Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 12:02

Әмiржан ҚОСАНОВ. Сыртқы саясатымыздың сиқы нешiк?

Шындығын айту керек, баршамыздың санамызда "Тәуел­сiздiк деген мәңгiлiк ұғым. Өзiнен-өзi солай болуы керек те! Және мына жалғанда оны бiзден ешкiм де тартып ала алмайды" деген бiр түсiнiк қалыптасқан.

Бiрақ Қазақстанның алдымен Кеден одағына, сонан кейiн Еуразиялық экономикалық кеңiс­тiкке, ендi мiне, президент айтқандай, екi жылдан кейiн нақты ұйымға айналатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып енуi шын мәнiнде өзiмiз жыр ғып айтатын Тәуелсiздiгiмiзге, елдiк егемендiгiмiзге нұқсан келтiргелi тұр!

Және де бұл жайдан-жай немесе кездейсоқ пайда болған құбылыс емес. Ол - Ақорданың соңғы 20 жыл iшiндегi сыртқы саясатының "заңды" нәтижесi.

Баршаға аян, о бастан Қазақстан билiгi халықаралық қатынас­тарда "көпвекторлық" тактикасын басшылыққа алды. Бiрақ бұл саясаттың өзi жөндi жүргiзiл­медi. Менiңше, осы сыртқы саясат секiлдi аса маңызды да нәзiк салада Ақорда үлкен 8 қателiкке жол бердi.

Бiрiншiден, алғашқы кезеңде билiк ешбiр талғамсыз, қазақша айтқанда, иттiң құлы итақаймен де дос болғысы келдi. Бұрын сыртқы аренада дербес қимыл-әрекет жасамаған бiздiң басшылық, түк көрмегендей оңды-солды сапарлар жасап,өзiмен қол алысқан әрбiр ел басшысын "Қазақстанның ең мықты досы" ретiнде мойындай бастады. Мұндай мiнез-құлық ел iшiнде ренiш пен наразылық, ал сырт жақта мысқыл мен түңiлушiлiк туғызды.

Шындығын айту керек, баршамыздың санамызда "Тәуел­сiздiк деген мәңгiлiк ұғым. Өзiнен-өзi солай болуы керек те! Және мына жалғанда оны бiзден ешкiм де тартып ала алмайды" деген бiр түсiнiк қалыптасқан.

Бiрақ Қазақстанның алдымен Кеден одағына, сонан кейiн Еуразиялық экономикалық кеңiс­тiкке, ендi мiне, президент айтқандай, екi жылдан кейiн нақты ұйымға айналатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып енуi шын мәнiнде өзiмiз жыр ғып айтатын Тәуелсiздiгiмiзге, елдiк егемендiгiмiзге нұқсан келтiргелi тұр!

Және де бұл жайдан-жай немесе кездейсоқ пайда болған құбылыс емес. Ол - Ақорданың соңғы 20 жыл iшiндегi сыртқы саясатының "заңды" нәтижесi.

Баршаға аян, о бастан Қазақстан билiгi халықаралық қатынас­тарда "көпвекторлық" тактикасын басшылыққа алды. Бiрақ бұл саясаттың өзi жөндi жүргiзiл­медi. Менiңше, осы сыртқы саясат секiлдi аса маңызды да нәзiк салада Ақорда үлкен 8 қателiкке жол бердi.

Бiрiншiден, алғашқы кезеңде билiк ешбiр талғамсыз, қазақша айтқанда, иттiң құлы итақаймен де дос болғысы келдi. Бұрын сыртқы аренада дербес қимыл-әрекет жасамаған бiздiң басшылық, түк көрмегендей оңды-солды сапарлар жасап,өзiмен қол алысқан әрбiр ел басшысын "Қазақстанның ең мықты досы" ретiнде мойындай бастады. Мұндай мiнез-құлық ел iшiнде ренiш пен наразылық, ал сырт жақта мысқыл мен түңiлушiлiк туғызды.

