Сенбі, 23 Қараша 2024
Соғыс 2780 2 пікір 27 Қазан, 2022 сағат 11:34

Путин Киевті жаулай ала ма? Жауабы: Жоқ!

Ресей президенті Путин Украинаның Киевпен өзге қалаларын снариядпен атқылауға бұйрық берді. Бұдан бұрында соғыс кезінде көптеген мемлекет басшылары қарсыласының астанасын бомбалап, үрейлендірмек болған.

Фашистік Германия екінші дүние жүзілік соғыста ең алғашқы снаряд, соғыс ұшақтарымен Лондонды бомбалағалы бері барлық соғыста дерлік осы шабуыл қолданылып келеді. Барлығының көздегені бір ғана мақсат: Қарсы жақты соғыстан бас тартуға, келісімге келуге мәжбүрлеу. Басшылардың көкейінде орталықтың мәдени нысандары мен экономикалық тіректерін құрбан етудің бодауы қандай болады деген сұрақ туындату, сондай-ақ халқын қорқытып, олардың соғысты қолдау жігерін мұқалту. Бірақ мұндай тактикаға үміт артқан басшының көретіні тек қана жеңіліс.

Бәрінен де маңыздысы мұндай соққы, керісінше, бомбаланған мемлекеттің өзара билігі мен халқын тығыз ынтымақтастырып, аяғына дейін баруға күш береді, екіұдай биліктің жігерін қайрап, анағұрлым жоғары соғыс мақсатын алға қоюға итермелейді. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен одақтас елдер қалаларды жаппай бомбалауды дәріптеді. Бұл тактиканы көп елдердің қайталауының бір себебі осында жатыр. Берлин мен Токио қиранды астында қалды, жүз мыңдаған адам ажал құшты, миллиондаған адам босып кетті. Тарихшылар қазір мұндай соққының нәтижесі шамалы болды, Германия мен Жапонияның өнеркәсібін күйреткенімен, жігерін мұқалта алмады деп қарайды. Кейін көптеген елдер соғыстан сабақ алып, әскери өндірісін қала орталығынан басқа жаққа көшіріп әкеткен. Содан бастап бұл тактика өнімділігін жоғалтты. Ел орталығын бомбалаудың түпкі мақсаты берілуге, кері шегінуге итермелеу болғанымен, жалпы жақтан алғанда сол жолды тұйыққа тірейді.

Іс жүзінде мұндай соққы қарсы жақтың басшысына толық жеңіске жеткенде ғана қауіптің сейілетінін ұқтырып, өйтпегенде тыныштық орнамайтынына көзін жеткізеді. Жауап ретінде, жаңадан қарсы тұру жоспарын құрады, агрессор жақ ойлағандай кері шегінбейді. Соққыдан туған мұндай берік сенім тактика жақтан да, көңіл күй жақтан да болуы мүмкін.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияның Лондонды аласұра бомбылаудағы мақсаты өндіріс қожайындары мен халықты соғыстан шошындырып, Англияны шегінуге көндіру болды. Сол кездегі статистика көрсеткендей бомбалаудан кейін халық Германиямен келісімге келуге қарсы шығып, жалғастыра соғысуды қолдаған. Үкіметті қолдау көрсеткіші 90 пайызға жеткен.

1966 жылы Америка да Вьетнамның солтүстік қалаларын бомбалап, халқын қорқытып, билігіне қысым түсіріп, соғыстың аяқталуына мүдделілік танытады деп ойлаған. Пентагонның сарапшылары байқағандай, жергілікті билік өкілдері «Жерімізге бомба тастаған америкалықтарды қуып шығайық» деген жаңа ұранмен басқаша тактикаға көшкен. Одақтастары Мәскеу мен Бейжің де шабуылды айыптап, әскери көмекті бұрын-соңды болмаған деңгейде көбейткен. Соққының экономикалық, адами шығыны ауыр болған сайын, Вьетнам халқы коммунистік билікке соншалық қолдау білдірген.

2000 жылдардағы Израиль әскері мен Палестина қарсылық ұйымдарының қақтығысы да, жоғарыдағы мысалдарға ұқсайды. Палестиналықтардың жиһаты еврейлерді үкіметтің қатаң саясатын қолдауға ұйыстырған.

Путиннің алдыңғы аптадағы бомбалауы сияқты қимылдар тағы бір жақтан бір мемлекеттің әскери антын орындауын күшейтіп, берілу ойын тудырмайды.

Соғыс алдыңғы шеппен ғана шектелгенде, халықтың соғыс салдарын сезінуі жауынгерлермен, басшылармен ұқсас болмайды. Ресейде де осындай жағдай. Орыстардың соғысқа қарсылығы мобилизациядан кейін күшейгенімен, Кремльдің теріс насихатын тыңдайтын көптеген ресейліктер үшін соғыс әлі де абстракт ұғым. Сол үшін де соғысты қабылдайды, мықтағанда артық жүк санайды, экономикалық, басқа салдарын сөз етеді.

Бірақ тұрғын үйлерге жасалған соққылар халық пен жауынгердің парқын жояды. Орыстың бомбасынан баспанасы қираған украиналықтардың кешірмейтіні соның дәлелі. Олардың тұрған үйі алдыңғы шепке айналды.

Заманауи соғыста Путиннің тактикасы керісінше нәтиже береді. Біреулер айтқандай ел ішінде соғысты қолдаушылардың көңілін табу үшін жасалса да, тарих көрсеткендей, мұндай соққыдан кейін соғыстың нәтижесіне көңілі толмайтындар еселеп артады.

Макс Фишер, The New York Times газетінің журналисі 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5342