Ұжымдастырудың қазаққа тигізген қасіреті...
Кеңес билігі құрылғаннан кейін ұлттың болмысы мен мәдениетін өзгерту мақсатында саясат жүргізді. Әсіресе, дәстүрлі шаруашылықты түп тамырымен жоюға бағытталған кеңестік реформалар орны толмас қайғы – қасіретке әкелді.
Серіктестіктер, артель, кооперация құрудың арғы жағында елдің болмысының тұтастығы мен рухани тереңдігін сақтап тұрған тұлғалар институтын әлсірету, яғни қазақ байларын түгелдей жою саясаты көзделді. Сол кездегі қазақ қоғамындағы елге жаны ашитын, іскер адамдарды жаппай қудалау, репрессияға ұшыратудың салдарынан ең соңында ұлттың өзі де жойыла жаздағандығы тарихтан белгілі. Ұлттың шаруашылығы - мемлекеттің негізгі тірегі, темір қазығы. Шаруашылық, елде бірлік, іскер адамдар болмаса мемлекет, қоғам қожырап, түбі жойылып кетеді. Елдің мәдениеті мен шаруашылығы бірі-бірімен тығыз байланысты. Шаруашылық ғасырлар бойы ұлттық тәжірибенің негізінде жетіліп отыратын дүние. Ұлттық тәжірибе деп ұлттың интеллектуалдық мүмкіндіктерін, соның негізінде қалыптастып отырған іскер адамдардың жасаған иігіліктерін айтамыз. Ұлт шаруашылығының жүгізілу тәртібі, әсіресе оның тәжірибелері ең алдымен атамекен жағдайына байланысты. Қазақ даласы мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан көшпелі тұрмыстағы шаруашылықты жетілдірудің тәсілдері көне заманнан - ақ берік қалыптасқан. Қазақ хандығына дейінгі мәдениетімізде де көшпелі шаруашылықты жүргізу тәртібі сақталып отырған еді. Сондықтан да, қазақтың көшпелі негіздегі мал шаруашылығындағы тәртіп пен тәжірибе ғасырлар қойнауынан тамырын тереңге жіберіп, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырған. Ал, байлар кешегі аумалы - төкпелі кезеңдерде халықтың осы бір тәжірибесін сақтап, сол арқылы қазақ қоғамының болашағына қызмет етіп отырған адамдар болатын-ды.
Патша билігі тұсында қазақ қоғамы өзінің негізгі дәстүрлі институттарынан қол үзгенімен, байлар мен діни адамдар қолдан келгенше халық шаруашылығын сақтау үшін күресіп отырды. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыдан кейін де іштей болса да, яғни шаруашылықты сақтап, ұлт болашағы үшін күресу жойылған жоқ. Патша билігі қазақ даласындағы стратегиялық маңызы бар жерлерге бекіністер салып, әскерін мықтап бекітіп алған тұста, қазақтың ел басқарған адамдары елдің тұтастығын сақтау мақсатында халықты айналасына шоғырландырып отырған. Қазақ қоғамының ішкі құрылымын өзгертпеу үшін патша билігіне қарасты болыс, сот секілді қызметтерге барынша араласуға мәжбүр болды. Сөйтіп, бар мүмкіндіктерінше қазақ қоғамындағы шаруашылық пен діннің қызметін сақтап отырды. Патша билігі қазақ қоғамын белгілі бір тәртіппен ұстауда арнайы дін қызметкелерін тағайындап, жер - жерлерге жіберіп отырса, ал қазақ байлары осы саясатқа қарсы тұра алатын мешіт, медреселерді сақтап қалды. Сөйтіп, көптеген діни адамдардың, алаш зиялыларының қалыптасуына әсер еткен. Олардың қазақ балаларын оқытып, елдің рухани орталықтарына айналған ауылдардағы мешіт, медреселердің қызметін дұрыс пайдалану арқылы ұлттың дінімен қатар, мәдениеті мен тілінің де сақталуына ықпал еткендігі байқалады. Егер, сол кездегі қазақтың байлары осындай қызмет жасамаса, алаш зиялылары қалыптаспаған болар еді. Осының бәрін зерделеп үлгерген қызылдар билігі қазақ қоғамының тірегі болған байларды түп-тамырымен жою үшін бар күшін салды.
