Жұма, 15 Мамыр 2026
3345 4 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 12:22

Тоқаев күйеу баласын елші қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшіні қызменінен ауыстырды. Олардың ішінде – күйеу баласы, Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі Теміртай Ізбастин бар.

Оның жары Қарлыға Ізбастина – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған қарындасы. Ізбастин аталған қызметті 2019 жылдан бері атқарды. Қазір оның орнына Виктор Темірбаев елші болып тағайындалды.

Сондай-ақ ҚР президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы, Тимур Оразаев Литвадағы елшісі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін еліміздің Түркиядағы елшісі болған Еркебұлан Сәпиев Албанияға ауыстырылды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2767
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1882