Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2238 0 пікір 8 Ақпан, 2013 сағат 08:23

Михаил Ростовский. Назарбаев одақтан неге айныды?

Редакциядан:

Президент Н.Назарбаев ресми іссапармен Ресейде жүр. Мұның алдындағы кезекті бір сапарында  Ресейден Түркияға барған мемлекет басшысы: «... Біз, алдымен Ресей патшалығының, сосын кеңес одағының отарына айналдық.  Осы 150 жылдың ішінде қазақтар ұлттық дәстүрінен, тілі мен дінінен толық ажырап қала жаздады»,-  деп келетін мәнде сөз сөйлеген еді.

Сол-ақ екен, Ресей баспасөзі шу ете қалды. Сол сөз орыстың қазаққа деген «сүйіспеншілігіне» сызат түсірген екен. Соның сызы әлі кетпегенге ұқсайды. Оның дәлелі - баяғы коммунистік атауынан ажырамаған  «Московский Комсомолец» газетінің 1 ақпандағы санында «Назарбаев одақтан неге айныды?» деген тақырыппен жарық көрген мақала.

Сол мақаланы ықшамдап аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

Ресей мен Қазақстанның «саяси некесі» қазір  қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың КСРО-ға қатысты ұстанымын  күрт өзгерткені  Мәскеуде

Редакциядан:

Президент Н.Назарбаев ресми іссапармен Ресейде жүр. Мұның алдындағы кезекті бір сапарында  Ресейден Түркияға барған мемлекет басшысы: «... Біз, алдымен Ресей патшалығының, сосын кеңес одағының отарына айналдық.  Осы 150 жылдың ішінде қазақтар ұлттық дәстүрінен, тілі мен дінінен толық ажырап қала жаздады»,-  деп келетін мәнде сөз сөйлеген еді.

Сол-ақ екен, Ресей баспасөзі шу ете қалды. Сол сөз орыстың қазаққа деген «сүйіспеншілігіне» сызат түсірген екен. Соның сызы әлі кетпегенге ұқсайды. Оның дәлелі - баяғы коммунистік атауынан ажырамаған  «Московский Комсомолец» газетінің 1 ақпандағы санында «Назарбаев одақтан неге айныды?» деген тақырыппен жарық көрген мақала.

Сол мақаланы ықшамдап аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Abai.kz

 

Ресей мен Қазақстанның «саяси некесі» қазір  қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың КСРО-ға қатысты ұстанымын  күрт өзгерткені  Мәскеуде

кәдімгідей таңғалыс тудырды. Бір кездері біртұтас мемлекетті  сақтап қалу үшін жан аямай күрескен бұл кісі былтыр кенеттен Қазақстанның  «бұрын Кеңес одағының отары болғанын»  мәлімдеді.   Астананың  өз  әріптесіне деген өкпе-назы  бұнымен бітпеді. Олар Ресейдің интеграция мәселесіне  кеудемсоқтықпен қарайтынына  және Қазақстанның егемендігін тиісті деңгейде құрметтей алмай отырғанына өкпелі. Бұл даулы мәселеде қай тараптың дегені дұрыс?  Отбасыда болып жататын көп кикілжіңдер сияқты  «ерлі-зайыптылардың» екеуіде бұған бірдей кінәлі.

«Біз түркі халықтарының атажұртында өмір сүріп жатырмыз. 1861 жылы Қазақтың соңғы ханы қаза тапқаннан кейін біз, алдымен Ресей патшалығының, сосын кеңес одағының отарына айналдық.  Осы 150 жылдың ішінде Қазақтар ұлттық дәстүрінен, тілі мен дінінен толық ажырап қала жаздады. Жаратушының көмегімен біз 1991 жылы өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сол кезде түрік мемлекеті бірінші болып біздің тәуелсіздігімізді мойындап, дербестік алғанымызға қуанған болатын. Қазақ халқы бұны ешқашан ұмытпайды».

2012 жылы Стамбұлда өткен форумда Нұрсұлтан Назарбаев дәл осылай деп мәлімдеді. Бұны естіген мен көп уақытқа дейін өз құлағыма өзім сенбедім. Бұлайша баға беру өзіміз білетін Назарбаевтың бейнесімен мүлде қабысайтын еді. Бұлай деуімізге сансыз себептерді дәлел ретінде келтіруге болады. Өйткені компартияның құлауы мен кеңес одағының ыдырауына дәл Назарбаевтай ешкімнің жүрегі ауырып, алаңдамаған болатын. Әрине, уақыт өте бәрі өзгереді. Тарихтың әр кезеңінде өткен уақытқа әртүрлі баға беріліп жатады. Алайда Назарбаевтың бұл мәлімдемесі бізді  өткенге ғана емес, қазіргі кез бен келер шаққа да басқа көзбен қарауға мәжбүрледі. Орыстар отарлаушылар болды делік, жарайды.

Бірақ осындай жағдайда екі елдің арасында интеграция болуы мүмкін бе? Қазақстанда тұрып жатқан орыстардың мәртебесі қандай? Оларда бұрынғы отарлаушылар ма?  Қазақстанның тақта тапжылмай отырған басшысының бұл мәлімдемесі Астананың сыртқы саясатында үлкен өзгерістің орын алғанын білдіре ме?