1932 жылы «Актюбинская правда» газетінің беттерінде ұжымдастыруға қатысты облыс басшыларының баяндамалары қайта - қайта жарияланды. Жарық көрген мақалалардан колхоздастыру жұмыстарының насихатталғанын көруге болады. Сол кездегі ОБлЗУ басшысы Тирановтың «О состояний коллективизации в казахском ауле и об очередных задачах» тақырыбындағы баяндамасын қарайтын болсақ, Ақтөбе облысында 1932 жылдың өзінде кеңес үкіметіне қарасты 84 000 қожалық бар екендігі жазылған, оның 68 000 қазақ қожалықтары деп көрсетілген. Облыста жүргізіліп жатқан ұжымдастыруға қатысты жарияланған мақалалардың барлығы да дәстүрлі ұлт шаруашылығының тиімділігін терістеп, халықтың ұлттық санасын жоққа шығаруға, жоюға бағытталған: «Мы имеем в области – округленно 84 000 хозяйств, из них 68 000 казакских. Иначе говоря, свыше 60 проц. хозяйств падает на казакское население.
Классовые враги и их идеологи пытались теоретически обосновать невозможность социалистического пути развитие сельского хозяйства.
Профессор Макаров, один из вредителей тормозивших развитие сельского хозяйства в нашей стране, утверждал, что: «Колхозное движение есть прежде всего востановленческое движение». Что это значит? Что колхозное хозяйство способно довести уровень производства только до довсенного уровня и не может его превзойти.
Такова «теория» классовых врагов, опрокинутая действительностью эпохи социалистического строительства» [1]. Егер сол кездегі қызылдар билігінде отырғандар шынымен ел экономикасын көтеруді көздесе, онда ұлттың барлық тәжірибесін сақтап, іскер адамдарын да қолдаған болар еді. Шаруашылықты жүргізудің тәртібін меңгерген кісілердің тәжірибесін қоғам үшін пайдаланар еді. Өкінішке орай, кеңес билігіндегілер бұлай жасаған жоқ. Жөн білетін адамдарды қудалау күн сайын артқан. Сайлау құқынан айыру, партиялық тазалау, тіпті ұлт болашағына қарсы күрес оқу орындарын тазалауға дейін ұласқан. Қазақ қоғамына орны толмас зардап әкелген ұжымдастыру науқанының негізінде, большевиктер екі мақсатты қана көздеген: біріншісі ұлт зиялыларын, елдің бетке ұстар адамдарын (оларды қуғындап, әлсірету арқылы) түгелдей жойып жіберу. Екіншісі қарапайым адамдардың күшін тегін пайдалану, қазақ ауылдарын ет дайындауда табиғи өнім көзіне айналдыру. Егер қазақтың байлары, басқа да зиялы адамдары әлсіреп, түгелдей жойылмаса халықты басқара алмайтынын, елімізді шикізат көзіне айналдыра алмайтындығын большевиктер жақсы білген.
Ұжымдастыру кезінде халықтың күші молынан пайдаланылды. Жалған саясатпен «отырықшы» қылудың негізінде шаруашылықты жатқа (өздеріне) тәуелді қылу мақсаты көзделді. Елдің бар жиғанын, ата-бабасынан келе жатқан байлығын тартып алып шаруашылықты ортақ қылуда негізгі пайда «орталыққа» кетті. «Кедейлердің мүддесін қорғаймыз» деген қызылдардың өзі қанаушы күшке айналды. Адамды кеңестік саясатқа толықтай бағындыру үшін қоғамның есігі жан-жақтан мықтап жабылды. Кісілік талғам, көзқарас, тіпті діни сенімнің өзі адамның ішінде жасырын түрде өмір сүрді. Жеке басының бостандығы, ұлттың мүддесі үшін қарсылық білдіргендер бірден партиялық тазалауға іліккен. «Жергілікті ұлтшылдықпен күрес» деген ұран большевиктік күш көрсетудің ұранына айналды.