Екiншiден, сыртқы саясаттың өзiндiк протоколы мен этикасы бар. Бiздiң билiк осының бәрiн ысырып тастап, барлық күш-жiгерiн тек қана даңғаза да дабырлы iс-шараларға жұмсауға тырысты. Яғни, әлемдiк деңгей­дегi ең ауқымды жиындар мен форумдар тек қана Астанада өткiзiлуi тиiс делiндi. СIМ және басқа да министрлiктер тек қана осы бағытта жұмыс атқаруға мiндеттi болды. Ақорданың осындай белсендiлiгiн көрген кей ағайын: "Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жұмыссыз қалатын болды ғой" деп күледi. Мәселен, Әлемдiк дiндер құрылтайы деген супер­идеяның өзi не тұрады! Қаншама қаржы мен уақыт сарп етiлдi, ал нәтижесiнде әлемде болып жатқан бiрде-бiр дiнаралық қақтығысқа бұл форум өзiнiң оң әсерiн тигiзе алмады. ЕҚЫҰ-ға және басқа да халықаралық ұйымдар­ға төрағалық етуiмiз туралы әңгiме - өз алдына бөлек жыр. Олардың барысында айтылған талай ұсыныстардың кейiн қалай сиырқұйымшақталып кеткенiн бәрiмiз көрдiк.

Үшiншiден, "алыстағы аға­йыннан қасыңдағы көршi артық" деген сыртқы саясаттың бiр қағидасына әбден лайық атам қазақтың мақалын билiк ұмытып кеттi. Осы жылдар бойына Ақорда, шынын айту керек, Орталық Азия аумағындағы өз көршiлерiн өгейсiту жөнiнен алға жан салмады. Тәшкенмен түсiнiксiз тайталасу, Бiшкектi белден басу, Душанбенi дәйексiз дiлмәрсу және Ашғабатты аракiдiк алалау секiлдi көршiге лайықсыз мiнез-қылық осы өңiрде Қазақстанның беделiн арттырды деп айта алмаймыз. Мүмкiн, көршiлерде дәл бiздегiдей жер байлығы жоқ не аз болар, мүмкiн, олардың iшкi проблемалары шаш етектен болып, бiзге үлгi таныта қоймас, бiрақ қалай дегенмен, көршi­аралық қатынаста сыпайылық пен татулықты сақтап қалу керек едi.

Айтпақшы, манағы мақалдың Ресейге де қатысы бар. Иә, Ресей - бiздiң мүйiзi қарағайдай көршiмiз әрi талай қандастарымыз өмiр сүрiп жатқан стратегия­лық әрiптесiмiз. Бiрақ осы елмен қарым-қатынасымызда соң­ғы кезде белең алып бара жатқан бiр теңсiздiк бар: ол - Еуразиялық одақ аясындағы бiр­жақтылық.

Кейде сыртқы саясат iшкi сая­си процестердiң катализаторына айналып кетедi. Мiне, осы терiс тенденцияны көрiп, онымен келiскiсi келмейтiн азаматтар бiрлесiп, Кеден одағы және бас­қа да мәселелерге қарсы шығып, бүкiлхалықтық референдум өткiзу туралы бастама көтерген-дi. Иә, бiраз уақыт бұрын президент Назарбаев "менiң бастамам бойынша жүзеге асып жатқан Еуразиялық интеграция ешқашан да саяси одақты (атап айтқанда, бұрынғы Кеңес Одағы секiлдi ұйымды) қайта жаңғырту емес" екенiн баса айтты. Бiрақ кейбiр ресейлiк шенеунiктер (бiр-бiрiнiң аузына түкiрiп қойғандай) осы ойға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, Тәуелсiз­дiгiмiзге томпақтау келетiн ұсыныстар айтып, елдi дүрлiктiруден шаршамайды-ақ. Не Еуразиялық одақтың ортақ валютасы туралы айтады. Оның теңге не беларусь "зайчигi" болмайтынын баршамыздың iшiмiз сезедi ғой. Не ортақ Еуразиялық парламент жайында сөз бастайды. Өзiмiз­дiң парла­ментiмiз жетiспей жат­қанда бас­қасын құрғанымыз қалай болмақ?!

Аузы күйген үрiп iшедi. Кез келген одақ, экономикалық не басқа болсын, оған кiрген мүшенiң толыққанды дербес­тiгiне белгiлi бiр мөлшерде шектеу қояды! Саяси тәуелсiздiктi айтпағанда, президент өзi айтып отырған, экономикалық одақ iшiнде экономикалық егемен­дiктiң бiр бөлiгiнен болса да айрылудың өзiн де ел iшiнде ешкiм де қолдай қоймасы түсiнiктi. Мәселен, Еуразиялық одақтағы Ресей мен Беларусьтi алайық. Осы екi елдiң тек өздерiне ғана тән түпкiлiктi мүдделерi бар, көп жағдайда олар Қазақстанның мүддесiмен сәйкес келмеуi мүмкiн. Сондай мүдде қайшылығы туып жатса, не iстеймiз?! Ұрысып, одақтан шығамыз ба, әлде олардың жетегiнде кетемiз бе?

