі ел болдық. БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінен тек қана төрт мемлекет репатрианттардың тарихи отанына оралуымен мемлекеттік деңгейде айналысса, Қазақстан соның бірі және бірегейі болып, Германия, Израиль жəне Ресей Федерациясымен үзеңгілес жұмыс атқарып отыр.
Бір тал шөп немесе ағашты бір жерден екінші жерге орын ауыстырып көшірсе де бір мезгіл өңі баяғыдай құлпыра алмай қуаң тартып тұрады. Бір топырақта өскен адамның екінші ортаға келіп бейімделуінде де қиындықтың болатыны табиғи құбылыс. Қазіргі отанына оралып жатқан қандастырымыз өз басын құрбандыққа шалушыларға ұқсайды. Дегенменде олардың бақыты - ұрпағы, сол ұрпағы осы елге, жерге сіңісіп отанымыздың ортақ иелеріне айналып бақытты ғұмыр кеше алады.
- Осы орайда орын тағы қайта ауысып, өзінің бұрынңы орнына келіп жатқан Көші-қон комитетті және оның қызметі туралы не айтасыз?
Бұл ауысу тəуелсіздік жылдарындағы халықтың көші-қоны саласындағы уəкілетті органның бесінші рет орын ауысуы. Осыған байланысты, кадрдың, соның ішінде мемлекеттік органның басшылық құрамының жиі ауысуы шешімдер қабылдаудағы сабақтастық пен бірізділік қағидаттарының жоғалуын қалыптастырғаны да өтірік емес. Сол себепті де уəкілетті органның көші-қон саясатын іске асыруға құзыры бойынша қатысатын басқа мемлекеттік органдардың қызметімен үйлеспеушілігі де үнемі орын алып отырды. Осы ретте аталған мекеме ІІМ-нен Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі көне жұртына қайта оралды. «Қайтқан малда қайыр бар» деп нені болса да үмітіне жақын балайтын қазақ баласы бұл ауыс-күйістен тағы да жаңа нәтиже күтіп, жанарынан үміт шоғын жылтыратып отыр. Сан рет иленген терідей иі қанатын шаққа жеткен қазақ көшінің ендігі дағдарысынан көрі алға басарлығы көп болар деген жақсы ойлар көбірек мазалайды.
Осы көш төңірегіндегі даулар бір толастамады, кезінде жақсы бастамамен басталған «Нұрлы көш»-те жым-жылас жатыр. Бұл туралы сіздің көзқарасыңыз...
Елбасы үкіметтің алдына жаңа міндет қойып, «Нұрлы көш» бағдарламасының жүзеге асуына мұрындық болып еді. Елбасымыздың ұстанған осы сара саясаты бір мезгіл тоқырауға бет алған қазақ көшіне жаңа серпін беріп, талай жанның санасына сәуле шашқан болатын.
Алыстағы қандастардың ісжүзіндік жағдайымен салыстырғанда бұл бағдарламаның отанға оралушыларға көптеген тиімділігі бар еді. Жобаның мақсатындағы өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуы және Жоба қатысушыларының әлеуетін іске асыру мүддесімен шетелде тұратын этникалық қазақтарды, отандастарды ерікті негізде ұтымды қоныстандырудың әуелгі бағыты да теріс болған жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «Асар» ықшам ауданынан салынған «Нұрлы көш» нысаны жақсы бағаға ие болды.
Ал Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының шетіндегі Қызылжар (Красный Яр) кентінің жанынан да осы бағдарламалар бойынша 30 гектар жерге жаңа құрылыс нысандарын салынып еді.
«Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры» демекші, көп өтпей қызыл өрт - сол Қызылжардан басталды. Салынған құрылыстың сапасыздығы мен ондағы оралман тұрғындарының жұмыс және білім алу жағындағы қол жетімсіздігі ақпаратта аз шу болған жоқ. Сөйтіп, ендігі жерде «Нұрлы көштің» пайдалы жақтарын айтушылардан көрі, оның кемшілігін қазушылар көбейді де басы таудай, аяғы қылдай күйге түсті. Сонымен қазіргі уақытта мемлекеттік кош-қон квотасы мүлдем берілмейтін күйге бет бұрып қана қалмай, «Нұрлы Көш» бағдарламасы да аяқсыз қалып барады.
- Ал «Нұрлы көштің» осы сәтсіз қадамының себебі не деп ойлайсыз, оны оңап бағдарламаны қайта қолға алуға болма ма?
