Кәкімбек Аюбай. Оңтайлы әліпби: 26+1
Қазақ әліпбиінің жобалары түрік және ағылшын таңбаларын негізге алу арқылы екі бағытта көрініс береді.
Бірінші бағыт ортақ түркі әліпбиі туыс халықтардың ынтымақтастығын нығайтатындығын тілге тиек етеді. Бірақ ынтымақтастық әліпбиден гөрі мәдени, саяси, экономикалық, т.б. қатынас факторлары бойынша көрінетіні белгілі. Әріп таңбасы ұлттық не түркілік оқшаулануға негізделмеуі абзал. Ақпарат беретін әріп таңбалары баршаға ортақ. Керек адам латын таңбасына негізделген кезкелген әліпбиді меңгере алады. Өйткені көп ел латынның негізгі 22 таңбасын аздаған толықтырумен пайдаланады. Түріктер де латынның 22 таңбасына алты әріп (ç, ş, ğ, ö, ü, ı) қосып әліпби жасаған. Осы әліпбиге бес таңба (ä, x, q, ñ, w) қосылып, 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі құрастырылыпты. Оның түркі халықтары фонемаларын қаншалықты дұрыс бейнелейтіні беймәлім. Бірақ оны әзербайжан, өзбек, түркімендер қабылдаған жоқ. Ал түріктер болса, кезінде «ng» таңбасы зардабынан жоғалған төл «ң» дыбысына да оралар емес. Ойға қалдырар өнеге.
Қазақ әліпбиінің жобалары түрік және ағылшын таңбаларын негізге алу арқылы екі бағытта көрініс береді.
Бірінші бағыт ортақ түркі әліпбиі туыс халықтардың ынтымақтастығын нығайтатындығын тілге тиек етеді. Бірақ ынтымақтастық әліпбиден гөрі мәдени, саяси, экономикалық, т.б. қатынас факторлары бойынша көрінетіні белгілі. Әріп таңбасы ұлттық не түркілік оқшаулануға негізделмеуі абзал. Ақпарат беретін әріп таңбалары баршаға ортақ. Керек адам латын таңбасына негізделген кезкелген әліпбиді меңгере алады. Өйткені көп ел латынның негізгі 22 таңбасын аздаған толықтырумен пайдаланады. Түріктер де латынның 22 таңбасына алты әріп (ç, ş, ğ, ö, ü, ı) қосып әліпби жасаған. Осы әліпбиге бес таңба (ä, x, q, ñ, w) қосылып, 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі құрастырылыпты. Оның түркі халықтары фонемаларын қаншалықты дұрыс бейнелейтіні беймәлім. Бірақ оны әзербайжан, өзбек, түркімендер қабылдаған жоқ. Ал түріктер болса, кезінде «ng» таңбасы зардабынан жоғалған төл «ң» дыбысына да оралар емес. Ойға қалдырар өнеге.
Дегенмен, осы ортақ әліпбиге өз тіліміз тұрғысынан қарайық. Бұл әліпбиді қабылдасақ, ондағы 8 әріпті (қазіргі 9 әріп сияқты) қосымша пернеге орнатуға тура келеді. Соның салдарынан интернет, ұялы телефондағы «сақау» жазуымыз жалғаса бермек. Әрі мәтінде астылы-үстілі белгілер өріп жүр. Ең бастысы, әріптердің қазақ сөзінде кездесу жиілігі ескерілмеген. Сондықтан бұл бағытты төл әліпбиге қолайлы көрмедік.
Екінші бағыт негізге алған ағылшын әліпбиінде латынның 22 таңбасы төрт әріппен толықтырылған. Пайымдап қарасақ, латын таңбаларын негізге алған елдердің ешбірі (оның ішінде түрік те, ағылшын да) жаңа әліпби таңбаларын ойлап шығармаған - латын таңбалары мен белгілерін пайдаланған. Сондықтан өз әліпбиіміз үшін қайсысын алсақ та, төркіні - осы латын таңбалары. Ендеше өзімізге тиімдісін, қолайлысын таңдауымыз керек.