Мәселенiң тарихи тәжiрибе­ге негiзделген терең психоло­гия­лық астары тағы бар. Жасыратыны жоқ, 70 жыл бойына Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы ретiнде қып-қызыл КСРО-ның құрамдас бiр бөлiгi саналған мемлекет ретiнде бiздiң санамызда антиимпериялық синдром қалыптасқан. Яғни, Ақорда қан­ша мақтаса да, кез келген одаққа ел бiртүрлi күдiкпен қарайды. Бұл фактормен де санасу қажет деп ойлаймын. Оның үстiне соңғы кезде Ресей жағынан байқалып жүрген сол баяғы империялық сананың сарқыншақтары да қоғамда қарсы ойлар туғызып жатыр.

Мәселен, Байқоңырға байланысты Кремльдiң таяудағы ғана наразылық нотасының өзi не тұрады. Менiңше, шынайы достар бiр-бiрiне осындай қатқыл дауысты ноталар жiбермейдi, бар мәселенi өзара келiсiммен, ешкiмге айтпай-ақ шешiп алады. Сонда Ресейдiкi не сес бiзге көрсеткен?

Ауру қалса да, әдет қалмайды. Бiрақ тәуелсiз елiмiз ол аурудан баяғыда айыққан және "үлкен ағаның алдында кiшiрею" сынды еларалық қатынасқа тiптi келмейтiн ондай жаман әдетке ендi жол бермеуi тиiс-ақ. Оның үстiне, Мәскеу мен Минскiнiң ап-айқын көрiнiп жүрген Батысқа қарсы риторикасы бар. Олар ешбiр қысылмай дамыған демократиялық елдердегi жағдаймен келiспейтiнiн ашық айтады. Ресей мен АҚШ арасындағы шешi­мiн таппай келе жатқан түйткiлдер қаншама. Досың соқыр болса, бiр көзiңдi қысып жүр демекшi, ертең одақтасымыз сол елдермен бет жыртысып жатса, бiз сол кикiлжiңнiң қай жағында болмақшымыз?

Көптеген қазақстандықтарды сонымен бiрге Ресей мен Беларусьтiң бас билiгi iс жүзiнде ауыспай, авторитарлық сипаттағы саяси режимге айналғаны да мазалайды. Өзiмiздiң жүйемiз де жетiсiп тұрған жоқ қой. Ертеңгi күнi тағынан түскiсi келмейтiн үш президент бiр-бiрiн қолдап, елдегi саяси репрессиялар күшеймесiне кiм кепiл? Ең бастысы - авторитарлық елдермен одақ құрғанымыз өзiмiздiң демократиялық дамуымызға кедергi келтiруi әбден мүмкiн.

Еуразиялық одақ туралы президент жиi айтады. Менiң бiр сауалым бар: Ресеймен және басқалармен тығыз ынтымақтаса отырып, ешбiр формальды одаққа кiрмей-ақ, қарым-қатынас жасауға болмай ма осы?!

Бесiншiден, осы жылдар бойы Қазақстан дипломатиясының қатты сүрiнiп, омақаса құлаған бағыты - Қытай жақта. Қытай тек қана бiз үшiн үлкен қауiп әрi сын болып қалған жоқ, ол - үшiншi мыңжылдықтың бүткiл адамзат үшiн ең басты әрi бас қатырар проблемасы. Алыста жатқан әлемнiң алпауыт елде­рiнiң астаналарының өзi бiртiн­деп "Чайна-таунға айналып бара жатқан тұста, көршi айдаһармен қарым-қатынаста бiздiң дәл осылайша бейқамдық танытуымыз тiптi сорақылық.

Кезiнде шекараны реттеймiз деп, жерiмiздiң бiраз аумағын берiп қойғанымыз есiмiзде. Ондай қадамға кешегi әлемнiң бiр жартысы болған алып Кеңес Одағының неге бармағанын түсi­нуiмiз қажет: дипломатиялық (және басқа) тәжiрибеде "прецедент" деген ұғым бар. Яғни, бiр рет орын алған нәрсе екiншi рет неге қайталанбасқа? Мiне, КСРО жасамағанды бiз жасап, сол прецеденттi туғыздық. Арты не боларын кiм бiледi? Ендi мiне, қытай қаупi экономикамыздың ең сүбелi бөлiгi - мұнай саласына төндi. Ресми деректердiң хабарлауы бойынша, Қазақстан қара алтынының үштен бiрi солардың қолына көшкен!

