Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1917 4 пікір 24 Қазан, 2022 сағат 13:34

Семейдегі Ертіс ормандарында өрт шықты

Абай облысында Семей қаласына қарасты Озерки ауыл округі өртке оранды.

22 қазан күні сағат 20:00-де «Семей орманы» кезекші диспетчері «101» пультіне хабарласқан.

Айтуынша, Озерки ауыл округінде құрғақ шөп, бұталар жанып жатыр.

Оқиға орнына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатты.

Каштак орманшылығынан 23 адам, оның ішінде 5 бала Каштак ауылына эвакуацияланды. Өрт 23 қазан таңғы сағат 05:20-да оқшауланды.

Абай облысы ТЖД-дан орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 техника, «Семей орманы» резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ, бір полицей мен автокөлік жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрттің ауданы 35 гектарды құрады, оның ішінде шамамен 5 гектары - орман.

Дала өртін өшіру үшін Каштак, Талица, Ертіс орманшылығынан 17 қызметкер, 4 техника жұмыс істеп жатыр.

 

Abai.kz

4 пікір