Біздіңше, компьютер мен ұялы телефон пернетақтасында бар ағылшын таңбаларын алу тиімді. Одан тілімізге ағылшын тілінің үстемдігі орнай қоймады. Кезінде кеңес өкіметінің отары болғандықтан, орыс тілі дыбыстарын емлесімен қабылдауға мәжбүр болғанбыз. Қазір тәуелсіз елміз. Таңба ағылшындікі болғанмен, жазылуы, оқылуы және тіл емлесі өзіміздікі. Екі тілдің емлесі екі басқа. Яғни тілдің төл заңдылықтарына ағылшын ықпалы жүрмейді. Әрі қазақ әріптерін қосымша пернеге орнату азабынан құтыламыз. Тек тіл дыбыстарына пернетақтадағы таңбаларды тиімді пайдалану амалдарын қарастыру керек. Осы мәселеге ой жүгіртіп көрейік.
Тіл дыбыстары. Қазақ әліпбиінің негізін 28 төл дыбысы құрайтыны даусыз. Жаңа әліпбиге «ф», «х», «в» дыбыстары қосыла ма, жоқ па? Пікірлер әралуан. Мәселені анықтау үшін бұлардың тілімізге ену сипатын пайымдайық.
Тарихи сипаты. Арабтар Дешті Қыпшақ даласын жаулап алғаннан бастап ислам діні мен араб жазуының үстемдігі орнайды. Нәтижесінде көне түркі жазуы қолданыстан шығарылады. Араб жазуының ықпалымен жергілікті халықтар тіліне «ф», «х», «һ», «ў» дыбыстары ене бастайды. Бұлар ертедегі түркі ғұламаларының еңбектерінде және кісі есімдерінде жиі кездеседі (Фараби, Хорезми, Қожа Ахмед, т.б.). Бұл дыбыстардың тарихы түркі тілдерінде мың жылдан асады екен.
Әлеуметтік сипаты. Жоғарыда айтылғандай, аталған дыбыстар қазақ халқы ұлт ретінде қалыптасудан көп бұрын келген. Сөйте тұра, олардан төрт-бес ғасыр кейін қалыптасқан қазақ үшін олар неге кірме саналады? Жауап іздеп көрейік. Халықтың дені сауатсыз заманда аз санды оқығандар араб-парсы жазуларын пайдалану арқылы араб-парсыда жоқ, тек түркілерге тән кітаби тілді туғызады. Ал оқымаған қара халық кірме сөздердегі «ф», «х», «һ», «ў» дыбыстарына тілдері келмей, өз айтуларына бейімдейді. Бірақ оқығандар да, оқымағандар да - бір халықтың өкілдері. Бұл кірме дыбыстардың түркі тіліне екі жолмен ену үрдісін көрсетеді. Ақыр соңында «ф», «х» дыбыстары қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ та бар, тілдеріне сіңісіп кетті. Ал «һ» дыбысы кейбір түркі тілдеріне сіңгенімен, қазақ тіліне беки алмады.
Ресей билігінің ықпалымен тілімізге «в» дыбысы еніп, екі-үш ғасырда-ақ орныққаны белгілі. Шет елдермен қатынас, ғаламдық ақпарат және ғаламтор әлемінде кездесетін жат сөздерде осы «ф», «х», «в» дыбыстары жиі ұшырасады. Бүгінгі ақпарат тасқынында жат сөздерді дереу аудару немесе дәл балама табу оңай емес. Жат сөздерді тілге бейімдеп, сөздік қорға қосуда бұл дыбыстар елеулі қызмет атқара алады. Олар жалқы есімдерде де жиі кездеседі.
Артикуляциялық сипаты. Қазақтың дыбыстық аппараты көптеген жат дыбыстардың ішінен осы үш дыбысқа ғана сан ғасырлардан соң әзер бейімделеді. Жат дыбысқа тұтас ел тұрмақ, жеке адамның дыбыстық аппаратының бейімделуі оңай емес. Қазір аталған үш дыбыстың тілімізге сіңісті болғаны сонша, оларды басқаша жазу, оқу, айту өзімізге ерсі көрінеді. Салыстырыңыз: «фонетика - пәнетике», «морфология - морполоғия немесе мөрпөлөгие», «ватт - бат», «вольт - болт немесе бөлт», т.б. Яғни, төркіні жат «ф», «х», «в» төл дыбыстар қатарына енгені байқалады. Ендеше тұтас елдің дыбыстық аппаратын қайта өзгерту мүмкін емес. Сөйтіп, «ф», «х», «в» әріптерін әліпби жобасына қосуды қолдаймыз.
