Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7486 0 пікір 18 Ақпан, 2013 сағат 05:40

Латын әліпбиі: Абай рухына хат

(М.Шаханов бастағандардың «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» атты хатын оқығаннан кейін)

Бисмилла Рахман Рахим!

Абай ата, жер бетінде ізгілікпен өмір сүріп, ізгілікпен қайтқан пенделер шаһит саналатын болса, сіздің рухыңыздың да адамдар арасында жүргенінде күмән жоқ. Сондықтан рухыңыз сезсе екен деп осы ұшбу хатты жазуға мәжбүр болдым. Тым құрығанда періштелердің құлағына іліксе екен.

Ата, хат демекші, біз - тірілер бұл күнде хат жазуды дағдыға айналдырдық. Екінің бірі ел президентіне құлаш-құлаш хат жазамыз. Қол қоюға да шеберлесіп алдық. Мәтінмен таныспай-ақ, «сотка» дейтін «тажалмен» тақылдасамыз, бақылдасамыз, керек болса бақұлдасамыз да. Ол хаттың қаншасы тиді, қаншасы далада қалды, оны да білетін адам аз. Сондай хаттың бірі жақында тағы да жарқ етті. Біздегі дау - кирилл жазуынан латын әліпбиіне көшудің талас-тартысы. «Көшпейміз!» деп кері тартқанның басында Мұхтар Шаханов деген ақын ұлыңыз жүр. «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» дейді баяғы. Өзі орысшыл қоғамның шекпенінен шыққанымен ұлт үшін көрім-ақ шыр-пыр болып жүр еді, бұл жолы ол адасты ма, біз адастық па, білмейміз, әйтеуір, аттың басын артқа бұрғаны шын. Өзінің шуы аздай енді елдегі есті-ессіз біраз қаламгерді соңына ертіп алыпты.

(М.Шаханов бастағандардың «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» атты хатын оқығаннан кейін)

Бисмилла Рахман Рахим!

Абай ата, жер бетінде ізгілікпен өмір сүріп, ізгілікпен қайтқан пенделер шаһит саналатын болса, сіздің рухыңыздың да адамдар арасында жүргенінде күмән жоқ. Сондықтан рухыңыз сезсе екен деп осы ұшбу хатты жазуға мәжбүр болдым. Тым құрығанда періштелердің құлағына іліксе екен.

Ата, хат демекші, біз - тірілер бұл күнде хат жазуды дағдыға айналдырдық. Екінің бірі ел президентіне құлаш-құлаш хат жазамыз. Қол қоюға да шеберлесіп алдық. Мәтінмен таныспай-ақ, «сотка» дейтін «тажалмен» тақылдасамыз, бақылдасамыз, керек болса бақұлдасамыз да. Ол хаттың қаншасы тиді, қаншасы далада қалды, оны да білетін адам аз. Сондай хаттың бірі жақында тағы да жарқ етті. Біздегі дау - кирилл жазуынан латын әліпбиіне көшудің талас-тартысы. «Көшпейміз!» деп кері тартқанның басында Мұхтар Шаханов деген ақын ұлыңыз жүр. «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» дейді баяғы. Өзі орысшыл қоғамның шекпенінен шыққанымен ұлт үшін көрім-ақ шыр-пыр болып жүр еді, бұл жолы ол адасты ма, біз адастық па, білмейміз, әйтеуір, аттың басын артқа бұрғаны шын. Өзінің шуы аздай енді елдегі есті-ессіз біраз қаламгерді соңына ертіп алыпты.

Тобыр дейін десең - азды-көпті еңбегі бар, өмірі ізіңе өрт қоюдан шаршамайтын, халық дейін десең, Алла мен адам алдындағы парызын дұрыс танымайтын осы дүбара топтың не айтып, не қойғанын өздері біле ме, жоқ па, ол жағы әзірше анық емес. Олардікі жөн деп көп дүрмекке ілесе жөнелейін десең, Сіздің:

Көптің бәрі осындай, мысал етсең,

Көп айтты деп алданып, уағда күтсең.

