Құбағұл мен Беркенің соғысы
«Шөлде суыңды сақта, cоғыста туыңды сақта»
Әзірбайжан мақалы
1262 жылы Кіші Азияға билігін орнатқан Құбағұл (Хулагу) қағанатына қарсы оның немере ағасы , Жошы ұлысының сол тұстағы билеушісі, Алтын Орда ханы Берке соғыс ашады. Соғыстың негізгі басталу себебі, империядағы алғашқы болып, ислам дінін қабылдаған Берке, Құбағұлдың аббасид халифы ал- Мұстасимді өлім жазасына кескендігі болып табылады. Дегенмен, соғысқа әкеліп соқтырған келіспеушіліктің түпкі мақсаты тереңде жатқан еді.
Шыңғыс ханның қалдырған өсиеті бойынша, Құбағұл жаулап алған Арран, Тебриз, Хамадан және Мерага өлкелері Алтын Орданың құрамында болуға тиіс еді. Алайда, егіншілік пен зергерлік өнері жақсы дамыған және жеміс – жидектің отаны болып саналатын, сондай – ақ, салықтын ең көбі осы өлкелерден түсетіндіктен, бұл алқабтарды Құбағұл, Жошы ұлысы болып саналатын Алтын Ордаға бергісі келмеді. Осы Құбағұл империясына қарсы соғыс ашарда, Берке хан Мысыр сұлтанымен келісімге келіп, одақтас болуға шақырады.
Оны сол дәуірдегі испан елшісі Клавихо өзінің еңбектерінде былай деп жазады : «В качестве оправдания своих действий Берке, будучи мусульманином, выдвинул религиозные мотивы : «Он (Хулагу) разрушил все города мусульман, свергнул все дома мусульманских царей, не различал друзей и врагов и без совета с родичами уничтожил халифа. Ежели господь извечный поможет, я взыщу с него за кровь невинных» .
Ұлы Даланың түркі – қыпшағы, әлемді тітіренткен Шыңғыс ханның немересі, Төленің ұлы Құбағұл Кіші Азияны жаулап алған соң, осы аумақты тұтасымен қамтыған алып империясын құрды. Оның осы Парсы еліне жорығын Клавихо былай деп жазады: «От страха при этом сообщении в горах начинались землятрясения, а сердца королей трепетали». Ұлы даладан жорыққа шыққан Құбағұл армиясы (они двинулись в паход с Желтой равнины, - дейді ғылыми еңбектерінде Хилда Хукхем), (тегі, бұл Сарыарқа болды ғой) жолындағы Алмалық қалашығы мен орта азиялық Самарқанд қаласының маңында біраз уақыт бөгеліп, әскерін демалдырған соң, 1256 жылы жолындағы Амудария өзенінен өтіп, Парсы елін және оның маңайындағы мемлекеттерді бірнеше жорықтан кейін - ақ жаулап алады. Сөйтіп, осы аумақта өзінің билігін жүргізе бастайды.
Бұл жаңадан құрылған империяның құрамына: батысындағы Ирак аумағы, сондай – ақ, оңтүстігінде Фарс, шығысында Хорасан, солтүстігінде Медее атырабы (яғни айтқанда, осы күнгі Әзірбайжан, Армения және Грузияның жартысы ) кірді.
Сонымен, 1262 жылдың тамыз айында Берке хан өзіне бағынышты әскерді, яғни айтқанда Ноғай бастаған отыз мыңдық қолды Құбағұлға қарсы аттандырады. Ол Кавказдың Шемахи аумағында Құбағұлдың алдынғы отрядтарын талқандайды. Дегенмен, Кіші Азия императоры Құбағұлдың іле – шала дереу, жаңадан жіберген әскері, Шаберан аймағында Ноғайдың қолын қоршап алып, тұтастай қырып, тасталқан етіп жеңеді. Ноғай болса, қоршаудан әупірімдеп бірнеше нөкерімен қашып шығады. Бірақ, 1263 жылдың 13 қаңтарында Беркенің өзі бастаған Алтын Орда қағанатының сарбаздары, Терек өзенінің атрабында Құбағұл армиясын ойсырата жеңеді. Сөйтіп, Дербент маңайын және Ширван аумағын өзіне қосып алады. Осы соғыстың кесірінен, Құбағұл өз империясының аумағындағы алтын ордалық саудагерлер мен көпестерді қырып салады. Бұған жауап ретінде, Берке хан парсылық саудагерлерді қатаң жазалайды.
1265 жылдары Құбағұл ханның өліміне байланысты оның тағына баласы Абақан хан отырады. Алтын Орда әскерінің басшысы Ноғай, Беркенің жарлығымен бұған қарсы қайтадан жорыққа шығады. Алайда, сәтсіздіктен арылмаған Ноғай ұрыста ауыр жараланып, Кура мен Ақсу өзенінің аңғарында қайтадан қарсыласынан жеңіліс табады. Ақыры болмаған соң, Алтын Орданың бүкіл армиясын алып, Берке хан соғысқа өзі кіріседі. Кура өзенінің арғы - бергі жағалауына орналасқан жауласқан екі жақ, он төрт күндей әрқайсысы садақтан оқ жаудырып, біраз тұрып қалады. Жеңіс ешқайсысына келмеді. Брақ, қалайда жеңуді мақсат еткен Берке хан әскерін алып, өзеннің басқа тұсынан өтіп, жауын қоршап алуға, Тбилисиге қарай жол тартады. Осы жорықта денсаулығы сыр берген, Алтын Орда империясының иесі Берке хан , жолда қайтыс болады. Ханның өлімінен кейін, Кіші Азия қағанатынан өзіне тиесілі аумақты ала алмаған Жошы елінің әскері мысы түсіп, кері қайтады. Ал, Абақан хан болса, алдағы уақытта Жошы ұлысынан болатын кек алу жорығынан сақ болу ұшін, шекараларын нығайтып, біраз әскерін осында қалдырады. Сөйтіп, екі қыпшақ империясыда өздерінің туларын сақтап, қырғын соғыстан аман қалады.
Бейсенғазы Ұлықбек
Abai.kz