Шын мәнінде халықтық көші-қон үшін «Нұрлы көш» бағдарламасының көптеген тиімділктері бар еді. Ол оралмандар үшін ғана емес, отан тұтастығы мен ел бірлігіне саятын жақтан да көптеген артықшылықтарға ие болатын. Алайда, көштің бұйдасын ұстаушы азматтардың біліктілігінің төмендігі мен қарапайым халықпен жұмыс істеу шеберлігінің шектілігі мәселе мәнінің кері бағытқа бұрылуына тікелей ықпал етті.
«Нұрлы көш» бағдарламасының шартты еңбекпен қамту жобасын іске асыруда оралмандардың көпшілігіне олардың кірістерінің жоқтығынан немесе жеткіліксіздігінен ипотекалық несиелендіру тетіктерінің қол жетімсіздігі көрініс тапты. Екінші жағынан жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны əзірлеу жəне жобаларды іске асыруға өтінім берген кезде, өздері мəлімдеген жұмыс орындарының жеткілікті санын ашу мен талап етілген сапасын қамтамасыз ете алмады. Мысалға, өткен жылғы ақпарат бойынша 2010 жылы басталған Ақтөбе облысындағы пилоттық жоба бойынша салынған 300 пəтердің 271 пəтеріне немесе 90%-на ешкім қоныстанбаған, ШҚО-да 363 үйдің 170-не немесе 47%-на ешкім қоныстанбаған. 2009 жылғы пилоттық жобалар бойынша да проблемалар сақталуда - Ақмола облысы бойынша 276 үйдің 257-сіне ғана қоныстанған, ал Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында жоспарланған 200 пəтердің 100 пəтеріне ешкім қоныстана алмаған.
Мұның бәрі өңірлерді əлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік мүдделерін ескере отырып, оралмандарды қоныстандыру процесін реттеу үшін əкімшілік жəне ынталандырушы сипаттағы айқын тетіктерді белгілеу қажеттілігін айқын ұғындырады. Осы тұрғыдан қарағанда үкіметтің алдында алдағы уақытта шет елден көшіп келетін қандастырымыздың қазақстандық қазіргі қоғамға тезірек сіңісіп кетуін қамтамасыз ету үшін бұрынғы «Нұрлы көш» бағдарламасын қайта қарап, жетілдірген түрде жаңғырту қажеттілігінің туындап отырғандығын көрсетеді.
Жаңа бір сөзіңізде «білікті мамандардың жетіспейтіндігі» жайындағы бір ойдың ұшығын шығардыңыз. Жалпы осы саланы көп қаузаған қаламгер тұлға ретінде бүгінгі көш үрдісін қайта қозғаудың қандай жолын айтар едіңіз?
Бұл үшін ең әуелі келген қазаққа ғана ие болудай жұмыс шеңберінің аясын барынша ұлғайтып этникалық қазақтардың өтініштерді шетелде тұратын орындары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне беру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл ретте этникалық қазақтар шыққан елдердегі ол қызметтерді білікті кадрлармен толықтап, өздерінен де өкілдер отырғызып, ұлты қазақ адамдардың кедергісіз жұмыс бітіруіне барынша қолайлы жағдайлар жасау қажет. Өркениетті елдер репатрианттардың өз елдеріне қоныс аударуын ең алдымен шет елдерде ұйымдастырады. Оларда Отанына көшіп келгісі келетіндердің барлығы алдын ала тізімделеді. Сосын барып,орналастыру мәселелерін толықтай шешіп алып барып қана шақырады. Біз де солардың озық тәжірибелерін орынды пайдалануымыз керек.
Құзіретті органдар бірінші кезекте шетелден Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері арқылы ондағы қазақпен тығыз жұмыс істеуі керек. Тіпті көшіп келуінен, қоныстанатын жеріне дейін қадағалап оларға бағдар көрсетіп отырыуы қажет. Отанына оралғаннан кейінгі жұмыс, оқу жағдайы кедергісіз болуы керек. Көзсіз көш емес, мақсатты, бағытты, жүйелі қоныс аудару тәртібініңі қалыптасатын кезі келді.
- Көш саябырсыды дегенменде келіп жатқан ағайынның аяғы үзілген жоқ. Олардың алдынан кездесетін кедергілерді жоюдың қандай жолы бар?
Көшіп келе жатқан ағайынның алдыңғы жолын ашу үшін олардың квота жəне квотасыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау аясында оралмандардың мемлекеттік шекарадан өткен кезінен бастап заттары мен мүліктерінің санына қарамай кедендік баж салығынан босату қажет. Сосын Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында оралмандарды өңірлердің əлеуметтік-экономикалық сұраныстарына сəйкес оңтайлы қоныстандырудың аса қажеттілігі сынды кезек күттірмес мәселе күтіп тұрғанын да ерекше атаған жөн. Бұл жобаны жүргізу үшін тек қана мемлекеттік көші-қонға жауапты мекемелер ғана емес, обылыс, аудан, ауыл әкімдері сынды жергілікті әкімшіліктердің де өзіндік заңдық жауапкершілігі болуы қажет. Осы арқылы оралмандардың тұрғын үй және де басқада жер телімдерін тегін пайдалануына жол ашу қажет.