Ғапіл боп, көп нәрседен бос қаласың,

Аңдамай кеп сөзімен жүріп кетсең. - деген өлең жолдарыңыз ойға оралады. Тіпті ойдан ой қуып, ескі күннің ізін шиырласақ:

...

Қуаты күшті нұрлы сөз,

Қуатын білген абайлар.

Жалын мен оттан жаралған

Сөзді ұғатын қайсың бар?

Партия жиып, пара алған,

Бейілді кедей байсыңдар.

Қулық пенен құбылдан

Жалықсаң, жақсы жансыңдар.

Түзелмесе шұғылдан,

Арсылдар да қалшылдар.

Несі өмір,

Несі жұрт?

Өңшең қырт,

Бас қаңғырт! - деп өзіңіз айтқан «өңшең қырт» осылар емес пе екен дегенге де барасыз.

Ибраһим ата, кейде «жартастарға» айғайлағанша «латыны құрысын!» деп қолды бірақ сілтегіміз де келеді. Бірақ латын да, латынды терістеген ақында халықтікі. Екеуін де ертеңгі ел ұрпағының керегі ретінде сізше жақсы көріп, сізше «сынасақ» дейміз. Ақынның көңілі дегенмен латынның (жазудың) өмірі одан да ұзақ секілді. Аға мен ақын бізге тән болғанмен тіл халықтікі. Халықтың тағдыры - ел мен жердің ертеңіне саяды. Ал ел ертеңіне білген немесе білмеген күйде көлеңке түсіру адасқандыққа жатады. «Біреуді құдай қаңғыртады, біреу құдайға көнбей өзі қаңғырады». Адасушының өз басының қаңғырғаны түк емес, халықты қаңғыртса оның екі дүниеде де азабы ауыр, беті қараңғы. Оны Алла да адам да кешпейді.

Ата, кешіріңізші, аталған хатта келтірілген заттық шығындарға көз жіберсеңіз күлкілі тұстарды да көп екен. Сатып алуға болмайтын, теңдессіз байлық - ұлттың рухани қажеттілігн саудамен терістемекші болған «тиын жиғыштардың» тырашы нені ұқтырмақшы? «Қаржы» деп отырғаны шетке қашқан бір «қашқынның» қалтасына да жетпейді. Баспа сөзді бауырына тартып «газеттердің күні не болады» дегенінің өзі де түбі тесік шелектің күйі. Газеттің бәрін қазірде интернет арқылы сайттан оқимыз. Керек десеңіз көбінің латынша тіпті төтеше нұсқасы да дайын жүр.

Баяғыда Сіз ескі шағатай, араб, төте жазудың Ахметтен бұрынғы үлгісімен дегендей жазу үлгілерін пайдаланып едіңіз. Тіпті парысша, орысша әдебиеттерді де оқығансыз. Бүгінгі ұрпақ тани бермейтін сіздің сол жазбаларыңыз, әліпби ауысуымен бізге жетпей қалды ма?! Сізді жазған Мұхтардың, оның маңындағы Ахмет, Ілияс, Сәкен, Сәбит, Бейімбет, Ғабит, Ғабиден, т.б. бәрінің де шығармалары «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» төте жазу үлгісінде жазылмап па еді. Тіпті бағзы тасқа басылған Орхон, Енисей, Күлтегін, Тоныкөк жазуларын да оқып жатқан жоқпыз ба! Біздің заманда компьютер тілін білетін кез келген жан бір түймешікті басып-ақ әліпбиі ауысқан бір тіл түгілі, өзге ұлт тілінде оп-оңай оқи алады ғой.