Жылма жыл күшейіп отырған тәркілеу сынды құйтырқы саясаттың салдарынан халық көтерілді. Ал, 1932 жылы Голощекин кеңес қоғамына «жат элемент» ретінде саналған адамдардан тартып аынған мал-мүлікті және ет, астық дайындау науқанын үлкен жетістік деп «санаған». Оның баяндамаларында осы сарындағы сөздер жиі кездеседі: «Надо напомнить, прежде всего, то что еще в 28 году, несмотря на огромные сдвиги и тому времени в сравнении с прошлым, Казакстан был краем архиаграрным. Казакский аул в то время был в основным кочевым и полукчевым, с исключительно тебеневочным, полунатуральным животноводическим хозяйством. Животноводство было исключительно неустойчивое. Основная масса поголовья (50 проц. и больше) принадлежала... процентам байских хозяиств 69-70 проц. Хозяйств казакского аула составляли бедняцкие хозяйства... В общественных отношениях аула еще господствовал полуфеодальные отношения; эксплоатация населения состороны полуфеодалов проходила на основе их экономической мощи и использования пережитков родовых отношений...» [2.]
Байыппен қарасақ қазақ халқы қашаннан төрт түлік мал өсіруді тірек еткен шаруашылыққа тұрақтауды ерте түсінген халық. Байлар ел экономикасына пәрмен беретін негізгі институт болды. Большевиктер тілімен айтқанда негізгі өндіргіш күштер болып табылды.
Байлар қазақ қоғамында негізгі үйлестіруші, ауыл аймақтың тұрмысына жауапты адамдар болған еді. Кеңес билігі құрылған тұстың өзінде білетін адамдардың айтуынша, қазақтың әрбір байында шамамен 5000 және 3000 шамасында жылқы болған. Ал, қарапайым ауыл адамдарында шамамен 300-200 үстінде қой, 20 сиыр, 50 жылқы, 10-20 түйеден болған. Осы себептен байлар жерді сақтау үшін, патша билігімен келісімге келе отырып елді қорғау үшін далалықта бөлек отырған. Әлихан Бөкейханов жазғандай, «Жер көп болса мал бақса, бұл шаруаны қылған жұрт малмен бірге көшіп жүрген. Жер аз болса, жердің һәуасы егінге қолайсыз болса, мал шаруасын ұстап отырып, малды көшіріп қойып, жұрт өзі отырықшы болған».
Хандар заманында да байлардың рөлі жоғары болған. Егер қазіргідей бейбіт заман орнаса, онда елде өндіріс орындарын ашып, ұлт щаруашылығы негізінде жаңа экономикалық айналымды қалыптастыратын солар болар еді. Қарапайым халық алдыменен шаруашылық өнімдерін байларға өткізеді. Қазір орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту қажет деп жатырмыз, байлар тарихта сол заманның деңгейінде ата кәсіптің түрлерін түгелдей сақтап отырған. Тек олардың заманында бүгінгідей өнімді сыртқа шығаратын орталықтар болмады. Қазақтың азық-түлік технологиясына қарап, қарапайым болса да жаңа уақыттың жаңа тәжірибесіне ілесе алатын мүмкіндіктің қашанда болғандығын ескеру қажет. Қазіргі уақытпен қарайтын болсақ сол кездің өзінде қазақ қоғамында экономиканы тұрақтандыру бағыты дұрыс қалыптасқан. Бұл мал, егін шаруашылығымен байланысты экономика, сауда байланыстарын жетілдіру болатын. Іскер адамдар барлық кезде де қажет. Қоғам, билік тарапынан шынайы іскерлік бағалануы керек. Сол замандағы байлар қай жағынан да іскер адамдар болды.