Дәйекше. Біз пернетақтадағы 26 таңбаны өз дыбыстық жүйемізге орай оңтайлы пайдалану амалдарын ұсынамыз. Кеңейтілген латын әріптерінің астылы-үстілі белгілері көп және қосымша перне керек. Бір дыбыстың екі-үш әріппен берілуі жазуға, оқуға ыңғайсыз әрі үнемсіз. Сондықтан бір дыбысқа бір таңба белгілеп, қосымша таңбаларға жалғыз дәйекше белгісін алуды ұсынамыз. Белгі компьютерде « ˴ ̃» таңбалы бос пернеден қойылады. Орын үнемдеу үшін әріптің дәл үстіне түсетін 0301 Код белгісі тиімдірек. Ал ұялы телефонда тиісті әріптен соң «1» пернесін үш рет басса, дәйекше қойылады.
Тілдің ерекше дыбыстары. Оларды дәйекшемен белгілеуден саналы түрде бас тарттық. Өйткені әліпби ерекше дыбыстарды қосымша белгілеуге емес, тілдің төл заңдылығына, дыбыс жиілігіне негізделуі тиіс. Оны соңыра қарастырамыз.
Дифтонг дыбыстар. Әліпби жобаларында «и» (ый/ій), «у» (ұу/үу) әріптеріне қатысты даулы пікірлер бар. Бұл дифтонгтар орыс тілі ықпалымен пайда болған дейтін ой басымдау. Бірақ орыс тілінде «ұ», «ү», «і» дыбыстары жоқ, «ы» қазақ тілінен өзгеше дыбысталады. Олай болса, қазақтың «и» (ый/ій), «у» (ұу/үу) әріптері орыстың «и», «у» әріптерімен бір емес. Қазақта «и», «у» дыбыстары жеке айтылмайды. Жеке немесе дауыссыздардан соң алдында «ы/і», «ұ/ү» дауыстылары еріксіз айтылады. Сондықтан қосарлы (дифтонг) дыбыс саналады. Дифтонг дыбыс таңбалары орын үнемдеу үшін қызмет етеді.
Қосардың соңғы үні - дауыссыз «й», «ў». Сондықтан дауыстылардың алдында келгенде, екі дауысты қатар келеді деп жаңсақ ұғудың жөні жоқ. Олар дауыстылардан соң жалаң дауыссыз «й», «ў» болып қалады. Екі жағдайда да бұлар өзге дыбысқа айналмайды және сөз мағынасына еш нұқсан келмейді. Сөйтіп, бұл дыбыстар «i», «u» (и, у) әріптерімен белгіленеді.
Дифтонг сөз мағынасын сақтай отырып, таңба үнемдеу үшін керек. Қалың оқырманның жазуына жеңіл, оқуына оңтайлы болуы және сөздің түсінікті жеткізуі көзделеді. Ал фонетикалық талдау оқу үрдісіне тән. Оған үйрету мұғалімнің кәсіби әрекетіне кіреді.
Осы орайда мына мәселеге назар аударғым келеді. Мысалға, «оқы», «бекі» етістіктеріне «у» жұрнағы жалғанса, «оқу», «беку» болып жазылып, «оқұу», «бекүу» түрінде оқылатыны белгілі. Бұл құбылыстың түсіндірілуі әртүрлі: 1) «ы/і» дауысты «у»-мен алмасады; 2) «ыу/іу» түрінде оқылады; 3) «ы/і» түсіп қалады. Олардың дұрысын анықтау үшін түбір мен жұрнақтың жалғану көрінісін елестетейік: оқы+ұу, бекі+үу. Осы жерде мыналарды ескерейік: 1) еріндік «у» езулік «ы/і» дыбыстарымен үндеспейді; 2) қазақ тілінде екі дауысты («ы/і» және «ұ/ү») қатар айтылмайды, алдыңғысы түсіп қалады. Демек, «ы/і» түсіп қалып, «ұу/үу» қосарлы дыбыстары айтылып тұр.