Абай ата, сіз хаттағы: «қазақтардың 60 пайызы қазақша білмейді» дегенге қатты таңырқар едіңіз. «Өз шаңырағында отырып, қазақша оқып-жазып жүрген жанның ана тілін білмеуі не сұмдық!» деп аса таяғыңызды үйіретін де шығарсыз. Тіпті, сол таяқтың ұшын ең әуелі осы Мұхтарлардың көкесі Әуезовке кезер ме едіңіз кім білсін: «Мені орысшыл етіп көрсетіп, бүкіл қазақ баласының бетін теріс жолға бұрған сен!» деп. Ата, рас, біздегі қазақ тілін білетіндер шынымен де азайып кетіп еді, енді-енді бетіміз бері қарап келеді. Ал беті бері қараған халықты қайтадан кеудеден итергендей «қазақ тілін білмей отырғанда» деп қорлаған мыналардың «иттігі» сіздің де зығырданыңызды қайнатпай ма! Ал осы «60 пайыздың» өзі кәдікті. Қазір оңтүстік және батыс  - Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау дегендей негізінен қазақ тілді. Оған Отанға оралған бір миллион қандасымызды қосыңыз. Шеттегі 5 миллион қазақтың жарымынан астамы таза қазақ қалпында. Олай болатын болса 60 пайыз қазақ барлық қазақ тілді мүддемізге дайын отыр. Ал қырық пайызды қыжыртқанша оларды қатарымызға қосып алсақ болмай ма?!

Ата, сіз тағы бір сөзіңізде: «Адам баласын замана өсіреді, кім де кім жаман болса, замандасының бәрі кінәлі» -  деп едіңіз, менің сақалды-сақалсыз замандастарымның бірі «латынға көшеміз», бірі «көшпейміз» деп тайталасқан мына күнде «арамыздағы жамандар» тезірек жақсылар қатарына қосылса екен дегенді де тілейміз. Өйткені заманымыз жаман болса, ол замандастарымыздың кінәсі - біздің кінәміз. Әуел десеңіз, сіздің:

Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек,

Көп ит жеңіп көк итті, күнде жемек.

Ғаділет пен мархамат - көп азығы,

Қайда барсаң, болып бак соған көмек. - деген өлеңіңіздегі «көп ит» кім, «көк ит» кім? - деген де әр түрлі ойға жетелейді. Дегенменде көп азығы -  Ғаділет пен мархамат үшін күресу нағыз ерлердің ісі емес пе. «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» атты хатқа қол қойған «көптің» ішінде де өзін «қошқар» санайтындар жетіп артылады екен. Дегенменде ата, бәрімізде пендеміз ғой, қайсымыздан бір ағаттық кетіп жатыр, ол жағы Аллаға ғана аян. Пенде ретінде адамзаттың алға басыуы мен өсіп-өркендеуіне қажетті қандай бодау берсекте одан бас тартудың қажеті жоқ деп қараймын. Өз тарихын қанмен жазып, еркіндікке қол жеткізген қазақ халқы да ешкімге жалтақтауға мүүделі емес. Мыңдаған, милиондаған қазақ өзінің арын емес, жанын беріп ұрпағының мәңгі азаттығы - көк байрақтың желбіреуі үшін күресіп келді. Ендеше, біз неден тайынамыз. Шегінерге жолымыз жоқ.  Шығынсыз, күрессіз қолға келген жеңіс - құлдыққа тез бейімдейді. Жас ұрпақ, жаңа буын бізден латынды күтіп отыр. Ендеше, ата, Алланың кәрі сіздің аса таяғыңызға айналып арқамызда ойнамаса екен. Құдіреті күшті Хақ бір өзі тура жолға бастаса екен!

Хаттардан шаршаған «билік» пен «халықты» тағы да құлағын жауыр қылып қажытпайын деп, бұл жолғы хатты өзгеше - Абай ата, сіздің рухыңызға арнап әдейі жазып отырмын. Және де Шаханов ағамдай жақтас жиып шаршамадым. «Тірісінде күн бермеген қазақ өлгесінде мазалай берді-ау» деп, айыпқа бұйыра көрмеңізші. Сіз бір-ақ рет туылып, көп рет мазалану үшін жаралған сияқтысыз. Марқасқасы жоқ марғау қазақ өзіңіздей дананың ұлығын аңсайды.

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы

Қазақстан Жазушылар Одағының,

Еуразия жазушылар одағының мүшесі.

2013 жыл 14 ақпан. Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371