Әділетсіздіктің, түрлі қысымның салдарынан қазақ ауылдары үлкен қиыншылыққа ұшырап жатқан тұста кеңес билігі бір қана ет, астық өнімдері бойынша Қазақстаннан мол пайда тапқан. Голощекин: «За четыре года народное хозяйство Казакстана достигло большого роста и сельском хозяйстве и в промышленности. Рост валовой продукций, начиная с 29 года, выражается (в миллионных рублей): 667,3; 909,1 1.039,5; 1.141,9 милл. рублей. Причем удельный вес продукций промышленности в процентах по этим же годам следующий: 28 9; 28,3; 35,3; 53,2 проц. (по 32 году даются контрольные цифры). Стало быть, при росте валовой и товарной продукций сельского хозяйства – налицио рост продукций промышленности, что превратило уже сейчас Казакстан из края архиаграрного, в аграрно индустриальный...» - деп көрсеткен[2.]. Кеңес билігі тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдырын зерттеуде мына нәрсені ескерген жөн. 1928 жылы Ақтөбе облысы бойынша мал-мүлкі тәркіленіп Қарқаралыға жер аударылғандар шамамен 70 адам болған. Бұлар кеңес билігі тарапынан ірі байлар деп танылған адамдар. Осы кісілердің мал-мүлкін тәркілеудегі жеке істерін қарайтын болсақ Алашорда қызметін қолдады, олардың жасақтарына қолдау көрсетті деп жазылған. Бұлардан тартып алынған мал саны қасақана аз көрсетілген. Әр адамнан тәркіленген жылқылардың саны шамамен 600-500 шамасында. Шын мәнінде оларда бұданда көп мал болған (5000 мен 3000 шамасында жылқы өсірген байлар сол кездің өзінде қазақ қоғамында аз болмаған). Ал, тартып алынған осыншама малдың қай жолмен сыртқа жіберілгені белгісіз. Кейбір деректер бойынша Ақтөбе облысының аудандарындағы байлардан тартып алынған жылқыларды үйір - үйірімен Орск қаласындағы ет комбинатына айдап апарған. Айдап апарған жылқылардың кейбір үйірі ауылына қайта қашып келген көрінеді. Темір жол арқылы да тәркіленген малдар сыртқа жөнелтіліп отырған. Тәркіленген жылқылардан шаруаларға пайдалануға кредитке берілгендігі жөнінде де деректер мол кездеседі. Мәселен «Степная правда» газетінің 1929 жылы 12 наурызындағы санында «Животноводсоюз Сев.Зап. области снабжает к весеннему севу бедноту и колхозы несколькими тысячами лошадей в кредит» - деп жазылған.
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының қорларында ет пен астық дайындауға қатысты да деректер көп кездеседі. Облыстық мұрағаттың 63-ші қорында ет дайындауға қатысты арнайы құжаттар сақталған. Мәселен 1930 жылы 28 шілдеде Ақтөбе окружком конторы жанындағы «Союзмясо» төрағаларының ет дайындау шараларына қатысты жиылысы өткен. Сонда облыс бойынша ет дайындау жұмыстарының баяулап қалу себептері қаралған. Жиналысқа «Союзмясо» басшысы Верзунов, Дудник, «Живсоюз» өкілі Лимонов, Скотоводтан Лакер, Егоров, Госбанктен Глазков, Магбунов, Торготделден Крутиков, Казторгтан Подкуко, Ветотделден Иванов және т.б. өкілдер қатысқан. Жиналысты «Союзмясо» басшысы Верзуновтың өзі жүргізген. Жиналыс барысында жасалған баяндамаларда мынадай деректердің келтірілгенін көруге болады: «По имеющимся сведениям на 26 июля «Скотоводу» передано системой «Союзмясо» 5757 голов и Живсоюзом на 13/ҮІІ-30 года 3730 голов. Причинами тормозящими комплектование стад совхозов являются массовые случая задержки или маточного скота находящегося на передержке или со стороны населения так и районных организаций наличием задержание некоторых пунктов повалнойние скот находился на передержке...» [3. 9-п.]. Бұл 1930 жылғы аз уақыт ішіндегі жағдай. 1928 жылдан бастап «бай», «кеңес үкіметіне қарсы элемент» деп танылған адамдардан тәркіленген малдың өзі қаншама? 1930 жылдың бір айының өзінде бір ғана Ақтөбе облысынан қаншама мың бас малдың етке тапсырылғанын байқауға болады. Осы жиналыстың қаулысында, «Заслушав телеграмму крайконтори В 2357 от 15 ҮІІІ и информацию тов. Верзунова о ходе комплектования стада Совхозов «Скотовода» и «Овцевода» совещание констатирует:
- Недостаточный ход комплектования, так по «Скотоводу» выполнено 30% плана по «Овцеводу» 75%. Основными причинами тормозящими выполнение плана являются массовые случаи задержки маточного состава находящегося на передержке...
