Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3325 0 пікір 6 Ақпан, 2013 сағат 11:10

«Бiр ғасырдың iшiнде Монғолияның аумағындай жерден айырылдық»

Өткен аптаның соңғы күндерi Астанада бiрнеше қоғамдық қозғалыстың же­тек­шiлi­гi­мен дөңгелек үстел, наразылық шарасы, баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Онда жер дауы, баспана мәсе­лесi, заңды құқығы тапталған азаматтардың арыз-шағымдары қызу талқыға түстi.

БИЛIК ҚАСИЕТТI ЖЕРДI ТАУАРҒА АЙНАЛДЫРДЫ

Бейсенбi күнi "Алматы" iскерлер үйiнде "Жер тағдыры - ел тағдыры" атты дөңгелек үстел өттi. Онда жер дауы мен кезiнде "Шаңырақ", "Әйге­рiм", "Бақай", "Ұлжан" ықшамаудандарындағы қан­ды қырғында қазақтың құқығын қорғаған Арон Атабектiң қоғамдағы орны әңгiмеге арқау болды.

"Қазақстан парламентаризмдi дамыту қоры" қоғамдық қозғалысының төрайымы Зәуреш Баталованың айтуынша, Арон Атабек қазақтың жерiн, елiнiң құқығын қорғағаны үшiн түрмеге тоғытылды.

Қазақстанда бүгiнгi күнге дейiн жер дауы өт­кiр әрi өзектi мәселе күйiнде қалып тұр. Ата заң бойынша жер - халықтың мүлiгi. Дегенмен, бүгiнде билiк қасиеттi жердi тауарға айналдырды, - дейдi Зәуреш Баталова.

Шоқантанушы Назарбек Қанафин марқұм Заманбек Нұрқадiлов әкiм болып тұрған кезде Алматының төңiрегiне қазақтарды шоғырландырып, "Шаңырақты" құрып, жер телiмдерiн халыққа тең бөлiп заңдастырғанын, әр аймақтан келген қазақтың үй тұрғызуына қолғабыс болғанын жеткiз­дi. "Бiрақ Алматы қаласының сол кездегi әкiмi Иманғали Тасмағамбетов бұл үйлердi бұзуға тапсырма бердi. Шаңырағы шайқалған қаншама адамның көз жасы төгiлдi, қаншама адамның зарлаған үнi естiлдi? Сонда да билiктiң қылы қисаймады, халқына жаны ашымады..."

ХАЛЫҚ ӨЗ ШАҢЫРАҒЫН ҚОРҒАДЫ

Дөңгелек үстелде сөз алған "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитетi" қо­ғамдық қорының басшысы Мұсағали Дуамбеков соңғы бiр ғасырдың iшiнде қазақ елi Монғолияның аумағындай жерiнен айырылып қалғанын ашына айтты. "Жер дауы - қазақ үшiн өмiрдегi ең үлкен дау. Ата-бабаларымыз ХIХ ғасырға дейiн 4,2 миллион шаршы километр жердi көзiнiң қарашығындай сақтаған. Ал қазiр сол жердiң 2,75 миллион шаршы километрi ғана қолымызда. Сонда қазақ небәрi бiр ғасырдың iшiнде дерлiк 1,5 миллион шаршы километр жерден айырылды", - дейдi ол.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор "Тұран" бiлiм беру корпорациясының вице-президентi Орақ Әлиев ортаға «әдiлет­сiздiктiң қайнар көзi жерде жатыр» деген ой тастады. Сонымен бiрге жердi ұлттық меншiкке, халықтың мен­шiгiне қайтару керектiгiн алға тартты. Ол үшiн Конс­титуцияны қайта қарау керек екенiн ескерттi.

Сөз жоқ, "Шаңырақтағы" қанды қырғын билiкке сабақ болды. Сол тұста ұлттық сананың оянуына ұйытқы бол­ғаны үшiн Арон Атабектi 18 жылға соттады. Өйткенi билiк ұлттың оянуынан сескендi. Халық өз жерiн, өз ұясын, қара шаңырағын қызғыштай қорғады. Осылай деп сөз бастаған "Демократия және адам құ­қығы" қоғамдық бiрлес­тiгiнiң төрағасы Болатбек Бiләлов Арон Атабектiң 60 жасқа толуына орай саяси тұтқындарды босату коми­тетiн құруды, олардың отбасына көмектесу мақсатында қоғамдық қор ашуды ұсынды. Егер билiктiң мұндай зорлық-зомбылығына қоғам үнсiз қалып, жауап қатпаса, Атабек, Жақиянов, Атабаев сынды саяси тұтқындар көбейе беретiнiн де сөз еттi. Болатбек Бiләловтiң бұл ұсынысына дөңгелек үстелге қатысқандар бiр ауыздан үн қосып, келiстi.

ПРЕЗИДЕНТТIҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА СҰРАНДЫ

Сондай-ақ, жұма күнi "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитетi" қоғамдық қорының ұйытқы болуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда құқыққорғаушылармен бiрге әр аймақтан әдiлет iздеп келген адамдар сөз алды. Олар өздерiнiң құқығы көпе-көрнеу тапталғанын, құзырлы орындар оларды қорғауға құлықсыз екенiн айт­ты. Сондай-ақ, олардың басына үйiрiлген бұлттан Қазақстандағы бiрде-бiр құзырлы орган арылта алмайтынын, арылтады дей­мiз-ау, олар ши де сындырмайтынын сөз еттi. Сондықтан президент Н.Назар­баев­тың жеке қабылдауына сұранды.

Айтпақшы, дәл осы баспасөз мәслихатына құзырлы органдардың өкiлдерi, мә­селен, президент әкiм­шiлiгiнiң, ҰҚК-нiң, бас прокуратураның қызметкерлерi шақырылғанымен, олардың бiрде-бiрi аяқ баспады.

Дилара ИСА,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371