Сонымен бірге, оралмандарды қазақстандық қоғамға ықпалдастыру ахуалын жақсарту үшін оралмандарға арналған бейімдеу орталықтарын ашып, оны нақты жұмыс істей алатын қуатты күйге жеткізу керек.
Мемлекеттік органдардың құрылымын жəне олардың құзыреттері мен уəкілеттіктерін айқын түсініп-білуі үшін оралмандарға арнап бұл орталықтарда көші-қон полициясы, прокуратура, əкімдіктер, əлеуметтік қызметтер қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылыып, сақталған мәселелр дер кезінде шешім тауып отыруы тиіс.
Бүгінгі күннің жаңа талаптарына негізделе айтқанда, оралмандар елімізде атқарылып жатқан әр түрлі оң үрдістер - «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Қолжетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға!», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» сынды баянды бағдарламалардан да игіліктене алатын болуы керек. Осы арқылы олардың баспана, жұмыс және жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарын жүргізуіне мемлекеттік несие беру секілді көптеген қажеттілігін қанағаттандыруға болар еді.
- Отанымызға бір миллион қазақты оралтып отырмыз десекте шетте әлі де болса 5 миллион қандасымыз отыр. Олардың бүгінгі хал-күйі жайында не айтар едіңіз?
Бүгінде сол «жақында болса алыс, алыста болса жақын отырған» қандастарымыздың хал-күйіне үңілгенде ойланып-толғанатын мәселе шаш-етектен. Бітіргенімізден бітірмекші - қолға алатын қомақты жұмысымыз көп.
Бір миллионнан астам этниқалық қазағы бар ежелгі көршіміз Ресей мемлекетінде бір ғана қазақ мектебінің болуы да қабырғаны қайыстырады. Тіпті ендігі жерде біз латын алфабитіне көшкенде Ресейде отырған бауырларымызбен рухани бірлігіміз тіпті де алыстай береді деген сөз.
Ресми деректер бойынша, соңғы жиырма жылдың ішінде ішкі Қытайдан 45 миллион халық Шыңжаңға қоныс аударыпты. Осы өлкедегі 400-ге жуық таза қазақ мектебінде 2008-2009 оқу жылынан бастап сабақтар жаппай қытай тілінде оқытыла бастаған. Өздерінің оқу жүйесі бойынша аты «қос тілді» оқыту деп аталғанымен, шын мәнінде, «Қазақ тілі» мен «Әдебиет» пәнінен басқа пәндердің бәрінде сабақ бір ғана тілде (қытайша) жүріледі. Қазақ тілінде бірде-бір бала бақшаның болмауына байланысты қытайша оқу үрдісі қазақ мектептернің табиғи тұрде жабылу жағдайын туғызды. Бұрын қазақ мектептері ұлттық денешынықтыру және ұлттық ән-би, күй, айтыс, ою-өрнек секілді көркемөнер сабақтарына айрықша мән беріп, ұлттық салт-дәстүр, наным-таным, киім-кешек, ұлт тарихы жөніндегі білім жастардың бойына дарып жататын еді. Ал қазір мектептердің бірігуімен бұл үрдіс жойылып, аты-жөні қазақ болғанмен, түр-тұлғасы, киім-кешегі, ойлау жүйесі қытайлардан аумайтын аты қазақ, заты қытай жаңа буын пайда болды. Қазіргі таңда мұндай оқу орындарында домбыра ойнап, күй тарта білетін баланы табу түгілі ұрпақтар арасындағы байланыстың үзілуі, қазақы болмыс пен салт-дәстүрдің өзгеруі, ана тілінің өшуі секілді ұлттың жойылу факторлары қалыптасып үлгірді.
Көрші бауырлас Өзбекстанда 500-ге жуық қазақ мектебінің жартысы жабылды, қалғандары аралас мектептерге айналды. Мұның өзі бұл елдердегі қазақ этносы он бес-жиырма жылдың айналасында толығымен тілінен де, ділінен айырылады дегенді білдіреді.