- Исходя из имеюшихся возможностей, а именно предполагаемого получения 26, 000 от семки с контрактаций 10 000 голов от текущих заготою к на 4-й квартал. Ориентировочно до 5000 голов наличие имеющегося у заготовителей и получения до 2000 голов от принимаемого конфискованного скота.
- Принять все меры к усиленному формированию, комплектованию стада «Скотовода» и окончание комплектования стада «Овцевода» предложив в самой категоричекой форме Окрживсоюзу выполнить предложение краевых органов о немедленной сдаче всего скота «Союзмясо» и маточном пройзводственного «Скотоводу»...
- Обязат «Союзмясо» весь маточный производственный скот снимаемый с контрактаций и текущих заготовок, а также принимаемого конфискованого скота передать без задержки по прямому назначению...» - делінген [3. 9-п.]. Халықтың ішінде байлар мен басқа да адамдардың мал-мүлкін тәркілеу тек бір уақытпен шектелмей 1930-31 жылдары да, тіпті одан кейін де жүргізілгенін ескеру қажет. Кеңес билігі құрылғанға дейінгі уақытта қазақ ауылдарында мал саны аз болмаған. Халықтың қолында жақсы өмір сүруге, тұрмысты жақсартуға жеткілікті мал болған. Ал, 1929 жылдан кейін бұндай мүмкіндік қалған жоқ. Сөз бен ісі бір бірін қайшы келетін тәртіп, ереже, түрлі науқандар ең соңында елді үлкен қиындыққа әкеліп тіреді. Көптеген адамдар бай болмаса да бай деп танылды, кедей болмаса да кедей деп танылып колхоздың жұмыстарына мәжбүрлеу орын алды. Бұған амалсыздан көнді, көнбегені қуғындалды, аштықтың, кеңестік саясаттың құрбанына айналды, басқа жаққа кетуге мәжбүр болды. Айналып келгенде бұның барлығының ел мәдениетінің түп тамыры саналған ауылдардың да жойылуына әкелгендігін көреміз. Сондықтан да, ауылдарды өзгерту, мешіт-медреселерді тарқатып, ел ішінде үлкен мәдени орталыққа айналған ауылдарға басқа атау берудің астарында да үлкен саясат жатқандығын ескерген жөн. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатындағы қорларда кездесетін деректерге жүгінсек, 1929-30 жылдардың өзінде қазақ ауылдарында (большевиктер бірыңғай қазақтар отырған жерлерді солай атаған) мал саны көп болған. Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының 63 қорында 1929 жылғы Ақтөбе округіндегі тері өңдеу көрсеткіші бойынша құжаттар сақталған. Осы деректерде кездесетін мал санына келер болсақ қазақ ауылдарында 252963 жылқы, 595418 сиыр, 1221125 қой, 277545 ешкі, 231775 түйе болған. Ал болшевиктер айтқан орыс ауылдарына келсек оларда колхоздар есебінде 39905 жылқы, 164577 ірі қара, 161 620 қой, 9218 ешкі, 2356 түйе тіркелген [3. 47-п.].
