Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2131 8 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 13:43

Вольфганг Кропп және қазақтың жаңа мұнайы

Алдағы 20 жылда барша қазақтың болашағы осы швед азаматына тікелей байланысты болмақ.

Швецияда тіркелген, Еуроодақтың жасыл энергетикадағы алпауыт компаниясы - "SVEVIND Energy Group" төрағасы Вольфганг Крооп әлемдегі инвесторларды Қазақстанда мыңдаған жел мен күн генераторларын қойып, одан келетін экологиялық таза электр энергиясына "жасыл" гидроген (сутегі) өндіретін зауыт жасауға көндірді. Қазақ даласында, Каспий түбіне қойылатын зауыт "HYRASIA ONE" деп аталатын болады.

Маңғыстау жазығында Шыңғысханның әскерінен де көп күн батареялары мен жел генераторы салынады. Олар 40 гигаватт қуат береді. Осы энергия Каспий теңізінің жағалауындағы электролизерлерді айналдырады. Сонда зауыт жылына екі миллион тонна жасыл гидроген (сутегі) өндіреді. Бұл 2030 жылы Еуроодақ тұтынуы мүмкін барлық сутегі көлемінің 20 пайызы. Бір сөзбен айтқанда, бұл сутегі әлеміндегі жаңа Қашаған, Теңіз кен орындарына пара-пар. Демек, ертең мұнай бітсе де, қазақтың берекесі бітпейді деген сөз. Біз жаңа мұнай - гидрогеннің әлемдегі ірі ойыншысына айналамыз.

50 миллиард доллар тұратын жобаны әлем инвесторларының пулы қаржыландырады. Бұл біздің Ұлттық қормен тең. Біз өзіміз ондай ештеңе сала алмас едік. Технологиямыз да, ақшамыз да жоқ. Сондықтан бізді таңдаған, біздің перспективамызға сеніп отырған Кропп сынды азаматтарды бағалауымыз керек.

2022 жылдың қазан айында HYRASIA ONE Қазақстан үкіметімен Инвестициялық келісімге қол қойды. Биыл жобаны әзірлеудің бірінші кезеңі сәтті аяқталды. "ILF Consulting Engineers" пен "Roland Berger" инженерлері концепциялық зерттеу жұмыстарын бітіріп, инвесторларға тапсырды.

Жоспар бойынша Қазақстан 2030 жылы алғаш рет гидроген өндірмек. Ал 2032 жылы біздегі теңдессіз технологиялық зауыт өзінің толық қуатына шығатын болады.

Осы жұмыс орындалса, онда біз (көмір мен мұнай жақпайтын) жаңа дәуірге ауысатын боламыз.

 

Айбар Олжаев

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450