Бұл сөзге де сенiм аз. Өйт­кенi, мұнай-газ саласындағы меншiк бөлу процесi қандай құпия жағдайда өтетiнiн бәрi бiледi. Қай оффшордың қай қуысында, кiмнiң атында қандай компания тiркелгенiн және оның шынайы қожайыны кiм екенiн бiлмей жатып, "пәленше пайыз түгеншенiң қолында" деп айтудың өзi бiртүрлi...

Алтыншыдан, кезiнде бүкiл әлемге жар салып, қабылданған "Еуропаға қарай жол" атты бағдарлама қағаз жүзiнде қалды. Жақында бiр бiлгiштен сол жоспардың орындалып қойғанын естiп таңғалдым. Менi қайдам, өзiне қатысты бағдарлама жүзеге асып қойғанын сол Еуропаның өзi де сезбей қалған-ау, сiрә. Әйтпесе, "құтты болсын" айтып, бiр жапырақ қағаз жазып жiберер едi ғой Еуроодақтың басшылары...

АҚШ-пен де қарым-қатынас осы таз қалпында қалған сияқты.

Менiңше, осы жағдайдың екi себебi бар. Дамыған Батыс демократияларының сөз жүзiнде кез келген ел басшысынан талап ететiн түбегейлi принциптерi бар, олар туралы сөз етпесе не басқа ел басшысына сауал қоймаса, ертең олар өз елiнде сынға ұшырайды, тiптi өз орнына сайланбай қалуы да ықтимал. Ол тақырыптар мыналар - елдегi демократияның, сөз бостандығының жағдайы, адам құқының корғалуы. Ал соңғы кезде Қазақстанда дәл осы сала тiптi сын көтергiсiз жағдайда. Бейбiт адамдар қырылған Жаңаөзен қасiретiнiң өзi не тұрады. Сайлау лас өтуде, оппозициялық партиялар тiркелмеуде, тәуелсiз БАҚ қудалануда. Осы тұрғыдан алғанда, Ақорданың осы iспеттес сұрақтар қойып, мазасын алатын ел басшыларымен тым жақындасып, сөз естуге еш зауқы жоқ.

Тағы бiр себеп, менiңше, құрылғалы жатқан Еуразиялық одақтағы Ресейдiң көңiлiне қарап қалғанында. Кремль қазiр Еуропа мен АҚШ-пен байланысын бiраз нашарлатып алды. Соның салқыны Қазақстанға да тиiп жатқан секiлдi...

Жетiншiден, бүкiл әлем көз тiгiп, құлақ түрген "оңтүстiк бағыты" (Үндiстан, Пәкiстан, Иран, Ауғанстан) Қазақстан дипломатиясы үшiн тiптi бетi ашылмаған кiтап ретiнде қалды. Әрине, ел арасындағы пiкiр алуандығы мен қарама-қайшылығы мейлiнше ушыққан бұл аймақта өз орнын табу кез келген ел үшiн аса қиын. Десек те, 20 жыл iшiнде ең құрығанда түрен салып, "Ұлы шахмат тақтасының" осы бiр бұрышын Қазақстан мүдделерi тұрғысынан игере бастауға болатын едi ғой. Ол жұмыс жоқ.

Сегiзiншiден, дүниежүзiлiк дамудың жаңа орталығына айналып бара жатқан Азия-Тынық мұхит бағытын бiздiң дипломатия тiптi қаузаған да жоқ. Жо-жоқ, алғаш кезде осы аймақтағы кейбiр елдiң экономикалық фено­мендерiн ресми БАҚ бiршама насихаттаны рас, бiрақ кейiн доғарды. Өйткенi, ел iшiндегi iшкi саясатқа ол ел­дердiң тәжiрибесi кей жағдайда қарама-қайшы бола бастады. Оның үстiне Еуразиялық одақ идеясы үдей түстi.

Осының бәрiнiң нәтижесiнде бiз бiр геосаяси басымдыққа душар болып отырмыз: яғни Еуразиялық одақ арқылы Ресейге және экономика мен қаржы арқылы Қытайға iс жүзiндегi тәуелдiлiк!

"Сыртқы саясат ұлттық мүдде тұрғысынан жүргiзiлуi керек" деп бәрiмiз айтып жүрмiз. Президент те соны айтады.

Бiрақ, қазiргi қоғамымызда бiз "ұлттық мүдде" не екенiн анықтап алдық па? Менiңше, жоқ!