Ал салт-дәстүр, тілі қазақша сақталып, соны өздерінің үлкен мерейі санап келген моңғолиядағы қазақтардың басына да тұман үйірілді. Жақыннан бері моңғолданған қазақ жастарының «білім жүйесі біріңғай - моңғол елінің тесттік жүйесіне бағынуы керек» деген өтінішін оп-оңай қабылдауға бейімделген ондағы оқу басқармалары ендігі жерде оқулықтарын тек қана моңғол тілінде басып шығаруды қоға ала бастады. Олай болса ондағы қазақтардың да «өлер күні таяу». Ал Еуропа елдеріне шашылған қазақтар онсызда күн санап ары қарай кетіп бара жатыр.
- Ендеше, азғана адам емес, 5 миллион санды құрап отырған бауырларымызға қазақтың иесі болған қазақ мемлекеті қандай көмектер көрсете алады?
Шеттегі қазақтың қазақстанға келу-келмеуі өз таңдауы. Алайда қазақ иістінің қазақ болып өз болмысымен өмір сүруі үшін қамқорлық көрсету барлық қазақ азаматының ғана емес, қазақ мемлекетінің де бұлжымас парызы.
Өзге жұртта отырған өз туысқандарына көмектесудің әлемдік тәжірибелері аз емес. Қандастарына қол ұшын беруді парыз санаған бауырмал елдер шет елдегі ұлттық мәдени орталықтарына бюджеттен арнайы қаржы бөліп, нақты қолдау жасау арқылы өзгенің құшағындағы өз ұлтының өкілдеріне белсенді көмектер көрсете алады. Мысалы, Оңтүстік Корея Алматыдан мәдениет сарайын сатып алып, Корей мәдени орталығына айналдырды. Ал солтүстік Корея болса Қытай мемлекетімен еңбек келісім шарты арқылы әр жылы өз қандастарын топ-тобымен елдеріне әкеліп мерзімді еңбек еттіреді. Сол арқылы олардың ұллтық болмысын сақтауына, тіпті аздап қоныс аударуына да белгілі дәреже ықпал көрсете алады. Германия елі де Қазақстандағы неміс мәдени орталықтарына нақты қаржылай көмек көрсетіп келеді. Тіпті өзінің «отаны жоқ» деп кемсітуге ұшырап жүрген ұйғыр түріктерінің де әр елде (біздің елде де) мәдени орталықтары бар. Израиль мен Германияның озық тәжірибесіне сүйенер болсақ, олар мемлекетке алақан жайғаннан көрі ұлт патриоттары арқылы «Ұлттық көші-кон қорын» құру жолымен де өз қандастарының мүддесіне тиімді біраз мәселені шешіп отыр. Қытай ұлты да өз топырағындағы халық санының қауырт артуына байланысты хан ұлты жұмыскерлерін өзге елдерге апарып жұмыстандырушыларға әр түрлі қаржылық қолдау білдіріп отырады.
Жоғарыдағы тәжрибелерден қарағанда қандастарымызды көшіріп әкелу мәселесінің ең алдымен сол елдегі елшіліктеріміз арқылы қолға алынып, көрсетілер рухани көмектің де солар немесе ондағы қазақ мәдени орталықтары арқылы іске асатынын көрсетеді. Елшілік қызметінің - Сыртқы істер министрлігінің құзыреттілігде болуына байланысты ол өзге елдің ішкі ісіне толық араласа алмаса да, қазақ мәдени орталықтарының ұлт бірлігі арқылы атқарар жұмысының аясы кең.
Бұл барыста Қазақстан тарапы байланыс жасаушы елмен екі жақты қарым-қатынастардың күшеюін және стратегиялық әріптестік қатынастарды пайдалана отырып, ондағы қазақтардың ұлттық рухын нығайтатын жүйелі, нысаналы және байыпты саясат жүргізуі қажет болады. Атап атйқанда шетелдегі қазақтың рухани әлеміне тікелей әсер ететін - кітап, газет-журнал сынды түрлі басылымдар, кино, радио-телевизия, ән-күй, би, сурет секілді өнер туыныдары, әр түрлі мәдениет алмасулар, өнер адамдары мен студент-оқушылардың бір-біріне барыс-келісі арқылы өтетін іс-шаралары, спорттық бәсеке, жәрменке, т.б-лар.
Ендеше біздің рухани көмегімізге зәру болып отырған алыстағы ағайынның барын асырып, жоғын жасырып бабалар өсиеттеген бағзы жолмен оларды бауырымызға тартуымыз біздің ұлттық ұжданымызға сын деген сөз. Қазақ көшінің қамы қара қазақ баласының қайғы-мұңы болғандықтан қазақтың жыртығы жамалып, көз жасы тиылмайынша біздің де ұйқымыз келмейді.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхабаттасқан Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ
ABAI.KZ