Сенбі, 23 Қараша 2024
1755 106 пікір 15 Желтоқсан, 2022 сағат 14:52

АҚШ ғалымдары "Жасанды күнді" жасап шығарды

АҚШ-тағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының (Lawrence Livermore National Laboratory) ғалымдары адамзат тарихындағы ең үлкен жобаны - «Жасанды күнді» іске қосты.

“Жасанды күн” дегеніміз – үлкен ядролық реактор, яғни атом ядросынан энергия алу болып саналады.  Атомның ядросындағы реакциядан энергия алу соңғы 50 жылдан бері қолданылып келеді. Бірақ ол уран атом ядросының ыдырап басқа кіші атомдарға айналу барысында шыққан энергияға негізделген. Ең бастапқыда, атом энергиясын қару ретінде қолданды, яғни атом бомбалары жасалды. Кейін энергетикалық мақсатқа да қолдануға болатынын біліп, АЭС-тер сала бастады. Бірақ бұл өте қауіпті саналды. Мысалы, Чернобль мен Жапониядағы АЭС жарылып, үлкен зардаптарға алып келді.

Сондықтан ғалымдар ядролық ыдырау емес, ядролық бірігу реакциясынан шығатын энергияға қатты қызыққан. Ондай құбылыс тек күнде ғана болады. Күннің ішіндегі сутек изотобы (проти мен тритий) бірігіп, гелий атомын түзеді. Олардың атомдары бірігу барысында өте жойқын энергия бөледі. Күнде бұл процесстің орындалуы қиын емес. Өйткені күннің массасы да, тарту күші де жерден әлдеқайда үлкен. Сондықтан реакция оңай жүреді. Ал жерде процесс, яғни сутек изотоптары қалыпты жағдайда өздігінен бірікпейді. Сондықтан реакцияны жүргізу үшін 250 млн ℃ температура болатын орта жасау керек. Сонда бар болғаны 4 млн ℃ температураға дейін қол жеткізуге болады. Яғни кірістен шығыс көп. Сондықтан ғалымдар төмен температура арқылы реакцияны жүргізудің жолын іздеумен келді. Бұл технологияны іске асырған ел – әлемнің қожасы болады. Себебі өмір бойы энергия үшін мұнай мен газға күні қарамайды.

Адамзатқа арман болған, адамзат тарихындағы осы бір әйгілі жобаны жоғарыдағы аталған АҚШ-тағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының ғалымдары сәтті жасадық деп 2022 жылы 13 желтоқсан, сағат 10:00 де ресми түрде жариялады.

Олардың айтуы бойынша АҚШ ғалымдары лазер техникасын қолданып 2.05 мегажоул энергия жұмсау арқылы 3.15 мегажоул энергия алған, яғни, жұмсалған энергиядан 50% көп энергия алған. Бұндай жетістік адамзат тарихында әлі күнге дейін болған емес. Бұл энергияны алудағы  шикізат көзі – жәй ғана су болмақ. Жер шарының  жартысынан көбі су екенін ескерсек, бұл әрі тиімді, әрі өте таза энергия көзі болмақ. Егер реакторлар жарылса уран қолданатын АЭС сияқты улы заттар тарамайды. Қысқасы адамзат қолымен жасалған алғашқы «күн» пайда болайын деп тұр.

 

Abai.kz

106 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523