Сұлбалас әріптер. Бір әріп дәйекше арқылы екінші дыбысты білдіреді. Ондай екі әріп сөз ішінде қатар жазылмайды. Өйткені дәйекшесі болғанмен, қатарласқан бір таңба қабылдауға кері әсер етеді. Жобадағы «a-á» (а-ә), «o-ó» (о-ө), «w-ẃ» (ұ-ү), «f-f́» (ф-в), «h-h́» (қ-х) әріптері қазақ сөзінде қатар кездеспейді.
Әріптердің жазылу жиілігі. Бұл жиілік дыбысқа әріп белгілеуде ескеріледі. Әріптер жазылу жиілігіне қарай былай бөлінеді: барлық көріністе жазылатындар - «белсенді», бір көрінісі кем, бірақ қосымшада кездесетіндер - «белсендірек», түбірде бар, қосымшада жоқ әріптер - «енжар».
Ұсынылған жобаларда негізге алған әліпбиде жоқ дыбыстарға дәйекше берілген. Біздіңше, оны енжар бес әріпке тағайындау тиімді. Ол дауыстының жіңішке, дауыссыздың ұқсас нұсқасына қойылып, сөздің тек 1-буынында кездеседі. Екі дәйекшелі әріп қатар келмеуі ескеріледі. Жазуға жеңіл, үнемді, оқуға оңтайлы, үйретуге ыңғайлы.
Әріптердің жиілік белсенділігіне қарай топтатырылуы (латын таңбалары қалың теріліммен берілді):
Белсенді әріптер: а-a, е-e, ы-y, і-v, и-i, у-u, р-r, л-l, м-m, н-n, з-z, с-s, ш-c, п-p, к-k, қ-h,т-t.
Белсендірек әріптер: б-b, г-g, ғ-q, д-d, ң-x.
Енжар әріптер: ә-á, о-o, ө-ó, ұ-w, ү-ẃ, ж-j, ф-f, в-f́, х-h́.
Құранды дыбыс әріптері: дж-dj, ц-ts, ч-tc, щ-cc, ю-iu, я-ia.
Бұлардың ішіндегі дәйекшелі бес әріп: ә-á, ө-ó, ү-ẃ, х-h́, в-f́.
Жазып үйренуде төмендегі өзгертілген әріптерді назарда ұстаған жақсы:
ә-á, ө-ó, ү-ẃ, х-h́, ы-y, і-v, ғ-q, ш-c, ң-x, қ-h, в-f́.
Мысал: áke, óner, ẃnem, kẃn, h́abar,cyny, jnj, aqa, car, tax, hazah, f́agon.
Жазу емлесіне үйрету. Әріптердің сөзде жазылуы емлесі жиілік белсенділігіне қарай «бағдаршам» әдісімен үйретіледі. «Бағдаршамның» жасыл түсі белсенді әріптерге, сары түсі белсендірек әріптерге, қызыл түсі енжар әріптерге сәйкес келеді. Грамматикалық категорияларды осы әдіспен үйретудің тиімділігін өз тәжірибемде көріп жүрмін.
Үндестік емлесі.
1 Буын үндестігі. Бұл заңға кірме сөздер де бағынуы тиіс. Алайда қазақ тіліне ертеден сіңіп, буын үндестігіне бағынып кеткен сөздердің өзі бұрмаланып жазылып жүр. Мысалы: «кітәп - кітап», «мұғалым - мұғалім», «кінә - кіна», «күнә - күна», «әріп - қаріп».
2 Іргелес үндестік. Түбір мен қосымша және біріккен сөздер арасында кездеседі. Сөйлеу тілінде жиі байқалады. Қазір оның бұрмалану көріністері біріккен сөздерде жиі байқалады. Басты себеп - біріккен сөздердің түбірін сақтап жазу ұстанымы. Мысалы, «шекара», «көкөніс», «Ақорда», «Сарыарқа», «Сарыағаш» сөздері осылай жазылып, осылай оқылып жүр. Ал бұрын бұл сөздер айтылуы бойынша «шегара», «көгөніс», «Ағорда», «Сарарқа», «Сарағаш» деп жазылып, солай оқылатын. Біз біріккен сөздердің осылай жазылуын құптаймыз.