Бұл сұраққа жауап көп ұзамай берілді. Назарбаевтың баяндамасының толық мәтіні оның ресми сайтында жарық көрген жоқ. Ал Қазақстанның ресми өкілдері ресейлік журналистер мен саясаткерлерге  президенттің Стамбұлдағы пікірін «еске алмауды» бірнеше мәрте ескертіп өтті. Маған жақын таныс Астанадағы ірі шенеуніктің бірі: «Түркітілдестердің бірлігі үшін айтылған бірнеше пікірге бола, Қазақстан Ресеймен арадағы әріптестікке негізделген бағытынан айнымайтындығын» айтты.

Бірақ Қазақстандық әріптестерімнің жүрекжарды пікірі менің күпті көңілімді орнына түсірген жоқ. Назарбаев сияқты салмақты адамның ауызынан шыққан сөз - атылған оқпен бірдей. Айтылып кеткен сөзді қайтып алу мүмкін емес..

Ал, Ресей енді бұған қалай қарауы тиіс?

Өзім Алматыда туып-өскен адаммын. Маған Назарбаевтың ауызынан мұндай сөзді есту өте ауыр тиді. Бірақ, бір қызығы  Мен Назарбаевқа деген әлдебір  риясыз көңілден сонда да ажырай алмадым.

Қазақстан сыртқы істер министрі  Ерлан Ыдырысовтың жақында Мәскеудегі елшілікте журналистермен болған кездесуінде көп нәрсе сұралды. Соның бірі : «Қазақстан мектептерінде орыс тілі мен әдебиетіне арналған сабақтардың көлемі неге қысқарып жатыр?» деген сұрақ болды. Министр бұған екі бөліп жауап берді. Біріншісіне министр: «Қазақстан Ресей емес. Ұлыбританияда да орыс диаспорасы өте көп. Бірақ сіздер ондағы жергілікті мектептерде орыс тілі неге Ресейдегідей оқытылмайды деп сұрамайсыздарғой!» деп жауап қатты.

Екіншісінде былай деді: «Қазақстанның конституциясына сәйкес, орыс тілі біздің елде ұлтарлық қатынас тілі болып саналады. Қазір республикада мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту процесі жүріп жатыр. Бірақ біз ана тілімізден өзге ешбір тілдің құқына қол сұғып жатқан жоқпыз..»

Ерлан Ыдырысовпен болған осы кездесуде мен елшіліктің хаттамасының аясынан тыс, оған «Кеңестік Қазақстанның тумасы болып табылатын мен Назарбаевтың Стамбұлдағы мәлімдемесінен кейін өзімді отарлаушы деп есептеуім керек пе?»  деген бірнеше қолайсыз сұрақтар қойдым.  Сосын «Министр мырза бұрынғы отар елдер мен бұрынғы отарлаушылардың арасында табыспен іске асқан қандай интеграцияны біледі?» деген тағы бір сұрақ берілді.

Ерлан Ыдырысовтың беті бүлк етпеді. Сосын  Назарбаевтың Стамбұлда айтылған пікірі тұтас бір сөйлемнің ішінен «жұлып алынып, дұрыс түсіндірілмегенін» жиналған жұртқа министр өзі асықпай түсіндіріп шықты. «Президент Стамбұлда біздің тарихымызда қилы кезеңдердің болғанын тілге тиек етті. Біз Қазақстанда өз шежіреміздегі патшалық кезең мен кеңес одағының дәуірін біржақты даттап жатқан жоқпыз. Президент өз сөзінде Қазақстандағы орыстар да басқалар сияқты кеңестік жүйенің құрбаны болғанын үзбей  айтып  отырады. Біздің барлығымызда бірдей зардап шектік. Ал қазір Қазақстан мен Ресейдің арасында екі жақты қатынастың  күштеп таңбайтын жаңа бағыттары қажет»,-деді Ыдырысов.

Нағыз дипломаттың сөзі. Солай емеспе?  Ал Қазақстанның Мәскеудегі елшісі Ғалым Оразбақов: «Михаил Семенович, Сіз колонизатор емессіз, сіз біздің жерлесімізсіз!» деп салды. Бұл менің көңіл-күйімді көтеріп, орнымен айтылған осы қалжыңға разы болып қалдым. Дәл осындай көңіл-күйге құрылған байланыс Мәскеу мен Астананың болашақтағы ара қатынасына арқау болуы тиіс деп ойлаймын. Ресейлік саясаткерлерде көп нәрседен бас тартуы тиіс. Ойдан шығарылған проблемаларды емес, нақты істерді шешумен айналысуымыз қажет. Өздерінің әдебіне қазақстандық саясаткерлер де өзгеріс енгізуі қажет. Өйткені барлығымыз бір-бірімізден алыс кете алмайыз, бәрібір. Мәселен, Назарбаев КСРО-ға қатысты ойын ең алдымен Мәскеуде айтып, сосын оны Стамбұлда қозғағанда келісіп кетер еді.

«Московский Комсомолец» газеті

Аударған - Жолымбет Mәкішев

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392