Ақтөбе облысындағы 1929-30 жылдарға арналған тері өңдеу жоспарында 1 кварталда 22 000 ірі қара, 70 000 қой, 2 кварталда 44 000 ірі қара, 140 000 қой, 3 кварталда 27500 ірі қара, 35000 қой, 4 кварталда 15500 ірі қара, 105 000 қойдың еті мен терісін сыртқа жіберу жоспарланған. Осы жоспар бойынша бір жыл ішінде сойылатын мал саны 110 000 ірі қара, 350 000 қой делінген[3. 50-п.].
Кез - келген мемлекеттің, қоғамның дербестігін айқындайтын өз өлшемі бар. Бұның өлшемі ең алдымен уақыт пен елдің тұрмыс жағдайына байланысты көрініп отырады. Сол себептен ел шаруашылығына қатысты анықтаманы беруде оған бір жақты ескі, көне деп қарауға болмайды. Елді сақтап, ұлтты асырап келген шаруашылық жаңа заманға да қажет, уақыттың жаңа ағымдарына да ілесе алады. Ұлттың қазіргі өмірі мен болашағына қажет негізгі дүние – жер. Сондықтан да, ел территориясы барлық кезде қорғалып отыруды қажет етеді. Жер болмаса ұрпақ мемлекетін сақтай алмайды. Ал, атамекен болмысы кез - келген жаңа өзгеріске біртіндеп көшуді қажет етеді.
Еліміздің географиялық орналасуы да сыртқы жаудан қорғануды талап етті. Осындай қиыншылықтарды жеңуде барлық кезде қазақ қоғамында адам шығыны аз болмаған. Бір жерді қана иеленіп, ауыл, қала болып отырса жер тозады. Бұндай ортада аз күш жұмсап, көп мал ұстап отыру мүмкін емес. Тарихтағы қазақ қоғамында төрт түлік негізгі әлеуметтік ресурс болғандықтан мал саны аз болмауы керек. Айналып соғып отыратын табиғи апат тағы бар. Ол үшін жердің үстіндегі байлық күні бұрын қорғалуы тиіс. Осындай бірінен соң бірі туындап отыратын қажеттіліктер елге үлкен міндет болып жүктелген. Негізгі міндет елдің тазалығымен, тұтастығын сақтаумен бірге жердің де тазалығын, тұтастығын қорғау, соған бейімделген шаруашылықты дамыту болып саналған. Кеңестік ұжымдастыру осы игіліктердің барлығын жойып жіберді. Барынан айырылған халық «аштан өлгенше соғысып өлейік» деп көтеріліске шықты. Қызылдар билігі амалсыздан қолына қару алған адамдарды «банда», «қарақшы», «антивоветтік» деп айыптап, аямай жазалады. Көтерілістерге басқа «өң» беріп, ұлтын сүйген тұлғаларды (Алаш) айыптап, бір сөзбен айтқанда елдің бас көтерер адамдарын қырып салды. Жалған айыптау сол бір қасіретті кеңестік кезеңнің басты белгісі болды. Сталиндік саясат адамдардың санасына үрей мен қорқынышты ұялатқаны соншалықты, адамдарды тегін жасыратын деңгейге жеткізіп, адамдарды бір-біріне сенбейтін дәрежеге жеткізіп, бірліктің іргесін сөкті.
Әдебиет:
- / Актюбинска правда. - 23 июль 1932.- №109.
- / Актюбинска правда. - 5 ноябр 1932.- №195.
- Протокол заседания коллегии Казахского народного комиссариата внутренне и внещней торговли о скотзаготовках.../ Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты.- 63 қор, 1 тізбе, 23 іс.-144 пп.
Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы,
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты
Abai.kz