3 Ерін үндестігі. Бұл үндестік қырғыз тілінде қатаң, қазақ тілінде босаң көрінеді. Өйткені ерін үндестігі бізде 2-буыннан әрі әлсіз естіледі. Біздің жастар тұрмақ, аға буын өкілдерінің өзіне «ұзұн, ұзұндұқ, ұзұндұғұ» деп жазу да, оқу да, айту да, ернін шүйіру де оңай емес. Сондықтан «о/ө», «ұ/ү» әріптері қазіргі қалыпта сөздің алғашқы буынында жазылады.
4 Кірме сөздер емлесі жоғарыдағы үндестік заңдарына негізделеді. Бұл мәселеде өткен ғасырдағы Х.Досмұхамедов ұстанымдарын басшылыққа аламыз. Кірме сөздерді қабылдауға мәжбүр болған жағдайда орыс тілі нұсқасына емес, түпнұсқа тілге сүйенеміз. Сол нұсқадан үндестік заңдарына бейімдеп жазамыз, оқимыз, айтамыз.
Буын. Буын жігі дәстүрлі жағдайда сөз соңынан бастап 1-дауыстының алдындағы дауыссызды қамтиды. Бірақ бұл қатып қалған қағида емес. Дифтонг дыбысты әріптен соң дауысты келсе, буын жігі екеуінің аралығына түседі. Мысалы: су-ық. Дифтонгтің соңғы дыбысы дауыссыз «ў» болғандықтан, «сұў-ық» деп оқимыз. Буын жігі екі дауыстының арасында емес, дифтонг пен дауыстының арасында тұр.
Сөздік. Жаңа әліпби емлесі сөздік түзуге де өзгеріс енгізеді. Сондықтан емле түзілмей, сөздік түзу ертерек. Осы орайда мыналарға көңіл аударғым келеді.
Тұйық етістік. Грамматикалық анықтама бойынша, етістік іс-әрекеттің үрдісін (атауын емес), шағын, райын, реңін білдіреді. Есімге тән септік, тәуелдік және көптік (-лар/лер) жалғауларын қабылдамайды. Ал қазақ тіліндегі етістіктің «тұйық етістік» аталатын формасы аталған талаптардың біріне де сәйкес келмейді. Ол септік, тәуелдік және көптік (-лар/лер) жалғауларының бәрін қабылдайды. Керек болса, етістік категориясының қосымшаларын жалғау үшін тұйық етістіктің «-у» жұрнағын қайта алып тастауға тура келеді. Сөйтіп, «-у» жұрнағы әрекеттің атауын білдіретіні байқалады.
Кезінде Ы.Маманов өз оқулығында оны «қимыл есімі» деп атаған еді. Біз осы пікірді қуаттай отырып, бірақ оны «әрекет есімі» деп атауды дұрыс көреміз. Өйткені «қимыл» физикалық дене қозғалысына тән болса, «әрекет» оған қоса абстрактілік (ой) қозғалысты да қамтиды. Түркі тілдеріне қатысты «имя действия» ұғымы орыс тілінде де бар. Сондықтан «-у» жұрнақты сөздер «әрекет есімі» деп аталуы және есімдер тобына қосылуы дұрыс болмақ.
Инфинитив (неопределенная форма глагола). Сөздіктерде орыс тілі етістігінің инфинитивіне сәйкес қазақ тілінде «тұйық етістік» формасы беріліп жүр. Әрекет атауы етістіктің инфинитиві бола алмайтыны белгілі. Шет тілдері (неміс, араб, парсы) сөздігін алып қарасақ, инфинитив форма үшін өткен шақ етістіктің жекеше ІІІ жағы алынған. Біздің тілімізде түбір етістік, яғни бұйрық райдың жекеше ІІ жағы еш өзгеріссіз инфинитив бола алады.
Жоғарыдағылардың негізінде әзірленген әліпби нұсқасын ұсынамын.
Оңтайлы әліпби: 26+1
Компьютер мен ұялы телефон пернетақтасына ыңайланған бұл нұсқа әліпби жобаларына ұсынылған жоқ. Пайдаланушылардың көңілінен шықса, ұсынбақ ойым бар.
