Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 10170 0 пікір 28 Ақпан, 2013 сағат 11:22

«Үш Ноян» және «Граф Монте Кристо»

Әр кітап дүкені мен кітапханалардың сөресіне көз жүгіртсеңіз қазір замануи кітаптардың орысша нұсқасы толып тұр. Бұл қазіқ тілді кітаптарға сұраныстың жоқтығын көрсете ме қалай? Дегенмен, ұсыныс болса кез-келген дүниенің иесі табылады.

Кешегі ата-баба мен ертеңгі ұрпаққа дейін қастерлеп оқитын кітаптар бар. Олардың бірі - «Үш Ноян» мен «Граф Монте Кристо». Өткінші дүниедегі ең басты қасиетті дүниелерді - адамгершілік пен адалдықты, парасаттылықты, әділдікті ту еткен басылымдар талай ұрпақ пен жеткіншектерді тәрбиелеп келе жатыр. Оның барлығы француз жазушысы Александр Дюманың туындысында айқын көрінеді.

Эдмон Дантестің қайсарлығы мен тағдырдың ауырлығына төтеп бере алуы оқырмандарды ерлікке жетелейді. Ал, «Үш Нояндағы»  дʾАртаньян достыққа бекемдігі, Портос, Атос, Арамис сияқты үш ноянмен бастан өткізген оқиғалары кез-келген оқырманды қызықтырады.

Сонымен қатар, Стиг Ларсонның «Девушка с татуировкой дракона», Ли Чайлдың «Враг», «Поле смерти»,  Дэн Браун «Код да Винчиі» сияқты кітаптары аударылу үстінде. Жоспар бойынша бұл аталмыш туындылар алдағы уақытта оқырманға жол тартады.

Ал, қазіргі уақытта кітап сүйер қауымға Александр Дюманың «Үш Ноян» мен «Граф Монте Кристосын» алып оқуларына болады. Осы аталмыш кітаптарды қолына алып оқыған әр адам өзін шексіз-шетсіз қызыққа толы әлемге енеді.

Александр Дюманың шығармаларында баяндалатын оқиғалар сондай шынайы, нанымды, тіпті сол кейіпкерлердің барлығы сол заманда өмір сүріп келгендей көрінеді. Оған Парижде дʾАртаньянның құрметіне қойылған мүсін дәлел. Орыс жаушысы А. И. Куприн дʾАртаньян туралы былай деген екен: «Қандай ғажайып тұлға! Кедейлік пен тәкаппарлық, ысырапқорлық пен үнемшілдік, көзсіз ерлік пен ақжүрек биязылық бір басынан табылады...». Ал, Граф Монте Кристодағы Иф қамалына қамалған Эдмонның қайсарлығына қалай тәнті болмайсыз. Осының барлығы кез-келген оқырманды бейжай қалдырмасы анық. Әр біреуіңіздің жүрегіңізден орын алып, тек қана үлкен қуаныш сыйлайтын туындылар осы жылы оқырманына қайта жол тартып отыр.

Қазіргі таңда қазақ оқырмандары азайған жоқ. Тек оларға оқитын кітап шығарып, қолдарына тарататын адамдар аз. Мемлекет, жеке тұлға да өз мәдениетін, өркениетін, ой-парасатын, өрісін оқу және оны тоқумен көтереді. Әр отбасы өз рухани байлығын дамыту арқылы елге ғана емес бар адамзатқа үлкен пайда әкеледі. Бүгінгі кітап дүкендерінен көріп жүрген кітап сөрелері қандай басылымдармен толған? Әрине, шетел және замануи туындылармен. Оның барлығы ана тілінде емес. Өз елімізде жүріп қазақ тілінде оқитын жақсы кітаптарды тауып алу кейде оңайға түспейді. Осының барлығы кітап саудасы мен таратудың дұрыс жолға қойылмай отырғанның салдарынан.

«Aбай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963