Бiзде "ұлттық мүдде" терiсiн жамылған жеке топтар - қасқырлар пайда болды. Олар бас би­лiк­ке тым жақын жүргендiктен өз мүдделерiн ұлттық мүдде ретiн­де көрсетiп, жеме-жемге келгенде мемлекетке, оның болашағына зиян, бiрақ өздерiне пайдалы саяси шешiмдердi қа­былдатып жатыр. Сол шешiмдер негiзiнде сыртқы саясаттың бас­ты басымдықтары анықталуда. Және де ол топтардың жеке бюджеттерi қазiр бiр шағын мемлекеттiң бюджетiне пара-пар. Оған басқа емес, "Форбс" журналы куә.

Мiне, осы жайтты, осы қауiптi ұғынбай елiмiздiң сыртқы немесе, iшкi саясатының баяндылығына бiз сенiмдi бола алмаймыз.

Не iстеу керек?

Жаңа Қазақстанға - жаңа, сарабдал да салиқалы, сонымен бiрге тек қана ұлттық мүддеге негiзделген сыртқы саясат керек.

Және де бұл саясат ел iшiн­дегi ахуалға: тек қана әлеумет­тiк-экономикалық даму дең­гейiне ғана емес, сонымен бiрге ұлттық сана қайта түлеп, мем­лекеттiк саясаттың ең басты анықтауышы боп тұрған кезеңге сай болуы тиiс.

Сыртқы саясаттың басым бағыттарын Ақорданың маңындағы бiр топ шенеунiк емес, халық сайлаған институт - Парламент пен халық сенетiн қауым, яғни тәуелсiз сарапшылар, мамандар анықтауы тиiс. Мәселен, Сыртқы iстер министрлiгi жанында Сыртқы саясат жөнiндегi кеңес бар екенiн жақында ғана естiдiм. Бiрақ оның құрамына кiмдер кiредi, олар не мәселе талқылап жатыр, ең бастысы, қандай нақты ұсыныстар берiп жатыр - ол туралы көпшiлiк бiле бермейдi. Және де басқа елдер­дегiдей Сыртқы мәселе­лердi зерттеу жөнiндегi ғылыми орталық құратын да уақыт келдi. Оның құрамында жоғарыда аталған басты бағыттар мен аймақтарды, халықаралық өмiрдегi басты тенденцияларды зерт­тейтiн топтар болуы қажет. Ол топтар тек қана стратегиямен ғана емес, тактикалық мәселелермен де айналысуы тиiс. Мәселен, Еуразиялық одақ туралы президент қол қойған келiсiмдер 2015 жылы күшiне енедi делiк. Неге бiз осы бастан сол одақ құрамында Ресей секiлдi алпа­уыттың көлеңкесiнде қалмау үшiн басқа, өзiмiзге жақын әлеуеттi елдермен келiссөз жүргiзiп, сол одақ қатарына тартпаймыз? Мәселен, Түркия сияқты алып ағайынды... Бұдан басқа да амалдарды қарастыруға болады ғой.

Бiр нәрсенi ұғынатын кез келдi: елдiң сыртқы саясатының негiзi қаланған тұста жан-жаққа қарап, белгiлi бiр дәрежеде көңiлжықпастық орын алғаны рас. Ендiгi жерде, жағдай басқа. Әлем өзгердi. Жаһандану бұрынғы сыртқы саяси стерео­типтердi, қасаң қағидаларды жоққа шығарып, дүниежүзiлiк қауымдастық алдына жаңаша талаптар қойып жатыр. Сол процестерден Қазақстан тыс қалмауы тиiс.

Тағы бiр маңызды мәселе. Батпандап енген нәрсе мысқалдап шығады. Кешегi КСРО-ның тұсында қалыптасқан кадрлар болғандықтан ба, әйтеуiр, бiздiң кейбiр басшылар әлi де Ресей алдында ешбiр себепсiз жалтақ, кез келген нәрсе үшiн ақталып жатқан сыңай танытудан талмай келедi. Сол постимпериялық синдромнан да құтылу қажет. Әйтпесе тiптi ұят.

Ең бастысы - кез келген халықаралық келiсiмшартқа осы ғылыми орталықтың талқысынан өткiзiлiп, тек қана Парламент қолдағаннан кейiн ғана президент не СIМ басшысы қол қоюы шарт.

Сонда ғана бiз сыртқы саясаттағы субъективизм мен волюнтаризмнен құтыламыз, әрi мемлекеттiң түпкiлiктi ұлттық мүддесiн сақтап қала аламыз. Бiр сөзбен айтсақ, Тәуелсiздiк билiктiң сыртқы саясатына емес, керiсiнше, сыртқы саясат Тәуел­сiздiкке қызмет етуi тиiс.

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395