№ |
Кирил |
Латын |
№ |
Кирил |
Латын |
1 |
А а |
A a |
17 |
О о |
O o |
2 |
Ә ә |
Á á |
18 |
Ө ө |
Ó ó |
3 |
Б б |
B b |
19 |
П п |
P p |
4 |
Г г |
G g |
20 |
Р р |
R r |
5 |
Ғ ғ |
Q q |
21 |
С с |
S s |
6 |
Д д |
D d |
22 |
Т т |
T t |
7 |
Е е |
E e |
23 |
У у |
U u |
8 |
З з |
Z z |
24 |
Ұ ұ |
W w |
9 |
Ж ж |
Jj |
25 |
Ү ү |
Ẃ ẃ |
10 |
Й й |
I i |
26 |
Ш ш |
C c |
11 |
К к |
K k |
27 |
Ы ы |
Y y |
12 |
Қ қ |
H h |
28 |
І і |
V v |
13 |
Л л |
L l |
29 |
Хх |
H́ h́ |
14 |
М м |
M m |
30 |
Фф |
F f |
15 |
Н н |
N n |
31 |
В в |
F́ f́ |
16 |
Ң ң |
X x |
- |
|
|
Біз пернетақтадағы 26 таңбаны өз дыбыстық жүйемізге орай оңтайлы пайдалану амалдарын ұсынамыз. Кеңейтілген латын әріптерінің астылы-үстілі белгілері көп және қосымша перне керек. Бір дыбыстың екі-үш әріппен берілуі жазуға, оқуға ыңғайсыз әрі үнемсіз. Сондықтан бір дыбысқа бір таңба белгілеп, қосымша таңбаларға жалғыз дәйекше белгісін алуды ұсынамыз. Белгі компьютерде « ˴ ̃» таңбалы бос пернеден қойылады. Орын үнемдеу үшін әріптің дәл үстіне түсетін 0301 Код белгісі тиімді. Ал ұялы телефонда «1» пернесін 3-рет басса, дәйекше шығады.
Әріптер жазылу жиілігіне қарай былай топтастырылды. Барлық көріністе жазылатындар - «белсенді», бір көрінісі кем, бірақ қосымшада кездесетіндер - «белсендірек», түбірде бар, қосымшада жоқ әріптер - «енжар».
Ұсынылған жобаларда дәйекше негізге алған әліпбиде жоқ дыбыстарға берілген. Біздіңше, оны енжар бес әріпке тағайындау тиімді. Ол дауыстының жіңішке, дауыссыздың ұқсас нұсқасына қойылып, сөздің тек 1-буынында кездеседі. Екі дәйекшелі әріп қатар келмеуі ескерілді. Жазуға жеңіл, үнемді, оқуға оңтайлы, үйретуге ыңғайлы. Әріптердің жиілік белсенділігі төменнен байқалады.
Белсенді әріптер: а-a, е-e, ы-y, і-v, и-i, у-u, р-r, л-l, м-m, н-n, з-z, с-s, ш-c, п-p, к-k, қ-h,т-t.
Белсендірек әріптер: б-b, г-g, ғ-q, д-d, ң-x.
Енжар әріптер: ә-á, о-o, ө-ó, ұ-w, ү-ẃ, ж-j, ф-f, в-f́, х-h́.
Бұлардың ішіндегі дәйекшелі бес әріп: ә-á, ө-ó, ү-ẃ, х-h́, в-f́.
Құранды дыбыс әріптерінің жазылуы: дж-dj, ц-ts, ч-tc, щ-cc, ю-iu, я-ia.
Жазып үйренуде төмендегі өзгертілген әріптерді назарда ұстаған жақсы:
ә-á, ө-ó, ү-ẃ, х-h́, ы-y, і-v, ғ-q, ш-c, ң-x, қ-h, в-f́.
Мысал: áke, óner, ẃnem, kẃn, h́abar,cyny, jnj, aqa, car, tax, hazah, f́agon.
Аюбай Кәкімбек Қалиұлы,
«Тіл» оқу-әдістемелік
орталығының оқытушысы,
Алматы қаласы
Abai.kz